astana-view

Заңға сәйкес бөліп төленеді

2016 жылғы 28 Наурыз
6221 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы жердің нысаналы мақсатын өзгерту барысында жер телімінің кадастрлық құнын төлеу мерзімін ұзартуға қол жеткізді

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында кадастрлық құнды төлеуге қатысты бірнеше кәсіпкерлерден өтініш түскен болатын.

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері мән-жайды анықтау барысында мынадай түйткілді анықтады. Жергілікті атқарушы орган жер қатынастарына қатысты қаулыны шығару барысында жер иесіне қаулы тіркелген күннен бастап 1 ай мерзім ішінде кадастрлық құнды төлеуді міндеттейді. Бұл жерде ескеретін мәселе, жер телімінің кадастрлық құны Қызылорда қаласында жердің орналасқан орнына және көлеміне қарай 2 млн.теңгеге дейін жетуі мүмкін.  Ал бұл қаржыны кәсіпкерлердің, әсіресе, шағын кәсіп иелерінің 1 ай көлемінде бірден төлеу мүмкіндігі болмай отыр.

«Бұл мәселе кәсіпкерлерге айтарлықтай қиындық тудыратыны сөзсіз. Біздің Палатаға әзірге өтінішпен келгендері бірнеше кәсіпкер ғана болғанымен, олардың саны бұдан да көп екендігіне көзіміз жетті. Біздің мамандар жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды мұқият зерттей отырып, кадастрлық құнды келісім негізінде төлеуге болатындығын анықтады. Мәселенің маңыздылығын ескере келе, бұл сұрақты Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесіне шығарып, облыстық прокуратура, жер қатынастары басқармасы, қала әкімдігі өкілдерімен талқыладық. Нәтижесінде, жер телімінің кадастрлық құнын сату-сатып алу туралы келісім шартты жасау арқылы кәсіпкердің арызына сәйкес төлеу мерзімін ұзартуға болады деген келісімге келдік. Бұл жерде барлығы заңды. Заңнама талаптары толық сақталуда», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Осы орайда, жоғарыдағыдай мәселеге тап болған барлық кәсіпкерлер Палатаға келіп, өтініш білдіруіне болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер