astana-view

Мораторий бизнестің еркін тыныстауына мүмкіндік берді

2015 жылғы 16 Ақпан
11270 просмотров

Былтырғы жылы, «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, бизнес-ортаны бұдан арғы түбегейлі жақсарту мақсатында, 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ШОБ-ты тексеруге мораторий жарияланды.

ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті Хатшылығының басшысы Юрий Тілеумұратовтың ШОБ тексерістерімен арадағы жағдайдың қаншалықты өзгергені, мораторийдің нені бергені, Елбасының осы жарлығын кәсіпкерлердің өздері қалай қабылдағаны жайлы айтып беруін өтінген едік.

«Тексерістермен арадағы жағдай түбегейлі өзгерді. Егер 2013 жылы тексерістердің 2/3 бөлігі дәл осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қозғаған болса, 2014 жылы, керісінше, тек 1/3 бөлігін (көбінесе, ірі бизнес). Тәуекел тобы жағынан жүргізілетін тексерістер құрылымы айтарлықтай өзгерді. Сонымен, 2014 жылда жоғары тәуекел тобымен тексерістердің үлес салмағы 35,0% құраған (тәуекел дәрежелерімен 59 546 тексерістен 20 816), ал былтырғы жылда 18,8% болған еді. Яғни мораторийді енгізу мемлекеттік органдардың жоғары тәуекел тобында тексерістердің үлес салмағын екі еседен артық көбейтуіне сеп болды, бұл да шешімнің дұрыс болғандығын растайды. Маңыздылығы төмен тәуекел тобында тексерістердің үлес салмағы 46,5% құрап отыр, ал 2013 жылы 58,1% болған. Бұл топта төмендеуге қарай жылжу белгіленгенмен, оның қарқыны болмашы ғана. Ерекше қажеттілік туындамайтын жерде «үрейлендірудің»  қажеті қанша, тексерістер санын ұлғайтумен емес, олардың тиімділігіне, әсіресе, бұзу қаупі жоғары жерлерге назар салумен айналысқан жөн емес пе, деген сауал туындайды. Біздің ойымызша, тәуекел дәрежесі жоғары топтағы тексерістердің үлес салмағы шамамен 60 %, орта тәуекел тобында 30 %, ал маңыздылығы төмен тәуекел тобында 10 %-дан аспауға тиіс», - дейді Юрий Тілеумұратов.

- Юрий Жұмабайұлы, барлық көріністі сандармен көруге бола ма? Және де ол мемлекеттік органдар тарапынан қатаң бақылаусыз да бизнесті жүргізуге болатынын дәлелдейді ме?

- Әрине. Ескере кетейін, ШОБ-тың көлемдік көрсеткіштері айтарлықтай ұлғаюда. Сонымен, тіркелген ШОБ субъектілерінің саны - 120 648 бірлікке немесе 7,9%, ШОБ белсенді субъектілері -  28 471 бірлікке немесе 3,3%, ШОБ-та жұмыс жасаушылар - 262,7 мың адамға немесе 10,0%.

Ал ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы туралы айтар болсақ, онда 2014 жылғы 9 ай ішінде ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 10 трлн. 132,4 млрд. теңгені құраған, ал 2013 жылғы осындай кезеңде бұл көрсеткіш 6 трлн. 522 млрд. теңгені құраған, бұл 55,4% өсім. Оның үстіне, 2014 жылғы 9 ай ішіндегі өнім шығару күллі 2013 жыл бойындағы көрсеткіштен асып отыр (2013 жыл бойында ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 9 трлн. 165,4 млрд. теңгені құраған), 4,7 млн теңгені құрап отырған ШОБ-тағы еңбек өнімділігінің айтарлықтай өсуі, 2013 жылмен салыстырғанда 34,3% ұлғаюы. Яғни 2014 жыл ішінде алдағы 9 жыл бойғы орташа жылдық өсімнен ШОК-тағы еңбек өнімділігінің (алдыңғы жылға қатысты) бір жарым есе жоғары өсуіне қол жеткізілді (21,9%).

Осының бәрі Елбасының шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялау шешіміне ШОБ-тың барабар жауап қатқанын көрсетеді. ШОБ-қа тексерістер жүгізуге қойылған шектеу бизнестің мемлекеттік органдар жүргізетін ешкімге қажеті жоқ тексерістерден еркін тыныстауына мүмкіндік берді. Қауіпсіздік және заңдылық мәселелері күшін жоймағандықтан, мораторийдің жүз пайыз болмағанын атап өту керек, және де мемлекеттік органдар ойсыз және еш нәтиже бермейтін, керісінше көбінесе мемлекеттік органдардың өздері мен бизнесті өздерінің негізгі міндеттерін орындауда алаңдататын қаптаған тексерістерді жүргізусіз жағдайды қадағалап отырды.

2014 жылғы  мораторий нәтижелері бұдан арғы тексерістерді тәртіпке келтірумен бірге жазалаудан ескерту немесе алдын алу тексерістеріне қарай, тексерістердің біршама  мақсаттық бағытына қол жеткізу жағына ұстанымдардың өзгергенін анық байқатады. Тексеруші мемлекеттік орган үшін мақсаттық топ саясаты мен оның реттеу тәжірибесін болашақта түзету мақсатында тексерістер өз тобының түйткілдері мен жетістіктері жайлы объективті әрі сенімді ақпараттың алғашқы көзі болуға тиіс.

2014 жылдың соңында кәсіпкерлікті қолдаудың түбегейлі шаралары туралы заң қабылданды. ҰКП осы заң жобасын дайындауға қалай қатысты?

- 2014 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Заңмен 11 кодекс пен 94 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заңды дайындау және қарау кезінде әрекеттегі заңнамаға 1 860 түзету дайындалып, қарауға енгізілді. ҰКП-да әрекеттегі заңнамаға барлығы 400-ден астам түзету дайындалып, ұсынылды, оның ішінде 152 заңға енгізілді. Енгізілген өзгертулер әкімшілік кедергілерді айтарлықтай қысқартуға және бизнестің бірқатар түйткілдерін шешуге көмектесті, соның ішінде: IV санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар алу бойынша талап алынып тасталды, арнайы салық тәртібі бойынша жұмыс жасайтын шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу төлемі мен қажеттілігі күшін жойды, орнатылған ластаушы заттарды шекті жол берілетін шығарулар мен тастаулардың  әрекет ету мерзімі және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының әрекет ету мерзімі ұзартылды (I, II, III санат нысандары үшін он күнтізбелік жыл, IV санат мерзімсіз).

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың болу түйткілі шешілді (жоғары эпидемиялық маңызы бар нысандар құрылыстары мен қалпына келтіру жағдайында ғана талап етіледі), іздеу және бағалау жұмыстары жобалары үшін, өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге жобалық құжаттар үшін және басқаларына санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу күшін жойды.

Сонымен қатар заңның өзін даярлау кезінде ҰКП қатысуымен бизнестің біршама өзекті түйткілдері шешілді. Мысалы, коммерциялық мақсатта жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде жергілікті атқару органдарының шешімін алу талап етілмейді, қымбат тұратын әрі ұзақ уақыт алатын нысанды пайдалануға беру процедурасы жеңілдетілді – 2016 жылдан бастап нысандарды тапсырыс берушінің өзі, мердігер мен техникалық қадағалау өкілі пайдалануға қабылдайтын болады, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тіркеу кезіндегі төлемдері жойылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін құрылтайшы шартты міндетті нотариалдық куәландыру түйткілі шешілді.

Осы заң аясында қабылданған өзгертулер әсері – бизнес үшін өндірістік емес шығындардың, түрлі рұқсаттар алу мерзімдерінің қысқартылуы, бизнес қызметі тиімділігін көтеру, бизнестің билікпен әрекеттестігі кезінде туындайтын жемқорлық деңгейінің төмендеуі.

ҰКП жасап шыққан өзге де өзгертулер мен толықтырулар экологиялық реттеу, салық салу, жер қатынастары, құрылыс, туризм, сауда және т.б. салалардағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер