astana-view

Қазақстанда машина жасау өндірісі төмендеді

2016 жылғы 25 Наурыз
14419 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жиынтық талдау департаменті өнеркәсіптің 2016 жылдың ақпанындағы жағдайы туралы деректерді дайындады

2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында Физикалық көлем индексі (ФКИ) 0,3%-ға төмендеген. Өнеркәсіп секторының өсімі 2015 жылдан бастап елеулі түрде төмендей бастады, ал 2013 жылдан бастап ол «қимылсыз арнаға» айналды.

1 сурет. Өткен кезеңнің қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсіптің ФКИ, %

Өңдеу өнеркәсібі. Өңдеу өнеркәсібі секторы негізінен металлургия өнеркәсібі (10,6%), азық-түлік өнімдері (4,1%),  химия өнеркәсібі (1, 4%) есебінен және негізгі фармацевтік өнімдер (0,8 %) есебінен біршама өсімді көрсетті.

Машина жасау секторында да күрт төмендеу байқалады (2015 жылдың қаңтар-ақпан айларына -32,6%). Сектор ішінде:

- автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі (-86,1%);

- компьютерлер, электронды және оптикалық өнім өндірісі (-57,7%) төмендеген.

2 сурет. Машина жасау салаларының құлдырауға ұшыраған ФКИ, %

2 сурет 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында экономикасы біршама құлдыраған өнеркәсіп секторларының ФКИ өсімі дағдарысқа дейінгі кезеңде – 2013 жылдан бастап азайа бастағандығын көрсетеді.

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлер жасау. Өңдеу өнеркәсібі тәрізді бұл сектордың өндірісі де төмендеген (2015 жылдың қаңтар-ақпан айларына қарай 0,9%-ға). Темір кенін (27,3%-ға), тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер (8,3%-ға), көмір және лигнит өндіру (7,7%-ға) есебінен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнім шығару елеулі түрле төмендеген.

Өңірлерге қарай көрсеткіш

1 кесте. Өңірлердегі өнеркәсіп көрсеткіштері

Облыс

2015 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы кезең үшін ФКИ

Өнеркәсіп өнімінің 2015 жылдағы көлемі, млрд.теңге

2015 жылдың 9 айы үшін ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп үлесі, %

1

Ақмола

126,2%*

313

26,7%

2

Қарағанды

106,8%

1 365

41,6%

3

Жамбыл

105,3%

275

26,8%

4

ОҚО

104,5%

668

26,9%

5

Атырау

103,2%

3 414

86,3%

6

Алматы

102,2%

554

27,2%

7

БҚО

102,1%

1 260

71%

8

СҚО

101,5%

168

20,4%

9

Астана қ.

101,2%

344

6,6%

10

Маңғыстау

100,5%

1 552

72,2%

11

Алматы қ.

98%

646

8,3%

12

ШҚО

95,9%

1 023

44,3%

13

Ақтөбе

95,4%

984

57%

14

Павлодар

94,2%

1 031

57,3%

15

Кызылорда

89,1%

606

49,6%

16

Қостанай

80,7%

431

32,2%

*түсті градиент бағандар бойынша таралады. Қаншалықты қошқыл болса, көрсеткіш соншалықты жоғары болады

16 өңірдің 5-еуінде 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін шығару деңгейінің төмендегендігі белгіленген.

ФКИ төмендеген өңірлер қатарында (1 кестедігі №11-16) негізгі өндірістің өңірлер құрамына кіретін 3 өңір бар – ШҚО, Павлодар және Қызылорда, сонымен қатар олар Ақтөбе облысымен бірге ондағы ЖӨӨ-нің жартысы өнеркәсіп секторы есебінен қалыптасатын өңірлердің қатарына кіреді.

Жоғарыда көрсетілген өңірлерде ФКИ төмендеуінің бірнеше маңызды факторларын атап өтейік:

- ШҚО-да мыс концентратында мыс, мыс-мырыш кені, мыс концентраттарын өндіру төмендеген, тазартылған алтын мен күміс өндірісі азайған..

- Ақтөбе облысында мұнай, хром кендері мен концентраттары, мыс концентраттары мен мыс-мырыш кендерін өндіру төмендеген.

- Павлодар облысында тас көмір өндіру қысқарған, ферросиликомарганең, керосин, дизельді отын мен электр энергиясы өндірісі азайған.

- Қызылорда облысында мұнай, ілеспе мұнай газы және өнеркәсіп сипатындағы қызметтер өндірісі төмендеген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер