astana-view

Әкімшілік кедергілерді төмендету үшін жұмыс жасаймыз

2016 жылғы 26 Қаңтар
18776 просмотров

Әкімшілік кедергілерді төмендету үшін жұмыс жасаймыз. ҰКП қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті 2015 жылғы жұмыс нәтижелерінің қорытындысын жария етті

Әкімшілік кедергілерді анықтау және төмендету мақсатында  қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде:

  1. Қолданыстағы заңнаманы талдау және әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі ұсыныстарды жасау;
  2. Рұқсат беру жүйесін оңтайландыру;
  3. Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін реформалау;
  4. Қоғамдық мониторинг;
  5. Проблемалық мәселелер тізілімі мен кәсіпкерлер мәселелерін шешу карталарын жүргізу;
  6. Реттеушілік әсерді талдауды енгізу;
  7. Кәсіпкерлік субъектілердің үндеуін қарау;
  8. Нормативтік құқықтық актілер саралау.

 

  1. Қолданыстағы заңнаманы талдау және әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі ұсыныстарды жасау

Департамент ҚР қолданыстағы заңнамасына әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған 980-нен астам түзету жасап, ұсынды, оның 806-сы қолдау тапты. Бұл түзетулер ҚР Парламенті қабылдаған заңдар аясында жүзеге асуда.

  1. қолдау тапқан 806 түзетудің 152-сі 2014 жылдың желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына еніп, бірқатар әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерлік, оның ішінде төменде көрсетілген мәселелердің оңтайлы шешілуіне айтарлықтай септігін тигізді: 

- IV санат нысандары үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу туралы талап алып тасталды;

- Арнайы салықтық тәртіп бойынша жұмыс жасайтын шаруа және фермер қожалықтары үшін қоршаған ортаға төлемдер мен эмиссияларға рұқсат алу қажеттілігі жойылды. Шаруа және фермер қожалықтар шығындары  12,4 млрд. теңгеден астам сомаға қысқартылды;

- ластаушы заттардың ауаға шығаратын рұқсат етілген шекті мөлшері мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының әрекет ету мерзімі ұзартылды ( I, II, III санаттағы нысандар үшін – он күнтізбелік жыл, IV санат үшін – мерзімсіз).

- санитарлық-эпидемиологиялық сараптама  қолда болу мәселесі шешілді (жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандарды салу және қайта құру кезінде ғана талап етіледі);

- зерттеу және бағалау жұмыстары жобалары үшін, өндіру және т.б.жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық құжаттар үшін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу алып тасталды.  

Сонымен бірге ҰКП қатысуымен жүзеге асқан заңның өзін даярлау кезінде кәсіпкерліктің мынадай анағұрлым өзекті мәселелері шешімін тапты:

- жер телімінің нысаналы мақсатының коммерциялық мақсаттарға байланысты  өзгеруі кезінде ЖАО шешімін алу талап етілмейді, бұл кәсіпкерлердің жыл сайынғы шығынының 150 млн. теңге сомаға дейін азаюына мүмкіндік береді;

 - қымбат әрі ұзақ уақытты алатын пайалануға беру рәсімі жеңілдетілді -  2016 жылдан бастап нысанды тапсырыс беруші, мердігер және техникалық бақылаушы өкілі ғана пайдалануға қабылдап алатын болады;

- елді мекенде құрылыс салуға арнап жер телімін алу рәсімі реттелді (тәртібі тәптіштелді, жер комиссиясы және жерге орналастыру жобасын жасау алынып тасталды), кәсіпкерлердің оперативтік шығыны 4 млрд. теңге сомаға дейін азаятын болады;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саналатын заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу және қызметті тоқтатуды тіркеу кезіндегі  алым төлеу міндеті алып тасталды, бұл арқылы кәсіпкерлер жыл сайын  77,6 млн. астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді;

- жылына  755,95 млн. астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретін мөрі болу міндеті алынып тасталды;

- шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері саналатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін құрылтайшылық шартын нотариалды куәландыру міндеттемесі мәселесі шешілді, бұл жылына  375,94 млн. астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осы заң аясында қабылданған өзгерістер нәтижесі – кәсіпкерлік үшін өндірістік емес шығындардың қысқаруы, кәсіпкерлік қызметі тиімділігінің артуы, кәсіпкерлік пен биліктің өзара әрекеті арқасында жемқорлық деңгейінің төмендеуі.

  1. Түрлі құжаттарды міндетті нотариалды куәландыру туралы нормалар кәсіпкерлер үшін айтарлықтай кедергі екенін айта кету керек.

Департамент «Мемлекеттік қызметтер» туралы Заңның 5-бабына толықтыру енгізу жұмыстарын жүргізді. Бұл толықтыру аясында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қызмет алушылардан қызмет көрсетушіге салыстыру үшін ұсынылған құжаттар түпнұсқасының нотариалды куәландырылған көшірмелері зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа кезде талап етілмейді. Алдын ала деректер бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну кезінде құжаттарды нотариалды куәландыруды қысқарту кәсіпкерлікке түсетін жүктеме мөлшерін жыл сайын  25 -26 млрд. теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

3) Сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мына мәселелер шешілді:

- өндірістік нысандардың санитарлық-қорғау аймақтарын анықтау туралы Санитарлық ережелер ішінен химиялық тазарту, кір жуу және көлік жуу орындары үшін санитарлық-қорғау аймақтарын анықтау туралы нормалар алынып тасталды.

- 8 статистикалық нысанды алып тастау мәселесі шешілді, 151  өзгеріс енгізілді, 1-нысан ай сайынғыдан маусым сайынғы негізге ауысты. ҚР ҰЭМ  Статистика комитетінің төрағасының 24.10.14 ж. № 21 және 04.12.14 ж. № 66 Бұйрықтарына өзгерістер енді. Экономикалық нәтиже:  кәсіпкерлік шығын көлемі жылына 2 млрд. теңгеге дейін қысқарды.   

- «Сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » заң жобасының сыра өнімін пластик ыдысқа жекелеп сатуға салынған тыйымды алып тастау туралы бөліміне ұсыныстар енгізілді. Шығарылатын шешім 5000-ға жуық сауда орны мен 20 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді.

- Ауыр салмақты және ірі габаритті мамандандырылған автокөлік құралдарына қатысты көкейтесті мәселелер шешімін тапты: биіктігі, ені және жалпы салмағына байланысты параметрлер ұлғайтылды (қабылданған ұсыныстар «ҚР автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлері туралы» ҚР Инвестиция және даму министрі бұйрығында бекітілетін болады).  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске салмақ категориясын бұзғаны үшін төленетін айыппұл мөлшері екі есеге дейін, ал жекелеген категорияларды бұзғаны үшін 4 есеге дейін азайтылған өзгерістер енгізілді (жалпы сомасы 300 млн. теңгеден астам).

- ҚР Салықтық кодексінің деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалана бастау мерзімін 1.07.2014 жылдан  1.07.2015 жылға өзгерту бөліміне (645-бап)  өзгерістер енгізілді. Бұл кәсіпкерлік шығынын 3,8 млрд. теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

- «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» ҚР Заңына 01.01.2016 ж. бастап  арнайы салықтық тәртіпті қолданатын кәсіпкерлік үшін POS-терминалдарды орнату және қолдану бойынша кейінге қалдыру туралы норма енгізілді. Бұл норма арқылы ШОБ транзакция үшін ғана төленетін комиссияға жұмсайтын, оның ішінде, жылына: патент бойынша -  7 млрд. теңгеден кем емес, жеңілдетілген декларация бойынша - 10 млрд. теңгеден кем емес сома көлеміндегі қосымша шығынды үнемдеп қалатын болады.

- Қазақстан Республикасы территориясындағы жол бойында қызмет көрсету нысандарының қызмет көрсету стандартына» (Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы қ.а. 25.10.14 ж. № 205 Бұйрығы) өзгерістер енгізілді, бұл 300 кәсіпкердің кәсібін (1200 жұмыс орны) сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 4) Департамент келесі тақырыптар бойынша тиісті ұсыныстары бар құқықтық талдау жүргізді:

-  «Қорғас» ШБХО АҚ және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА басқарушы компаниясы қызметі мәселелері жөніндегі құқықтық талдау;

-Электроэнергетика саласында тариф орнату жөніндегі құқықтық талдау;

- Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) қызметін құқықтық талдау;

- Қазақстан Республикасында индустриалды аймақтар құру және олардың қызметі мәселелері жөніндегі құқықтық талдау.

  1. Рұқсат беру жүйесін оңтайландыру
  2. Департамент қызметкерлерінің белсенді қатысуы арқасында «Рұқсаттар және хабарландырулар» туралы ҚР заңы даярланып, қабылданды. Заңның қабылдануы Қазақстан рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жүйелік жұмыстың қисынды аяқталуы болды.

2007 жылы «Лицензиялау туралы» қабылданған Заңда лицензиялардың толық тізімі бекітіліп, «бір терезе» және «үндемеу – келісу белгісі» қағидалары енгізілген.

2009 жылы «Гильотина» қағидасын жүзеге асыру мақсатында рұқсат беру жүйесін түгендеуді қарастыратын 2009-2011 жылдарға арналған Рұқсат беру жүйесін одан ары реформалау тұжырамдамасы мақұлданды.  

2008 жылы 2012 жылы ғана толықтай енгізіліп біткен «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасын жасау басталды. Осы жылы оның рұқсат берулерге қатысты аясы кеңейтіле бастады.

Сонымен қатар 2012-2015 жылдарға арналған Рұқсат беру жүйесін одан ары реформалау тұжырымдамасы бекітілді. Оған дейін 2011 және 2012 жылдары Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асқан рұқсат берулерді 30%-ға қысқарту кезеңдері жүзеге асқан еді. Жаңа Тұжырымдамада бұған дейінгі тәжірибе назарға алынды.

Заң рұқсат беру құжаттарының бақыланбайтын санын шектеу мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Осылайша, кәсіпкерлік үшін берілетін әрбір жаңа рұқсат заңда белгіленген тізімге тиісті рұқсатты енгізу арқылы ғана және рұқсат беруді енгізу бастамашысы саналатын мемлекеттік орган енгізілетін рұқсаттың реттеуші ықпалына талдау өткізгеннен кейін ғана жүзеге асатын болады.

Бұдан бөлек, бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі (Департаменттің белсенді қатысуымен) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша рұқсат беру құжаттарын 50 пайызға дейін азаюын қарастыратын «Рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін азайту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын жасап шығарды.

Заңнамалық деңгейде рұқсат беру құжаттарының санын тағы 50%-ға қысқарту көзделіп отыр (шамамен 198 рұқсат беру құжаты).

Атқарылған жұмыс аясында «Атамекен»ҰКП  алаңында сараптама тобының 17 отырысы өтіп, олардың барысында 198 рұқсат беру құжатын жою, 182 рұқсаттар беру рәсімін оңтайландыру туралы ұсыныстар қарастырылды.

Нәтижелі және ойластырылған нәтижелерге қол жеткізу үшін қайталанатын және артық деп танылған рұқсат берулерді алып тастау, оларды хабарландыру тәртібіне ауыстыру, сонымен бірге оларды алуға қойылатын талаптарды қайта қарауға арналған тұжырымдамалық қадамдар жасап шығарылды.

Осылайша рұқсаттарды түгендеуге аса қауіпті (қару-жарақ, есірткі айналымдары, атом энергиясы, өрт сөндірушілік қызметтері және т.б.) және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері аясында реттелетін қызмет түрлері ғана енбеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты кәсіпкерлікке әкімшілік қысымды қайталанатын және артық рұқсаттарды алып тастау, оларды хабарландыру тәртібіне ауыстыру және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру арқылы азайту.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 9 кодексі мен 35 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр.

Нәтижесінде бұл республикадағы кәсіпкерліктің жалпы дамуына, кәсіпкерліктің кең етек жайып, оның қызмет ауқымының кеңеюіне, кәсіпкерлік саладағы өнім көлемінің өсуі арқылы елдің ұлттық кіріс мөлшерінің өсуіне, сәйкесінше, жұмыссыздықтың азаюы мен өзге де оңды әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге  жетуге, сонымен бірге кәсіпкерлікті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға септігін тигізетін болады.

Рұқсаттар санының айтарлықтай азаюы мен оларды беру рәсімінің оңтайлануы нәтижесінде кәсіпкерліктегі шығын мөлшері: 

  • 2016 жылы 467 633,2 мың теңгеге;
  • 2017 жылы 500 358,3 мың. теңгеге;
  • 2018 жылы 535 383,5 мың. теңгеге дейін азая түспек.

(Мәліметтер 03.06.2015 ж. №9 Республикалық бюджеттік комиссияның № 1.6 хаттамасының Қосымшасынан алынды).

Бүгінгі күні заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында (I оқылымынан өтті).

  1. Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін реформалау

Өте маңызды шаралар  туралы заңға сәйкес жоспарлы тексеріс алып тасталып,  тексерістің үш түрінен тұратын (тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі, таңдаулы, жоспардан тыс) жүйе енгізілді.

ҰЭМ және ҰКП (Департамент) бірлесе қараған реформаларды жүзеге асыруға Мемлекеттік органдардың қауіп-қатерлерді бағалауын қалыптастыру әдіснамасы жасап шығарылып, бекітілді.

Бүгінгі күні ҚР ҰЭМ және ҰКП (Департамент) бірлесе қауіп-қатерлер мен тексеру қағазын басқарудың жаңа жүйесін жасау бойынша жұмыстар атқарды.

Осылайша, жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік бақылау субъективті және объективті белгілері бойынша анықтау арқылы кәсіпкерліктің жауапсыз субъектілеріне қарсы бағытталатын болады.

Осы жылдың мамыр және қыркүйек айлары аралығында Департаментке 11 мемлекеттік органнан тәуекелдер деңгейін және тексеру қағаздарын бағалау белгілерін бекіту туралы бірлескен бұйрықтардың 51 жобасы келіп түсті.

Мемлекеттік органдар жасап шығарған тексеру қағаздарын қарау нәтижелері бойынша 4500 қисынсыз талаптарды қысқарту туралы ескертулер айтылды. Ұлттық палата ескертулері қабылданып, аталған талаптар алынып тасталды.

Осылайша, өндірістік қауіпсіздік саласындағы тексеру қағаздарына тексеріс кезінде тексеруге келмейтін талаптар қосылды. Олар: биіктікте 5 баллдан жоғары жылдамдықтағы жел кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізбеу, найзағай, нөсер және қар жауу, көктайғақта және 100 метрден аз қашықтықта  көрінетін тұман кезінде жүргізушісі дөң және еңіс жерлерде ғана отыратын өздігінен жүру автокөліктерінің кабиналарында адамдардың отыруын болдырмау. Сонымен бірге азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарды сақтау сияқты тексеру қағаздарында көрсету мүмкін емес жалпы талаптар енгізілген.

Бұдан бөлек екі екі Министрліктің тексеру қағаздарына  қайталанатын ұқсас талаптар қосылған.

Мысалы, мұнай, газ, мұнай-газ конденсантын барлау және шығару жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлер Энергетика министрлігі және Инвестициялар мен даму министрлігінің бірдей мәселелері бойынша бақыланатын субъектілері ретінде бекітілді. 

ҰКП ескертулері бойынша бұл қайталану жойылды.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қоғамдық мониторингі

Кәсіпкерлердің көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты көзқарасын, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері тарапынан жіберілетін жеке бұзушылықтарды анықтауды, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін  себептер мен жағдайлардың болуы және жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында «Атамекен» ҰКП мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасының мониторингі жүргізіледі.

  1. 2014 жылғы қаңтардан  ақпанға дейінгі кезең

Қоғамдық мониторингке 30 мемлекеттік қызмет қамтылды.

Жалпы қоғамдық мониторинг барысында сауалнамаға 12839 кәсіпкер, 141 мақсатты топ, 327 «құпия сатып алушы»  қатыстырылып,  589 респонденттен сұхбат алынды, 389 мемлекеттік органда жалпы ұзақтығы 4614 сағатты құрайтын бақылаулар жүргізілді.

Тұтастай алғанда, еліміз бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге көңілі толмайтын кәсіпкерлер саны сұхбаткерлердің жалпы санының 35,4%-ын құрады.

Жүргізілген сауалнама және сұхбат қорытындылары Үкіметке және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберілді, нәтижесінде 74 лауазымды тұлға жазаланып, мемлекеттік қызметтердің 19 стандартына өзгертулер енгізілді. 

2) 2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде

Қоғамдық мониторингке 40 мемлекеттік қызмет қамтылды (15 қызмет бойынша қоғамдық мониторинг қайтадан жүргізіледі).

Жалпы қоғамдық мониторинг барысында  22421 кәсіпкер, 1317 адам қатыстырылған 209 мақсатты топ, 548 «құпия сатып алушы»  сауалнамаға қатыстырылып, 3177 респонденттен сұхбат алынды, 389 мемлекеттік органдарда жалпы ұзақтығы 3644 сағатты құрайтын 1088 бақылау жүргізілді.

Көпшілікке сұрау салу қорытындысы көрсеткендей, еліміз бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттанбайтын  кәсіпкерлер саны респонденттердің жалпы санының 16,6%-ын құрады.

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызмет көрсеткені үшін заңсыз сыйақы алуы, жекелеген коммерциялық құрылымдардың мүдделері үшін лобби жасау  фактілері, заңнамада көзделмеген құжаттарды талап ету арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға қолайлы жағдайлар туғызу, қызметтерді көрсетудің тәртібі мен мерзімдерін бұзудың сандаған фактілері, ұсынылған құжаттарды жоғалту, мемлекеттік органдар  және  ұйымдар қызметкерлерінің құзыретсіздігі мен әдепсіздігі, мемлекеттік органдар басшылығының бұзушылықтарға қатысты әрекетсіздік  таныту фактілері бар екендігі анықталды.

Оған қоса, қоғамдық мониторинг барысында, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жайлы және ыңғайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттармен және үй-жайлармен инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуіне баға берілді (анықтама қосымша беріледі).

Қазақстанның бүкіл аймақтары бойынша барлығы 408 ғимарат зерттелген, бағалау 15 өлшем бойынша жүргізілді (электронды кезектің, күтуге арналған креслолардың, ақпараттық стендтердің, арыз үлгілерінің, әрбір қызметкердің жұмысына баға беруге арналған құрылғылардың және т.б. бар болуы) 

Сонымен, жергілікті атқарушы органдарының зерттелген 147 ғимаратының инфрақұрылымдық қамсыздандырылуы тек 49%-ы, Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері ғимараттарының  тек 56%-ы, Ауыл шарушылығы министрлігінің тек 51%-ы ғана мемлекеттік қызметтердің көрсетудің сапа және ыңғайлылық талаптарына сәйкес келетіндігі анықталған.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері жөніндегі талдау материалдарын Қазақстан Республикасының Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қарауына ұсынылды, және де қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені қабылданды.

  1. Өзекті мәселелер тізілімін және кәсіпкерлер мәселелерін шешу картасын жүргізу    . 

Кәсіпкерлердің өзекті мәселелерінің тізілімі және оларды шешу картасы Ұлттық палатаның ресми интернет-ресурсында 2014 жылғы 19 ақпанда жарияланған болатын.   

Тізілім шеңберінде бизнес саласында орын алған барлық көкейкесті мәселелер бір құжатта жүйеленген, жиі кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі тәсілдер айқындалады, елдегі бизнестің ахуалына баға беріледі және қолдауды талап ететін басым бағыттар белгіленеді, кәсіпкерлік мәселелерін шешу жөнінде жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізіліп, қадағаланады.

Бүгінгі күні Өзекті мәселелер тізілімінде кәсіпкерлік субъектілерінің,  өңірлік кәсіпкерлік палаталары мен ҰКП құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде құралған 446 өзекті мәселе тіркелген.

446 өзекті мәселенің топтастырылуы:

  1. 42 – ҰКП ОА, ӨКП құрылымдық бөлімшелерінің қарауында;
  2. 121 – мемлекеттік органдардың қарауында;
  3. 43 – мемлекеттік органдар бас тартқан;
  4. 67- мемлекеттік органдар шешу жолдарын мақұлдаған
  5. 173- шешілген/орындалған.

Мәліметтерді талдау кәсіпкерлердің көбінесе салық салу, ауыл

шаруашылығы, жер қатынастары, экологиялық реттеу, құрылыс, сатып алулар, рұқсат беру жүйесі, көлік, логистика және байланыс саласында проблемаларға тап болатынын көрсетеді.

Қазіргі уақытта шешілмеген мәселелер бойынша ҰКП алаңында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен келіссөздер ұйымдастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде, сол арқылы түрлі салаларда бизнесті жүргізу барысында кездесетін кедергілерді жою және олардың шешімін табудың әдіс-тәсілдері дайындалатын болады.

Атап айтқанда, бүгінгі күні Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және жер қорларын басқару комитетінің төрағасы м.а. М.Б.Косачевпен, Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының м.а. Д.Е.Ерғожинмен кездесулер өткізілген; осы кездесулер шеңберінде келісімге қол жеткізіліп, құрылыс (қайта жоспарлау және «чистовая отделка» терминін анықтау мәселелері) және салық салу (ҚҚС төлеу тәртібін қайта қарау) салаларындағы өзекті мәселерді шешу жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленген. Сонымен қатар, өңірлік палаталарды әкімшілік кедергілерді айқындауға ынталандыру мақсатымен Департамент жүйелік мәселелерді олардың Рейтингтік бағалауына енгізу жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық етті.

Оған қоса, Департаменттің бастамасы бойынша төрешілдікті азайту мақсатында жүйелі мәселелерді Тізілімге енгізу жөніндегі «бір терезе қағидатын» қолданысқа енгізген «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының 04.02.2015 ж. № 17 бұйрығы бекітілген, сол арқылы жүйелік проблемаларды Тізілімге енгізу бойынша «бір терезе» қағидаты енгізілді.

Айталық, ағымдағы жылдың ақпан-қараша айларында Департаментке 232 проблемалық сұрақтар келіп түскен, олардың 75-і Өзекті мәселелер тізіліміне енгізілді. 

Келешекте осы Тізілім ҚР Үкіметі кәсіпкерлердің проблемаларын шешу мәселелеріне және кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған түрлі бағдарламаларды, бұйрықтар мен жарлықтарды әзірлеу кезінде басшылыққа алынатын негізгі құжат бола алады.   

  1. Реттеушілік ықпал ету талдамасын енгізу

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңдарына ҰКП-ның белсенді қатысуымен реттеушілік ықпал етуге талдауды (бұдан әрі - РЫТ) енгізуге қатысты түбегейлі іс-шаралар туралы  өзгертулер заңмен енгізілді. 

РЫТ - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеу шараларын және соған байланысты талаптарды, сондай-ақ, келешекте мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін реттеудің  қолданыстағы құралдарына қойылатын талаптарды қатайтуды  көздейтін, енгізілетін реттеушілік құралдардан тсүетін пайда мен шығындарды салғастырушы талдамалық рәсім (рұқсаттар мен хабарламалар, бақылаушы функцияларды үлестіру, ақпараттық құралдар).

РЫТ-ды енгізу белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған мәселелерді шешу үшін реттеудің балама тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттеушілік құралдарды пайдалану тұрғысынан  мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

РЫТ-ды енгізу мәселесі бойынша 2015 жылғы 30 қаңтарында ҰКП РЫТ-ды енгізуге тікелей қатысатын және оған техникалық қолдау көрсететін Бүкіләлемдік банк сарапшыларымен кеңес өткізілді. 

Сондай-ақ, 2015-жылдың бірінші жартыжылдығында Бүкіләлемдік банк:

1. РЫТ-ды өткізуге арналған құралдарды әзірледі;

2. мүдделі тұлғалар үшін тренингтер өткізді;

3.екі пилотқа арналған РЫТ-ды жүргізу кезінде (жаңа және сонымен бірге, қолданыста бар реттеу құралдарына да) техникалық қолдау көрсетіледі.

Оған қоса, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған мәселелерді шешу үшін реттеудің балама тәсілдерін бағалау арқылы  нақты реттеушілік құралдарды пайдалану тұрғысынан  мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында ҰЭМ «Атамекен» ҰКП-мен (Департаментпен) бірлесе отырып, рұқсат беру немесе ексертпелік тәртіппен қолданылатын және енгізілетін Реттеушілік ықпал ету талдауын жүргізу және қолдану әдістемесін әзірледі.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес ҰКП сарапшыларына арналған тренингтер өткізді, тренингтер шең берінде  РЫТ-ды жүргізу рәсімі жөнінде консультациялар берілді.

Бүгінгі күні РЫТ-ды енгізуге байланысты бірқатар проблемалар бар:

РЫТ-ды жүргізу қажеттілігі заңнамада бекітілген, алайда, мемлекеттік органдардың барлығы бірдей мұны орындамай отыр. 

Мысалы, ағымдағы жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тұжырымдамалар мен заңдардың 22 жобасы ұсынылған (салық және кедендік әкімшілік, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселесі, индустриалды-инновациялық саясат мәселелері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы және т.б мәселелер бойынша 7 заң жобасы және 15 тұжырымдама жобасы), олар 78 реттеушілік құралды қамтиды, ал олардың 11-інде ғана РЫТ көрсетілген. 

Атап айтқанда, ҚР ҚМ 2015 жылыдң тамыз айында әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында төменде көрсетілген талаптар мен қосымша реттеушілік құралдардың енгізілуі көзделген:

- ҚҚС бойынша есепке қойылатын салық төлеушілердің шекті мәнін 10 есеге азайту;

- пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық мөлшерін 40 еседен астам мөлшерге көбейту.

- мемлекеттік кіріс органдарының, сонымен бірге тауарларды импорттау, және де Қазақстан аумағынан алып өту кезінде тауарлық-көліктік жүкқұжаттарына бақылау жасауы және  кейінгі электронды ТКЖ енгізуі;

- мемлекеттік кіріс органдарына этил спиртін және алкогольді өнімдерді, мұнай өнімдерін есепке алуға арналған бақылау аспаптары мәліметтерін жинаумен және берумен айналысатын жүйелі оператор құру;

- араққа және айрықша араққа, өте күшті ликер-арақ өнімдеріне қойылатын ең төменгі көтерме бағаларды тағайындау;

- алкогольді өнімінің жаңа түрін анықтау – сыра сусыны және оған қатысты акциз мөлшерлемесін сыра акцизінің мөлшеріне тең дәрежеде тағайындау.  

Осы тұрғыда бұл құралдардың ешқайсысына да реттеушілік ықпал ету талдауы жасалмаған.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мұндай талдауды формальды түрде жүргізіп келген, ең алдымен заң жобасы Парламентке енгізіледі, содан кейін ғана қабылданған шешімдердің тиімділігі мен  қажеттілігін анықтауға арналған РЫТ-ды жүргізуді бастайды.

Атап айтқанда, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізіліп, екі оқылымда мақұлданғаннан кейін 7 қазанда ҚР Парламентінің Сенатына жіберілген болатын. Және тек 2015 жылғы 9 қазанында ғана Министрлік бизнес- қоғамдастықпен талқылаулар ұйымдастырып, реттеушілік ықпал ету талдауы жүргізілген. 

Қарастырылып отырған кезеңде Департамент сарапшылары жобаны әзірлеушілерге 14 баламалы РЫТ дайындап, жолдаған.

Оған қоса, мемлекеттік органдарды бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға ынталандыру мақсатымен Департамент мынадай ұсыныстарды енгізген:

- РЫТ-тың бүкіл жобаларын үйлестіріп, министрліктер жұмысының қорытындылары бойынша есеп дайындап, талдап отыратын тәуелсіз беймемлекеттік құрылым құру. Бұл құрылым Үкіметке ғана есепті болады. Балама ретінде дәл осындай институтты «Атамекен» ҰКП базасында да құрылуы ықтимал деп санаймыз;

- мемлекеттік органдар жүргізетін реттеушілік функциялар нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің талдауын жүргізу;

- әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі мемлекеттік органдар рейтингін енгізу;

- әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі 3 ең үздік мемлекеттік органды анықтау және әкімшілік шығындарды көбейтуге жол берген немесе әкімшілік кедергілерді азайтпаған 3 ең нашар мемлекеттік органды анықтау арқылы мемлекеттік органдарды ынталандыру.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 3 ең нашар мемлекеттік органға қатысты олардың штат санын және қаржыландыру көлемін қысқарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу арқылы осы мемлекеттік органдардың қызметтеріне талдау жасалады;

- ақпаратты Үкіметке және Президент Әкімшілігіне жолдау, БАҚ-та кеңінен жария ету. 

Осы бастамалар Үкіметтің қарауына 2015 жылғы 3 қарашадағы шығ. № 12812 хатпен жолданған, Бірінші вице-Премьер Б.Ә.Сағынтаевтың қарарына сәйкес, міндетті миинстрлік – ҰЭМ  ҰКП енгізген ұсыныстарды орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе пысықтайды.

  1. Нормативтік құқықтық актілердің сараптамасы

Қарастырылып отырған  кезеңде Департаментке мемлекеттік органдардан нормативтік құқықтық актілерді сараптамадан өткізуге қатысты барлығы 370 сауал келіп түскен, олардың ішінен 97 сауал Департамент жинақтап қорытушы, ал 283 сауал бойынша қоса орындаушы болып табылады.

Сараптамалық қорытынды жасауға  ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді қарау нәтижелері бойынша 197 жобаға қатысты ескертулер берілді, ал 183 жоба  ешқандай ескертусіз келісілді.

  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау

Қарасытырылып отырған кезеңде Департамент кәсіпкерлік субъектілерінің, ӨКП, мемлекеттік органдардың 318 өтініш/сауалдарын  қараған, олардың  233-і бойынша Департамент жинақтап қорытушы, ал 85-і бойынша қоса орындаушы болып табылады.

Барлық өтініштер/ сауалдар белгіленген тәртіпте қаралған, тиісті жұмыс жүргізіліп, жауаптар жолданды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер