astana-view

Азат Перуашев: «Ресейлік бизнес Еуразиялық экономикалық одақта жасанды түрде үстемдік етіп отыр»

2015 жылғы 09 Қыркүйек
7997 просмотров

Ресей кеденшілері өз түйткілдерін қазақстандық тасымалдаушылар құқығын шектеместен шешуге тиіс

Парламент Мәжілісінің Депутаты Азат Перуашев ресейлік кеденшілердің Ресей арқылы транзитпен өтіп бара жатқан қазақстандық тасымалдаушылардың барлығына толық кедендік тексерісті бастағаны жайлы жаңалыққа түсінік берді.

Азат Перуашев қазақстандық бизнестің көршілес Ресейдегі жағдайдың қыспағында қалғанын басып айтты.

«Ресейдің батыс елдерімен санкциялық қарсыласу жағдайында отырғанын, және де тыйым салынған өнімдерді қайта экспорттау қаупі бар екенін түсінеміз. Бірақ бұл негізі Ресейдің мәселесі», - деп баса айтты мәжілісмен.

Азат Перуашев «Қазақстанның әлемдегі бір де бір елмен санкциялық қарсыласуда емес» екеніне назар аударды.

«Сондықтан да біз бұдан зардап шегуге тиіс емеспіз», - деді Азат Перуашев. Депутат қазақстандық-ресейлік шекарадағы жағдай туралы ақпарат расталса, онда ресейлік тараптың шығар жол тауып, «әділ де таза бәсекелестікке қауіп төндірмеуі керек» деп есептейді.

«Бүгінде бұл жағдайдың ресейлік кәсіпкерлердің ЕАЭО бірыңғай кедендік аумағында басымдылығын сақтау үшін және Ресей Федерациясы аумағында қазақстандық кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін шектеу үшін қолданылып отырғанын көріп отырмыз. Дей тұрғанмен, ресейлік компаниялар Қазақстанға еркін кіреді және олардың тауарлары еркін сатылады. Кез-келген дүкенге кіріңіз, онда қазақстандыққа қарағанда ресейлік тауардың көбірек екенін көресіз», - деп түйіндеді Азат Перуашев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер