astana-view

Төрт жылға созылған азап

2015 жылғы 22 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
8413 просмотров

Бизнесмен мемлекеттік орган қателігінен ауылшаруашылық мақсатындағы жерге құқығын тіркей алмаған.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мәмлүт ауданындағы филиалына «Ганжа» ШФҚ басшысы Александр Ганжа жүгінді. Бизнесмен үш жылдан астам уақыттан бері әділет органдарында ауылшаруашылық мақсаттағы жерге құқығын тіркей алмай жүр екен.

«Кәсіпкерді мұқият тыңдап шығып, қалыптасқан жағдайдың мән-жайын анықтап, аталмыш мәселені шешуде көмектесуге бел будық. Құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеуден кейін ұзақ мерзімдік жер пайдалану құқығын ұсынуға жасалған қаулыларда құқық иесі мен кәсіпкерлік қызмет субъектісі деректерін жазуда алшақтықтар бар екені анықталды. Кәсіпкерге көмектесу үшін, Александр Анатольевичтің еңбек қызметінің басына қайтып оралу қажеттілігі туындады», - дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Нина Василенко істің мәнісімен таныстыра келіп.

Филиал директоры берген ақпаратқа сәйкес, 1999 жылы Мәмлүт ауданы Дубровное ауылында Александр Ганжа отбасылық «Ганжа» шаруа қожалығын тіркейді. 2004 жылы тәжірибелі кәсіпкерге шаруа қожалығының қатысушылары ретінде ауылдастары бірлескен қызмет туралы шарт жасаса отырып, қосылады. Осылайша, 2005 жылы шаруа қожалығының базасында «Ганжа» қарапайым серіктестігі формасындағы фермерлік шаруашылық пайда болады, алайда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік «Ганжа» шаруа-фермерлік қожалығына беріледі.

«2011 жылы ШФ қожалығына жер бөлінеді де, «Шаруа немесе фермерлік қожалық туралы» Заңның 1 бабының бірлескен қызмет туралы шарт негізінде ортақ үлестік меншік базасында құрылған шаруашылық қарапайым серіктестік формасындағы фермерлік шаруашылық болып табылады деп анық жазылған 1 тармақшасын бұзып, шаура-фермерлік қожалығына қаулы шығарады. Яғни қаулыда «Ганжа» шаруа-фермерлік қожалығына емес, «Ганжа» қарапайым серіктестігі формасындағы фермерлік шаруашылыққа екені көрсетілуге тиіс. Аталмыш қаулыны тіркеуге жүгінген кезде оған құжаттарды сәйкестікке келтіріп, қайтадан келу қажеттігі түсіндіріледі. Осы кезде кәсіпкеріміздің азапты жүгірісі басталып кетеді», - деп жалғады сөзін Нина Василенко.

Кәсіпкер осы қаулымен аталмыш қаулының жобасын дайындаған аудандық жер қатынастары бөліміне жүгінеді де, оған деректердің жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінен жазылып алынғаны жайлы жауап қайтарылады. Салық комитетіне жүгінгенде оған шаруашылық атауы мен формасы аудандық әкімдік берген қаулыда көрсетілгенін айтады. Ал оның жобасын жер қатынастары бөлімі дайындайды. 2012 жылы қарапайым серіктестік формасындағы фермерлік қожалыққа тағы бір шаруа қожалығы қосылып, Александар Ганжа тағы бір айналымды жасайды да, оқиға қайта қайталанады. Егер кәсіпкер Палатаның жергілікті филиалына заңгерлік консультация сұрап жүгінуге шешім қабылдамағанда, тұйық шеңбердегі бұл жүгірістің әлі қаншаға жалғасатынын дөп басып айту қиын.

Палата консультанттары материалды зерттеп, талдап шығып, алдымен шаруашылық формасын қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіріп, «Мәмлүт ауданы бойынша Мемлекеттік табыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде қайта тіркеуден өтуге шешім қабылдайды. Жүргізілген келіссөздерден кейін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі. Сосын Палатаның жергілікті филиалының директоры аудандық жер қатынастары бөліміне құжаттарды ҚР заңнамасы талаптарына сәйкестікке келтіруді сұрап жүгінеді. Палата филиалының араласуынан кейін барлық түзетулер енгізіліп, құжаттар әділет басқармасында тіркеуден өтеді.

«Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап филиалымызда сервистік қызмет көрсету бойынша заңгерлік қызметтер көрсетілетіні жайлы естіп, осынша жүгірістен кейін соңғы рет бағымды сынап көрмекші болдым. Шынымды айтсам, мәселемнің шешілеріне сенген жоқпын. Себебі бұл оқиға 2011 жылдан бері созылып келе жатыр ғой. Алайда, таңданысыма орай, бұл жерде консультация беріп қана қоймай, бүкіл құжаттарымды қадам-қадаммен тәртіпке келтіріп берді. Кәсіпкерлер палатасының Мәмлүт ауданындағы филиалының қызметкерлеріне түйткілді шешуде көрсеткен жәрдемі үшін алғыс айтамын. Мұнда шынайы көмек көрсетілетініне жеке тәжірибемде көзім жетті. Енді әріптестеріме идеяларымен және түйткілдерімен тек Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге кеңес беретін боламын», - деп бөлісті «Ганжа» қарапайым серіктестік формасындағы ФҚ басшысы Александр Ганжа Палатамен серіктестіктен алған әсерлерімен.

Бір айта кететіні, Палата филиалы қызметкерлерінің сөзінше, бұл Мәмлүт ауданында орын алып отырған жалғыз оқиға емес.


Ұқсас жаңалықтар:

Төлем жасалсын немесе тауар қайтарылсын!
4 Қыркүйек
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды
13 Тамыз
2018
Жетісу облысы
Құқық қорғауда бизнес-омбудсмен көмекші
25 Мамыр
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер