astana-view

Райымбек Баталов: «Бұл дағдарыстан да өтеміз»

2016 жылғы 28 Қаңтар
13076 просмотров

«Атамекен» Палатасы Төралқасының мүшесі, Қазақстан Кәсіпкерлері форумының Төрағасы, Raimbek Group директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов жаңа экономикалық нақты жағдайдағы ірі бизнестің хал-жайын palata.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында сөз етті.

- Райымбек Әнуарұлы, экономикадағы қазіргі жағдай қазақстандық бизнестің мығымдығын тексеруде. Ірі бизнес өкілі ретінде үлкен компаниялардың ахуалына тоқталып өтсеңіз?

- Экономикалық жағдайдың оңай емес екені түсінікті. Бұл туралы Мемлекет басшысынан бастап қатардағы жандарға дейін бәрі де сөз қылуда. Оған алып-қосарым жоқ десем де болады: әлемдік нарықтың дамуымен байланысты объективті себептер бар және, әрине, ішкі факторлар бар. Нарық ауыр жағдайда. Сұраныс сығылуда. Ақша қымбат. Әрі, өкінішке орай, Мемлекет басшысы бірнеше мәрте мәлімдеген және қол жеткізу үшін МҮИИДБ, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды дамыту сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар бағытталған экономиканың әртараптануын көріп отырған жоқпыз. Қазір осы түйткілдердің барлығы дағдарыстың әсерімен беті ашылып отыр, және де қоғам шынымен де тиімді реформалардың қажеттігін сезінуге мүмкіндік берген айықтырғыш салқын бүркіменің астында қалғандай.

- Компанияңыз шырын және сусын өндіруші ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Өніміңізге деген ағымдағы сұранысты қалай сипаттар едіңіз? Сатылмай қалатын өнім көп пе?

- Пессимизмнен аулақпыз: өніміміз тұтынылып жатыр, алайда сұраныстың қалай түсіп бара жатқанын көріп отырмыз, ал халық азық-түлікті тұтынудың жаңа режиміне қайта бапталуда. Алайда бұл компаниямыздың басынан өтіп отырған алғашқы дағдарыс емес, әрі бейімделуге үйреніп алдық. Бүгінде бейімделудің бұл кезеңін соңғы он жылдықта оттан да, судан да және одан басқа да қиыншылықтардан өткен ірі бизнес те, орта бизнес те, шағын бизнес те бастан кешіп жатқанын атап өтейін. Бұл аса құнды тәжірибе. Барлық қиындықтарға қарамастан, өндіретін өніміміздің желісін қайта қарап жатырмыз, бизнес-процестерді оңтайландыруды талқылаймыз, және де, өкінішке орай, компания ішінде инвестициялық жобаларды қысқартып жатырмыз. Дей тұрғанмен, бизнес дағдарыстың циклдық емес, уақытша құбылыс екеніне сенімін жоғалтқан жоқ. Осы бір қиын кезеңді барынша аз шығынмен өткеретінімізге сенімдіміз.

- Жақында Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі еліміздің аграрлық саласына қадам басқан ҚХР ірі ұлтаралық компанияларымен іс-шаралар жоспарына қол қойды. Теңдессіз инвестициялар жоспарлануда. Сіздің ойыңызша, қазақстандық компаниялар үшін осымен байланысты қандай объективті тәуекелдер туындауы мүмкін?

- Бұл жерден отандық бизнес үшін тәуекел көріп отырған жоқпын. Нарығымызға қытайлық не еуропалық компаниялар келе ме, маңызы жоқ сияқты мен үшін. Не десек те, олар да отандық инвсеторларға ұшырасып жатқан қиыншылықтарға тап болады. Әрине, шетелдік инвесторларда мүмкіндіктер көбірек болады, себебі оларда капитал біршама арзан. Иә, біздің қазақстандық мазмұнға ерекше қатынасымызға қарамастан, әзірше олардың елімізге өз жабдығын да, өз өнімін де әкелуіне тура келеді – бұл анық. Алайда бүгінде отандық және шетелдік инвесторлар біршама тең жағдайда отыр – бізде де, оларда да біршама ұзақ өтелуді талап ететін айтарлықтай қымбат жобалар болады. Олардың мүлкі капиталдың біршама төмен құнында болып отырғанын қайталап айтамын.

Бұл орайда қатты қиялдай қоймаймыз. Бірақ бәсекелес ортада жұмыс жасауға әзірміз, әрі бұл жағдайда салаларымызға жылдамдық беретін локомотивтер ролін орындайтын нарықтың ірі шетелдік ойыншылары әкелетін бизнес үшін үздік тәжірибелерді қабылдауға ашықпыз. Олардың тәжірибесінің отандық компанияларға таралуы мультипликативтік әсер болмақ, бұның пайда ғана әкелетіні сөзсіз. Бұл тиімділігімізді көтеру жолында тағы да бір тетік қызметін атқармақ.

Әңгімелескен Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер