astana-view

Болашақ жылу энергетиктерін бейіндік колледждерден іздеу керек

2015 жылғы 29 Қазан
13244 просмотров

Өскемен ЖЭО өз кәсіпорындары үшін жергілікті кадрлардан мамандар дайындауда

Облысымыздағы экономиканың тұрақты өсуі кәсіпорын қажеттіліктері үшін әлемдік стандарттардың заманауи талаптарына сәйкес кәсіптік-техникалық кадрларды даярдау қажеттігін шарттайды.

«AES Өскемен ЖЭО» компаниясында кәсіптік бағдар беру жұмысы мәселелеріне айтарлықтай салмақты назар аударылатыны белгілі. Компанияда аталмыш бағытта жасалып жатқан жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі айтып беруді сұрап «AES Өскемен ЖЭО» бас директоры Георги Илчовскиге жүгінген едік.

- «AES Өскемен ЖЭО» - бұл жас кадрлардың кәсіптік-техникалық даярлығына үлкен назар аударатын серпінмен дамып келе жатқан кәсіпорын. Біз ШҚО Кәсіпкерлер палатасының белсенді араласуымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жергілікті оқу орындарымен ынтымақтастықтамыз. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Өскемен ЖЭО-ға «Серіктестік көшбасшысы-2014» атағын беруі жетістігіміздің мойындалғанына куә.

Биыл AES компаниялар тобы жас мамандарды тарту, дамыту және өркендету жобасымен «HR-бренд» сыйлығына қатысып, бірінші дәрежелі жеңмпаз деп танылды.

AES компаниясы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасымен және облыстың білім беру басқармасымен бірге қала мектептерінде кең көлемді кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді. 2014 жылы «Нұр Орда» халықаралық мектебінде кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды. 2014-2015 оқу жылында студенттер, оқу орындарының түлектері, сонымен қатар оқу орындарының оқытушылары үшін 35 экскурсия өткізілді. Кәсіпкерлер палатасымен бірге дайындалған кесте бойынша қала мектептері оқушылары үшін AES компаниясы кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастыру жұмысы жалғасуда.

- Бүгінде көптеген ірі компаниялар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге дуалды оқытуды белсенді түрде жүзеге асыруда. Өңірлік деңгейдегі жұмыстарыңыз қалай жүріп жатыр?

- Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен Өскемен политехникалық колледжі және Өскемен көп салалы технологиялық колледжімен кадрларды дуалды даярлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы екі меморандум жасалды.

Кәсіпорын тәуелсіз бағалау жүргізуді қолдайды:  2013 жылы компания білім беру басқармасы, «Атамекен» Одағы» филиалымен бірге пилоттық режимде түлектерді тәуелсіз сертификаттауға қатысты. 2013 жылғы сәуір-мамыр айларында Өскемен политехникалық колледжінің «Электр станциялары және қосалқы станциялар» мамандығының 84 түлегі Корпоративтік оқыту орталығында білімін тәуелсіз бағалаудан өтіп, ол үшін компанияның тәжірибелі техникалық мамандары тартылды.

AES компаниясының Өскемендегі оқыту орталығы қазірде Шығыс Қазақстан облысындағы ірі корпоративтік оқу орталығы болып табылады. Орталықта оқыту процесіне қажет құралдармен жабдықталған оқу аудиториялары бар. Компьютер сыныбы, қауіпсіздік техникасы сыныбы, екі оқу полигоны (электр жабдық және жылу энергетика жабдығы), заманауи конференц-зал жасақталған. Аталмыш орталықта жылына Компаниямыздың, мердігер ұйымдар мен серіктестеріміздің 3 мыңға жуық қызметкері білім алады.

- Бұл студенттер мен түлектер келешегінен қандай үміт күттіреді?

- Оқу орындарымен ынтымақтастық жыл сайын жемісін беріп жатыр: компания қызметкерлерінің шамамен 25%-ы – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орнының түлектері.

Компания сонымен қатар оқу орындарының үздік студенттері үшін өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыруға мүдделі. Практикалық оқытуды ұймдастырған кезде тәжірибелі тәлімгермен бекіту, заманауи жабдықтар және жарақтармен танысу, технологиялық ақпарат жағына қолжетімділік, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін технологияларды игеру көзделеді. Іс-тәжірибе аяқталғаннан кейін студентке біліктілік санаты беріледі.

- Оқытушылық құрам үшін машықтандыру төңірегіндегі жұмыстар қалай жүріп жатыр? Жоғары білікті студенттерді оқыту үшін, педагогтарға да сәйкес талаптар қойылмайды ма?

- Кәсіпорын кәсіптік және техникалық білім беруді модернизациялау бойынша дуалды даярлықтың пилоттық жобасы аясында инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру және машықтандыру үшін база болып табылады. Өскемен ЖЭО-да тоқсан сайын Шығыс Қазақстан және басқа да облыстар колледждерінің өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін көтеру жүргізіліп тұрады. 2014 жылғы қазан айында ЖЭО Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге өндірістік оқыту шеберлері мен колледждердегі арнайы пәндер оқытушыларын алғашқы машықтандыруды өткізіп, біліктілік санаттарын берді.

2015-2017 жылдары компаниямыз Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) GmbH бірге жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасына оқыту және Шығыс Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін энергия тиімділігі жөніндегі жоба жүзеге асырылады. Аталмыш жоба аясында сонымен қатар Өскемен политехникалық колледжі мен қаладағы басқа да колледждер оқытушыларын қауіпсіздік техникасы және энергия үнемдеу саласындағы ең соңғы тәжірибелерге оқытуды жоспарлап отырмыз.

- Тартымды сұхбатыңыз үшін рақмет. Кәсіпорныңызға сәттілік тілейміз, өркендей беріңіздер.

Көп рақмет! Біз үшін ерекше маңызды жоба туралы сұхбаттасқанымызға өте қуаныштымын. AES кәсіпорындарында 2008 жылдан бері жас мамандарды бейімдеу бағдарламасы әрекет етіп келе жатқанын атап өткім келеді. 7 жыл ішінде бағдарламаға 200 түлек қатысыпты. Аталмыш бағдарлама аясында жас мамандар энергетика кәсіпорындары басшыларымен және ардагерлерімен арнайы ұйымдастырылған кездесулерге барады, өңірдегі энергетика кәсіпорнында арнайы ұйымдастырылған экскурсияларға қатысады, арнайы курстардан өтеді. AES компаниялар тобының жас мамандары әлеуметтік жобаларды ұйымдастырушылар әрі оған қатысушылар болып табылады.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Мамандық үздігі» облыстық байқауында кәсіпорынның жас маманы «Облыстың үздік дәнекерлеушісі» номинациясында бірінші орын алып, биылғы жылы да екі маман қатысып отыр.

2014 жылы AES бизнестері болашақ мамандарды даярлау және қамқорлық жасау, жақсы үлгерімге ынталандыру мақсатында «Үміт» балалар үйінің 2 түлегімен «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша колледжде стипендия төлеу туралы Келісім жасасты.

AES компаниясы болашақта өңірдің ғана емес, жалпы республикадағы энергетика саласының игілігі үшін жұмыс жасайтын сауатты энергетик мамандарды даярлауға мүдделі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер