astana-view

ҰКП қосарлас импортты ырықтандыруға қол жеткізбекші

2015 жылғы 10 Наурыз
7989 просмотров

ҰКП сарапшысы Шыңғысхан Сауранбаевтың сөзіне қарағанда, Палатаның арқасында тауар белгісіне айрықша құқықты түгесу қағидатының оңтайлы үлгісін жасау және қолдану мәселесі жақын арада Еуразиялық экономикалық комиссия жұмыс тобының кезекті отырысына талқылауға шығарылады.

Бұл мәселені отандық кәсіпкерлердің түрлі деңгейлерде бірнеше мәрте көтергенін, аталмыш мәселені Парламент Мәжілісі депуттатары мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың Үкіметке жеткізуге тырысқанын атап өтеміз.

Мәселенің мәнісі мынада, 2012 жылға дейін Қазақстанда құқықты түгесудің халықаралық қағидаты әрекет етіп келеді де, осының арқасында қазақстандық кәсіпкерлер сыртқы сауда операцияларын жүргізу кезінде қажет тауарды құқық иесінің келісуінсіз импорттау мүмкіндігіне ие болады.

«Халықаралық құқықты түгесу қағидаты тауарды тауар иесі кез-келген мемлекет аумағында азаматтық айналымға алғашқы енгізу кезінде тауар белгісіне деген құқықтың түгесілуін көздейді де, қосарлас импортты ырықтандыру тәуелсіз импортшылардың құқық иесінің келісуінсіз тек қана түпнұсқа өнімді әкелуіне сеп болады», - деп атады Шыңғысхан Сауранбаев.

Алайда Қазақстан Кеден одағына және ЕАЭО-ға кіргеннен кейін осы интеграциялық бірлестіктердің тауарлық нарықтарында тауар белгісіне деген құқықты түгесудің өңірлік қағидатын қолдану бойынша міндеттемелер қабылданады да, бұл осы мәселедегі келіспеушіліктердің туындауына желеу болады.

«Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдері Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге үш жылдан бері, Қазақстан аумағында Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық кеңістік  құрылғанға дейін болған зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты түгесу қағидатын қолдануды қайтару жайлы, яғни бұрындары әрекет еткен халықаралық қағидатқа көшу жайлы мәселе қызу талқылануда», - деді Шыңғысхан Сауранбаев.

Зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау саласында реттеудің бірыңғай қағидаттары жайлы Келісім қабылдануымен бірге, «қосарлас импортқа» тыйым салынғаны, кейін Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартта да қайталанғаны белгілі. «Басқаша айтқанда, бүгінгі таңда бірде бір адам тауар белгісінің құқық иесінің келісуінсіз тауарды кейін өткізу мақсатында ЕАЭО тысқары жерден түпнұсқалық тауарларды өз бетінше әкеле алмайды», - деп түсіндірді ҰКП сарапшысы.

Бір айта кететіні, Ресей мен Беларусьта құқықты түгесудің ұлттық қағидаты көп жылдан бері әрекет етіп келеді, яғни қосарлас импортқа тыйым салынған, бұл шетелдік елдер ресми дистрибьюторларының осы елдер нарықтарын монополиялауына әкеледі, себебі ұлттық, ендігі жерде өңірлік, құқық түгесу қағидатына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарды тек сауда таңбасы құқық иесінің рұқсатымен ғана әкелуге болады.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлердің тілектерін ескере отырып, бұл түйткілді бірнеше мәрте, оның үстіне түрлі деңгейлерде көтерген еді. Және де оның күш салуының арқасында белгілі бір әсер болды да. 2014 жылғы маусым айында қосарлас импорт мәселесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына шығарылып, оның қорытындысы бойынша мәселені қосымша зерттеп, келісілген ұстанымды жасап шығу үшін Одаққа мүше мемлекеттер өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Шыңғысхан Сауранбаевтың айтуынша, 2014 жылғы желтоқсан айында жұмыс тобының алғашқы отырысы өтіп, онда тауар белгісіне айрықша құқықты түгесу қағидатының оңтайлы үлгісін бұдан былай қолдану бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынылады.

Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық комиссия КО және БЭК мүше мемлекеттер тауарлық нарықтарында тауар белгісіне құқықты түгесудің өңірлік қағидатын енгізу және қолдану салдарын бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.

26 ақпанда аталмыш зерттеу қорытындысы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалығымен ЕЭК Алқасының екі мүшесі Тимур Сүлейменов пен Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен Қазақстан Үкіметінде өткен жиналыста талқыға түседі. Қосарлас импортты заңдастырудың ықтимал механизмдері қаралады.

«Біріншісі – бұл жергіліктендірілген өндірісі бар нарықтардан басқа барлық тауарлық нарықтарда халықаралық құқық түгесу қағидатын енгізу. Басқаша айтқанда, аталмыш норма, тікелей ЕАЭО аумағында өндірілетін тауар белгісі бар тауарларды қосапағанда, тауар белгісінің құқық иесі рұқсатынсыз түпнұсқалық тауарды үшінші тұлғалардың әкелу мүмкіндігімен құқықты түгесудің халықаралық қағидатын  көздейді», - деді Шыңғысхан Сауранбаев.
Екіншісі – бұл дәрілік препараттар, медициналық техника және автомобильдердің қосалқы бөлшектері, тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар сияқты тауарлар түрінің тізбесін қоспағанда, қосарлас импортқа қатысты шектеуді болжайтын бірқатар тауар топтарына қатысты алып қоюмен құқықты түгесудің өңірлік қағидатын қолдану. Бұл тізбені ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекіту ұсынылып отыр, оған сәйкес белгілі бір түпнұсқалық тауарларды құқық иесінің келісуінсіз әкелуге болады.

ҰКП сарапшысы хабарлағандай, үстіміздегі жылдың 11 наурызында осы ұсынылған ықтимал механизмдердің барлығы Мәскеуде өтетін жұмыс тобы отырысының аясында қаралып, талқыланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер