astana-view

«Тәуекелге бел буа отырып..» 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда

2015 жылғы 07 Тамыз
18600 просмотров

-  Юлия Константиновна, осы жылдың шілде айында «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында міндетті әлеуметтәік сақтандыруды енгізу туралы заңжобасын талқылау бойынша тыңдалым өтті. Осы тыңдалымдарда ҰКП-сы осы мәселе бойынша өз ұстанымын білдіріп заңжобасын сынға алды. Сіздің ойыңызша, ҚР Денсаулық министрлігімен ұсынылған жаңаенгізілудің қандай кемшіліктері бар?

-  ҚР «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму және Денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылып отырған міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру аясындағы қаржыландыру үлгісі қазір жұмыс істеп жатқан үлгіні өзгерте алмайтындығын, тек оны жұмыс берушіден (5%) және жұмыскерден  (1%) міндетті аударылым түрінде қосымша қаржыландыру көздерімен толықтыратындығын бірнеше рет атап кеткен болатын.

Бізді толғандыратын ең басты сұрақ МӘМС жүйесін енгізгенде, аталған жүйе қалай жұмыс істейтін болады? Біздің ойымызша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ұсынылып отырған шаралар толық аяқталмаған және айқындалмаған. Әңгіме жұмыс берушіге және сондай-ақ жұмыскерге қосымша салмақ салуға қатысты болғандықтан, бұл аса маңызды мәселе.

Заңжобасында бір қатар қайшылықтар бар. Мысалы, ҚР Конститутциясында  халықтың тегін медициналық көмек көлемін алу кепілдігі құқығының бекітілгеніне қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі ТМККА мемлекеттік  қаржыландыруды тек жекелеген адамдар катергориясы үшін (18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне, сонымен қатар оған теңестірілген тұлғалараға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және т.б) ғана сақтап қалуды ұсынады. 

Қолданыстағы ТМККА аясында жұмыс істеуші азаматтар медициналық көмекті жұмыс берушінің міндетті аударылымының есебінен ғана ала алады. Яғни, сонда мемлекеттің кепілі жұмыс берушінің қаржылық есебінен шығуы керек па? Біз мұндай өтуді даулы деп есептейміз.

- Тыңдалымның қорытындысы бойынша сақтандыруға қатысушылардың  барлық жағынан  көңілінен шығатын қандай да болмасын бір шешім болды ма?

- Біз ұсынылған заңжобасын дайындаушылармен МӘМС-ды енгізу механизимін толықтыру мен жетілдіру туралы келіскен болатынбыз. 

Сонымен қатар біздің бірқатар сұрақтарымыз әлі де жауапсыз қалды. Мысалы, ауруханалар емделушілердің санының өсуіне шамасы келеді ма? Егер жұмыскер аудандық емханада тегін қаралатын болса және ол оның көңілінен шығатын болса, онда ол міндетті медициналық сақтандыруға төлем жасаудан бас тарта ала ма? Ерікті медициналық сақтандыру жүйесімен не болады?

Қазіргі уақытта еліміздің барлық жұмыскері, әсіресе, ірі компанияларда зиянды өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер жұмыс берушінің есебінен ерікті медициналық сақтандыруды қолданады. Егер заңжобасымен ұсынылған механизмді енгізетін болса, онда қазір жұмыс беруші төлеп отырған қызметтерді жұмыскердің өз қалтасынан төлеуге тура келеді.

Яғни, бұл, жаңа енгізулер бар Комитетке тек Министрліктің жекелеген құрылымдарына (КІМГЕ)  медициналық қызметтердің төлемін бөлу, қосымша қаржыны жинақтайьтын міндетті медициналық сақтандыру қоры дегенді білдіреді.Бізді сонымен қатар сақтандыру нарығына қатысушы - сақтандырушылардың, жеке медициналық клиникалардың және ассистент-компаниялардың бұдан арғы тағдыры толғандырады. Жаңа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде олардың рөлі қандай?

Осымен қоса КІМГЕ штатты кеңейту керек болады,  себебі туындап отырған сақтандырудың алаяқттығы және сот процестерінің көбеюі,  заңгерлер мен қаржыгерлерді көптеп тартуды қажет етеді. Ал  оларды ұстау шығынды көбейтеді.

Қазақстандық шенеуніктер әлеуметтік медициналық сақтандыруды жұмыс берушілерге түсетін салмақ деп қарамай , бұны салауатты өмір салты мен денсаулықты сақтауға ынталандыру екендігін түсінуі қажет

- ҰКП-ның  жасаған ескертуі  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қалай әсер етуде?

-  Министрлік міндетті әлеуметтік сақтандыруды  қосымша қаражат алу үшін енгізіп отырғандарын жасырмайды. Алайда мұндай ұсыныстар бюджеттік ақша «жетпейтін» басқа да мемлекеттік органдардан келіп түсуі мүмкін ғой( ал бұл бизнестің қаражаттары, тек бюджетке салық түрінде түсуде).

 Қаржылық салмақ түскен кезде бизнестің «құрдымға» кететінін де естен шығармау керек. Қызметкерлерге төленетін айлық жалақы, жұмыс орындары, сыйақылардың  қысқаруы басталады... Қоғамдық тыңдалымда тау-кен өнеркәсібі қауымдастығының төрағасы Николай Радостовец шенеуніктер тарапынан болатын осындай  әрбір ұсыныстардан кейін компания қызметкерлерді қысқарту тізімін жасай бастайтындығын атап кетті.

-  Ал қандай сұрақтар бойынша ортақ шешімге келдіңіздер?

-  Біз  дайындаушыларға ұсынылып отырған механизмнің әділетсіздігін,яғни, кәсіпкерлер бірдей қызмет көлеміне әр түрлі аударымдар төлемін жасайтын болатындығын, бұл жерде кәсіпорындардың еңбек жалақысын төлеу қорлары салық төлейтін объект болып табылатынын және олардың мөлшері ауытқып тұратынын дәлелдеп көрсеттік.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі есептеу объектісінің мөлшерлі шегін бекітуге уәде берді. Біз айлық жалақысының мөлшеріне қарамастан, барынша көп шегі деп, ең аз дегенде 6 еңбек жалақысын немесе 128 мың теңгені бекіттік. Біз сонымен қатаржұмыс берушілердің жарнасын  5% -дан 2%-ға түсіре алдық. Бірақ бұл деңгей жыл сайын өсетін болады. 

Біз қол жеткізілген келісімдерге қарамастан болашақтағы ММСҚ-ның жинаған қаражатының жұмсалуы бойынша есепті ұсынуды талап етеміз. Сонымен қоса, бізді  Қорды құру және ұстау бойынша қанша әкімшілік шығын  жоспарланып отырғандығы қызықтырады. Бұл аморфті құрылым емес қой, оның өзінің ғимараты, жұмыскерлері, еңбек жалақысы, ақпараттық жүйесі, филиалдары, көлігі және т.б болады деген сияқты..

Жұртшылықтың ұсынысы бойынша, біз  құрамына депутаттар, ірі қауымдастықтар мен жұмыс берушілердің қоғамшылдарынан  альтернативті тобын құрдық. Біз оның жұмысының қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қосымша ұсыныстар енгіземіз

Бізде заңнаманы егжей-тегжейлі талқылау үшін уақыт аз болғандықтан, ымыра есебінде аталған жүйені енгізуді 2020 жылға дейін мерзімін ұзартуды сұраймыз.

- Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшылығы олардың алдында болғандар сияқты қазақстандықтардың ақшасын алып шет елге кетіп қалуы мүмкін ба?

- Жаңа ұйымды құратын  кез келген  ведомоства мұндай тәуекелге бармайтыны анық. Керісінше, бізді басқалай сендіреді. Міне министрлікте осындай тәуекелді есепке алмай отыр, тіпті есепке алғысы да келмейді. Олар жұмыс істеп жатқан медициналық қызмет төлемі комитетінен  мемлекеттік қызметкерлер келгеннен кейін ММСҚ-ын  мүмкін болатын қауіптен сақтайтын реформа болады деп ойлайды.

-  Зейнетақы заңнамасындағы түзетулер мен міндетті медсақтандыруды енгізуді есепке ала отырып жұмыс беруші шамамен қанша аударым жасау  керектігі туралы  есеп бар ма?

- Заңнамадағы соңғы өзгертулерді және жоспарланып отырған реформаны есептесек,  2017 жылы әр түрлі қорлардан және бюджетке міндетті аударымдар еңбекті төлеу қорынан 40% -на жетеді. Жұмыскерден - 10% зейнет ақы аударымдары оған қосымша 10%  жеке табыс салығы. Жұмыс беруші  11%  әлеуметтік салықты аударады, оның ішінде 5% әлеуметтік аударым және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін 5% міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы бар. Бұған ауыр еңбек жағдайы үшін аударымды, жұмыскерлерді қызметтік міндеттерді орындау барысында оқыс оқиғалардан әлеуметтік сақтандыру  және  5%  міндетті медициналық сақтандыруды қосайық. Әлеуметтік міндет барысында( ДМС, жұмыскерлерді кезең алдындағы және рейске шығу алдындағы тексеріс және т.б)

Сондықтан да жұмыс берушілерді қосымша міндеттермен жүктемес бұрын олардың да біршама қаржылық салмақты- салық, әлуметтік, сақтандыру аударымдары және т.б көтеретінін ұмытпау қажет. Және міндетті әлеуметтік сақтандыруды ұсына отырып, орнына басқа нәрсені ұсыну керек. Мысалға, әлеуметтік салықты төмендету немесе осы сомаға корпоративтік табыс салығын азайту.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің пікірі бойынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сандарды қиыстырғанда, жұмыскердің және жұмыс берушінің төлемін бөлу қажеттілігін айтқанда бұлтарып отыр деп ойлайды. Бірақ шындығында солай көбінесе жұмыс берушілер өз жауапкершіліктерін жұмыскерлерге артып қояды. 

Сондықтан біз мемлекетке де, жұмыс беруші мен жұмыскерге де өзара тиімді шешімді табамыз. Барлық жерде мүдделердің теңдігі маңызды. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер