astana-view

Ресей рублі қазақстандық машина жасаушыларға қаржылай соққы берді. «Атамекен» ҰКП проблемалы машина жасау кәсіпорындары бойынша жұмыс жүргізуде

2016 жылғы 26 Қаңтар
11949 просмотров

Машина жасау және металл өңдеу комитеті Хатшылығы берген 2015 жылғы деректер бойынша, 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында машина жасау өнімі өндірісі өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің индексі (НКИ) 70,4% құраған. Өндіріс көлемі шамамен 612,4 млрд. теңгені құраған.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мына саладағы өндіріс ұлғайған:

- компьютерлер, электронды және оптикалық өнім НКИ 105,9% - «Сайман» Корпорациясы» ЖШС, «Азия Электрик» Концерні» АҚ, «Логиком» АҚ, «Эл Джи Электроникс Алматы» АҚ.

Төмендеген өндіріс:

- электр жабдықтары НКИ 98,8% - LED Solution ЖШС, «Энерджи-Тараз» ЖШС, «Prolux KZ Ltd.» ЖШС, «LED System Media» ЖШС;

- басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен  жабдықтар
(75,8 млрд.теңге), НКИ 72,9% - «Мұнайаспап» АҚ, «Атыраунефтемаш» АҚ, «ГММОС Қазақстан» ЖШС, «ПЗТМ» АҚ, «АЗТМ» АҚ, «Белкамит» АҚ;

- автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер НКИ 42,9% - «АЗИЯ АВТО» АҚ, «СарыарқаАвтопром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «СемАЗ» ЖШС, «Hyundai Auto Trans» ЖШС;

- өзге де көлік құралдары НКИ 45,6% - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС;

- машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату НКИ 83,7%.

Отандық машина жасау Ресей Федерациясындағы экономикалық жағдайдың нашарлауы мен рубль құнсыздануы салдарынан қатты зардап шекті.

Машина жасау өнімдері өндірісі көлемінің төмендеуіне сонымен бірге контрафактілі өнім импорты да әсерін тигізді.

2015 жыл ішінде отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында мынадай қолдау шаралары көрсетілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылға арналған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспарының аясында түйткілді машина жасау кәсіпорындары бойынша нүктелі жұмыс жүргізуде.

Аталмыш Іс-шаралар жоспарының аясында мына кәсіпорындарға қолдау көрсетілді:

«ЗИКСТО» АҚ (Петропавл қаласы) 3,3 млрд теңге сомасына 300 бірлік жүк вагонын өндіруге тапсырыс түрінде;

«Дайво Бас Қазақстан» ЖШС-дан (Семей қаласы) әлеуетті құрылымдар мен жеке меншік тасымалдаушылар 18 автобус сатып алды;

«С. Киров атындағы зауыт» АҚ (Петропавл қаласы) 17 мың дана мөлшерде телевизиялық приставкаларды жеткізуге «Қазтелерадио» АҚ-мен келісім жасасты;

«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС Сауда-көлік компаниясымен, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Богатырь көмір» ЖШС және басқаларымен конденсатор жеткізуге шарт жасасты.

Жүйе құрушы компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен және отандық тауар өндірушілермен 40 млрд теңгеге жуық сомаға ұзақ мерзімдік келісімшарттар жасалды.

Жоспар аясында отандық локомотивтерді («Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ), сондай-ақ трансформаторлар мен арматураны (ысырмалар, крандар) экспортқа алғаш жеткізуді іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Машина жасау кәсіпорындарының түйткілді мәселелері бойынша жиналыстар өткізілді («Мұнаймаш» АҚ, «Format Mach Company» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «С.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Қайнар-АКБ» АҚ). Түйткілді мәселелерді шешу жөнінде шешімдер қабылданды.

2015 жылғы сәуір айында «Новые технологии газовой отрасли» Жабдықтарды өндірушілер қауымдастығы (Ресей Федерациясы) мен «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ арасында Келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мұнай-газ салаларындағы машина жасау кешені кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі Жол картасы қол қою сатысында жатыр.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспары аясында «Әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу» бағыты бойынша 55-56 қадамды жүзеге асыру мақсатында «Инвестициялық климатты жетілдіру және ҰАК тарту» бағытында «Кейбір заңнамалық актілерге индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы дайындалып, қабылданды (2015 жылғы 17 қарашадағы № 407-V ЗРК). Аталмыш заңда жағымды салықтық режимді жасау жөніндегі шаралар көзделген. Шикізатты және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын материалдарды, сонымен қатар моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы Келісім аясында автоқұрамдастарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босату түріндегі салық артықшылықтары енгізіледі.

Бұл отандық өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сәйкесінше, ішкі және сыртқы нарықтарда оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама:

2015 жылы Индустрияландыру картасының аясында 1027 жұмыс орнын құрумен 19,393 млрд теңге сомасына 10 инвестициялық жоба енгізілді, ал 2016 жылы 1921 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер