astana-view

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне қандай қауіп төніп тұр? Кедендік кедергілерді алып тастағаннан кейін өсіп келе жатқан бәсекелестікке орай отандық компанияларға оңай болмайды

2016 жылғы 28 Қаңтар
18562 просмотров

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне қандай қауіп төніп тұр? Кедендік кедергілерді алып тастағаннан кейін өсіп келе жатқан бәсекелестікке орай отандық компанияларға оңай болмайды

 

Кедендік кедергілерді алып тастағаннан кейін өсіп келе жатқан бәсекелестікке орай отандық кәсіпкерлерге оңай болмайын деп тұр

2010-2015 жылдардағы жеңіл өнеркәсіп бойынша басты көрсеткіштер

Жеңіл өнеркәсіп –20-дан астам қосалқы салалардан тұратын кешенді сала. Оны үш негізгі топқа біріктіруге болады.

1. Тоқыма, сонымен бірге мақта-мата, жүн, жібек, трикотаж, сондай-ақ жүнді бастапқы өңдеу, тоқылмаған материалдар өндірісі, тор тоқу өнеркәсібі, киіз басу және басқалары.

2. Тігін.

3. Былғары, тері, аяқ киім.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті берген деректер бойынша, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылғы 11 ай ішінде 64,6 млрд. теңгені құрағанНКИ - 103,7%. 2010-2014 жылдар кезеңінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,4 есе ұлғайған.

ҰЭМ СК жедел деректеріне сәйкес, соңғы 5 жылда өндірістің ең жоғарғы өсімі өнімнің келесі түрлері бойынша байқалған:

- кілем және кілем өнімдері 6-дан 1898 мың шаршы метрге дейін (316 есе);

- қалпақтар мен бас киімдер 275,8-ден 1 104 млн. теңгеге дейін (4 есе);

- табиғи үлдірден тігілген киім заттары 188 211-ден 470821-ге дейін  (2,5 есе).

Сонымен бірге кейбір жайғасымдар бойынша төмендеу байқалады:

- трикотаж сырт киім 70 051 данадан 33 949 данаға дейін (2 есе);

- мақта 91 404-тен 62 899 тоннаға дейін (45%);

- свитерлер, кардигандар, желеттер, 95 190-нан 63 350 данаға дейін (50%).

Сурет 1. 2010-2014 жылдар кезеңіндегі жеңіл өнеркәсіпте еңбек етушілер саны.

 

 

Қайнар-көз: ҚР ҰЭМ СК

 

Кесте 1. 2010-2015 жылдар кезеңіндегі санаттар бойынша ҚР жеңіл өнеркәсібі әрекет етуші негізгі кәсірорындарының саны (9 ай)

Көрсеткіш атауы

Кәсіпорын санаты

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл

2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Жеңіл өнеркәсіп

Барлығы

744

737

723

688

751

890

 Шағын

670

667

652

662

677

841

 

Орта

56

51

53

48

55

29

Ірі

18

19

18

18

19

20

Қайнар-көз: ҚР ҰЭМ СК

Кесте 2. ЖІӨ құрылымындағы және өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі

Көрсеткіш атауы

2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015 жылғы 8 ай

ЖІӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп үлесі (%)

0,12

0,1

0,11

0,1

0,09

д.ж.

Өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі (%)

 

0,3

 

0,2

 

0,3

 

0,4

 

0,3

 

0,5

  Сурет 2. – Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіп өнімі экспорты мен импорты көлемдерінің динамикасы                     

    Қайнар көз:Tradema.сom

Ірі өнеркәсіптегі ірі өндірушілер:

1) «Қазақстан Тексти Лайн» ӨКФ ЖШС (спорттық, балалар киімдері, сондай-ақ кәдесый өнімдері өндірісі). Компания MIMIORIKI балалар киімі брендінің иегері болып табылады.

2) «Textiles.kz» корпорациясы (100 % мақтадан иірілген жіп, үйге арналған тоқыма, арнайы киім өндірісі). Кәсіпорын екі ірі өндірістік тоқыма кәсіпорнынан тұрады: «Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ.

3)  «СЕМИРАМИДА» ТІГІН ФИРМАСЫ» ЖШС (тігілген бұйымдар өндірісі (жүн матадан, жасанды үлдірден тігілген пальто, плащтар, пончо, қысқа пальто).

4) «БОЛЬШЕВИЧКА» ПРК (тігілген бұйымдар өндірісі (жүннен тігілген мектеп костюмдері, қыз балаларға арналған форма, курткалар, шалбарлар, халаттар, балалар мен ересектерге арналған жейделер; арнайы киімнің барлық түрлері).

5)  «КазСПО-N» ЖШС - (кәсіптік киім өндірісі: «Thinsulate» қысқы киімі, тау шаңғысы киімі, «Thinsulate» іш киімі, жаздық трикотаж іш киім, арнайы киім, футболкалар, поло пусер майкалар, түнемел қап).

6) «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС - (гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы, сондай-ақ техникалық және тазартылған карбоксиметилцеллюлоза өндірісі).

7) «АРАЙЛЫ» ЖШС (сырт киім өндірісі (формалық киіндіру, азаматтық костюмдік сұрыпталым, арнайы киім).

8) «Арго» ЖШС - (құрылыс компаниялары, мұнай өндіру кешені, тау-кен өнеркәсібі ұжымдары жұмысшыларына арналған мамандандырылған аяқ киім өндірісі).

2. Қырғызстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі

Қырғыз Республикасының жеңіл өнеркәсібі бүгінде негізгі үш саламен танылады: тоқыма, тігін және былғары-үлдір. Оның үлесіне республикалық өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер санының 25% және елдегі күллі өнеркәсіптің жалпы өнімінің 30%-ға жуығы келеді. 

Қырғызстан үшін тоқыма және тігін өнеркәсібі экспорттық әлеуеті жоғары басым сала болып табылады. «Қырғызстанда жасалған» деген белгісі бар өнімнің 90%-дан астамы РФ, Қазақстанға, басқа да елдерге экспортталады және қолайлы бағадағы сапа кепілдігі болып табылады. Қырғызстан бүгінгі таңда ресейлік дайын киім нарығының шамамен 6% алып отыр.

Қытай қазірде Қырғызстанның стратегиялық инвесторларының бірі болып табылады және жалпы тауар айналымында Ресейден кейін екінші орын алады.

ҚР Ұлттық статистика комитеті (ҰСК) берген деректер бойынша, саладағы заманауи құрылым мынадай үйлесімде ұсынылған: 60% - ұсақ, 30% - орта және 10% - ірі кәсіпорындар. Өндіріс, негізінде, Шу облысында, Бішкек және Ош қалаларында шоғырланған.

Қазақстан үшін төніп тұрған қауіп-қатер

1) Қырғызстан арқылы Қытайдан қайта экспорттау

Қазақстан арқылы РФ және алыс шетелге контрафактілі дүниелерді жеткізумен негізінде алып-сатарлар айналысады. Олар көбінесе Қытайдан тауар әкелудің айналымды жолдарын пайдаланады. Қырғызстанның бақылау органдарында қытай импортын жеткізуді реттеу төңірегінде түйткілді мәселе баршылық.

Сарапшылардың кейбір деректеріне сүйенсек, қырғыз компанияларының Қазақстанға қайта экспорттаудан түсетін табысы шамамен жылына 300 миллион долларды құрайды.

2) Дамыған көтерме базар

Бішкек қаласындағы «Дордой» базары алматылық базардан бір жарым есе үлкен, оның айналымы жыл сайын шамамен 3,5 миллиард долларды құрайды. «Дордой» Қазақстанға және Ресейдің бір бөлігіне қызмет жасайды. Аталмыш нарықтың тауар айналымы Оштағы басқа бір «Қарасуу» ірі базарымен бірге алғанда елдегі күллі бөлшек айналымның 90 пайызын құрайды. Қырғызстан тауарларын жалпы өткізудің басым үлесі шетелдік азаматтарға тиесілі. «Қарасуу» базары Тәжікстан мен Өзбекстанды өз тауарымен қамтуда.

Алматы және Бішкек қалаларының жақындығын және шекарадан өту процедураларының жеңілдетілгенін ескерсек, Алматы тұрғындарының тұтынушылық сұранымының ішінара қырғыз базарына ығысуын болжауға болады.

3) Жұмыс күші. Қырғызстан халқы - 5,5 миллион адам. Оның ішінде 2,5 миллион – еңбекке жарамды халық. 1 миллион адам Қазақстанда және Ресейде ақша тауып жүр. Қырғызстандағы жеңіл өнеркәсіп орташа еңбеақысы 175 АҚШ долларын құрайды. ҰЭМ СК деректері бойынша, Қазақстанда  2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі орташа жалақы 230 АҚШ долларына жетті.

Кедендік кедергілерді алып тастағаннан кейін өсіп келе жатқан бәсекелестікке байланысты отандық компанияларға оңай болмайды, кейбірінің тіпті нарықтан кетуі мүмкін, жергілікті өндірушілер өз нарықтарынан ығыстырылуы мүмкін. Қырғызстаннан жұмыс күшінің ағылуы қазақстандық еңбек нарығында бәсекелестіктің артуына және еңбек миграциясына алып келуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің есептеуі бойынша, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі еңбек миграциясының жылына 3,5 % өсуіне әкеледі.

4) Қырғызстандық халық тұтынатын тауарлар өзіндік құны жөнінен бәсекеге қабілеттірек

Қырғыз жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің айтарлықтай бәсекелестік басымдылығы: ҚХР-дан жабдық және шикізатқа әкелу баждарының төмендігі, географиялық жағдайы салдарынан шикізат пен жабдық әкелуге кететін көлік шығынының төмендігі, сонымен қатар арзан жұмыс күші. ҚР ҰЭМ СК деректеріне сүйенсек, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі өзіндік құнының құрылымында басым үлесін шикізат пен материадар алады - 55%, еңбекақы қоры - 17%, электр энергиясы -  4%.

Осыған байланысты отандық өндірушілер тапсырыстарын Қырғызстанның өндірістік қуаттарына орналастыруға ауысу қаупі бар. Мұндай ұстаным «келісімшарттық өндіріс» ретінде белгілі.  Ол Қытайда және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең таралған (Adidas, Zara, H&M). Бұл жағдайда сату өсуін ынталандыру саланы дамытудың басты факторы болып табылмақшы.

3. Қорытынды

Өндіріс көлемі 5 жыл ішінде 2,4 есе өсіп, 65,8 млрд. теңгені құрап отыр. Соңғы 5 жылда өнім импорты 4,6 есе өсіп 2235,5 млн. АҚШ долларын құрып отыр.

ҚР ҰЭМ СК деректеріне сүйенсек, 2014 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынарының сату үлесі жалпы тұтыну құрылымында 11% құрағанАл Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы берген деректер бойынша, отандық кәсіпорындардың бөлшек нарықтағы сату үлесі шамамен 4% құрадыІшкі тұтынудың негізгі бөлігі ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алулары есебінен және мемлекеттік қорғаныс тапсырысынан қалыптасады.

Осылайша, жоғарыда аталған факторларды ескере отырғанда, отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. Өңдеу өнеркәсібі хатшылығы Комитеті мына бағыттарға назар аударуды ұсынады:

1) «KAZNEX INVEST» АҚ экспортшыларды қолдау бағдарламасына экспортқа бағдарланған жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын «Шатырлы брендтер» бағыты бойынша қосу.

2) Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының «ЭКСПО-2017», «УНИВЕРСИАДА-2017», «Рио-де-Женейродағы Олимпиада ойындары - 2016» шараларын жабдықтауға қатысуы бойынша жәрдем көрсету.

3) Заңсыз және контрафактілі өнімді әкелуге, өндіруге және оның айналымына қарсы іс-қимыл мақсатында жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жүйесін енгізу жөнінде шаралар қолдану.

4) Салық салынатын табыстың негізгі бөлігі өндірісті қайта қаржыландыруға жұмсалады деген шартпен, толық цилды өндірісі бар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ҚҚС-тан босату жөніндегі мәселені қарау.

5) Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілер өнімінің 2015-2019 жж Жеңіл өнеркәсіпті қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында ішкі нарықта сатылуының өсуін ынталандыру жөніндегі тәсілдер мен ұсыныстар дайындау.

6) Отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысуы кезінде жайғасымын күшейту үшін өндірістерді ірілендіруге жәрдем жасау (консорциумдар құру). 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер