astana-view

Бизнес салық салудың жаңа жағдайында аман қала ала ма?

2015 жылғы 21 Қыркүйек
8170 просмотров

Кәсіпкер Әсем Қожахметова салықтың көтерілуі күйінішті салдарға әкеледі деген ойда

Оның пікірінше, соңғы жылдары Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін 12% дейін төмендету, компания ашуды артық әуре-сарсаңсыз жеңілдету, тексерістердің барлық түрлеріне мораторий, ЖК салығын 3% төмендету сияқты ШОБ-ты қолдау тенденциясы байқалған. Бұл ашық жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Аталмыш шаралар жиынтығы түрлі салалардағы ШОБ дамуына алып келді.

«Осы жаңа енгізілімдердің барлығын бизнесті өз бетімше көтеру және жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға берілген мүмкіндік ретінде қабылдаған кәсіпкер мен боламын. Осы жылдар ішінде бір емес, бірнеше девальвацияны бастан өткердік, бірақ қазіргідей алаңдаушылық болмап еді. Себебі Мемлекет басшысы тарапынан ШОБ қоладу жасалды. Өз бизнесім тұрғысынан пайымдайын. Бірақ осы ойымды Қазақстандағы мыңдаған кәсіпкер құптайды деп ойлаймын, өйткені бизнес-процестердің қарапайым заңдарын ешкім алып тастаған жоқ, - дейді Әсем Қожахметова. – Мен азық-түлікті көтерме-бөлшек сатумен айналысамын. Өнімдерді Украина мен Ресейден әкелемін. Және де доллардың секірісі қалтама тікелей соққы беруде, себебі автоматты түрде сатылып алынатын өнімнің өзіндік құны мен көлік шығындары өседі, және де бұл жағдайда екі ғана шығар жолым бар: клиенттерге бағаны көтеру немесе азырақ алу, ал бұл, сәйкесінше, біртіндеп бизнесті жабуға алып келеді. Тұрақты клиенттер желісін алу үшін бірнеше жыл бойы ұқыппен еңбек етуіме тура келді, және де олардан айрылып қалғым келмейді, себебі оған қаншама күш, уақыт пен қаржы кетті. Еліміздегі экономикалық жағдайды бақылай отырып, доллардың өсіп бара жатқанына (онымен бірге рубль де) көз жүгірте отырып, бұл жолы да дүрлікпей, «қол-аяғым, басым орнында, алғаш рет болып отырған жоқ, көтерілеміз, бастысы жұмыс жасауға мүмкіндік берсе болды» деген үміт болды». 

Бірақ салық және кеден саясатына енгізгілері келетін жаңа заң жобасы көптеген сұрақтар тудырып қана қоймай, біршама абдыратып тастады.

«Бизнесмендеріміздің мұндай «алымға» төзе алмайтынын түсіну үшін көріпкел болудың қажеті жоқ. Оның салдары мынадай: не бизнес "көлеңкеге" кетеді, не жабылады. Бұл күтіліп отырған бюджет түсімдерін болдырмайды. Ал бұл дегеніміз – жаңа жұмыссыздардың өсуі. Оларды мемлекет бір амалын тауып, асырауы керек. Мемлекетіміз бұған дайын ба?», - деген сауал қояды бизнес-вумен.

Оның сөзінше, девальвациядан кейін клиенттерді сақтап қалу үшін, бұрынғы бағаларды қалдыруына тура келген, бірақ салық көтерілуін көтере алмасы анық. «Кеңсе мен қойманы жалға алу, қызметкерлерге жалақы төлеу, жарнама, көлік шығындары, интернет, телефония және т.б. шығындар бөлігін ешкім алып тастаған жоқ. Бизнесін енді ғана көтеріп жатқандар не істейді? Себебі бизнес – бұл табыс қана емес қой. Бірінші жыл – бұл таза шығын, (ақша салып, өзіңді таныту үшін, жарнамаға қосымша тағы қаражат жұмсап, оны айналдыруға тырысасың), одан әрі – нөлге шығу кезеңі, содан екінші жылы ғана сәті түсіп жатса, табыс көре бастайсың», - дейді кәсіпкер.

Әсем Қожахметованың ойынша, салық салудың жаңа жағдайларында бизнестің аман қалуын негізді түрде есептеп қою қажет.

«Бензин, коммуналдық қызмет, азық түлік және т.б. бағалары көтеріліп бара жатқанда, қалай бәсекелесеміз? Қарапайым қағиданы ұмытпау керек: қирату - құрастырмау. Ел болашағына алаңдаушы, Қазақстанымыздың өркендеуіне өзіміздің дене және ақыл-ой әлеуетімізді аямайтын жандар мына біз емеспіз бе», - деп мәлімдеді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер