astana-view

Қаңтар-ақпан айларындағы салық төлемдерінің өсім драйверлері

2016 жылғы 21 Маусым
6509 просмотров

2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында КТС (корпоративтік табыс салығы) мен ҚҚС (қосылған құн салығы) есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық 41,0% пайызға артқан

Екі есеге жуық өсім тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қатысты тіркелген. Ranking.kz ақпараттық талдау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, төлемдердің ірі көлемі (42,3%) кіріс салығына тиесілі екен.

2016 жылдың сәуір айында еліміздің мемлекеттік бюджеті 0,5 трлн салық алды (бір жыл бұрынғыға қарағанда 46,5% көбірек). Соңғы 12 жылдың ішінде салықтық түсімдердің мейлінше көп бөлігі желтоқсан айына тиесілі болды (0,7 трлн тг), бұл жылдық есеп берудің жабылуымен түсіндіріледі.

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюждетке түскен салық төлемдерінің жалпы көлемі 1,9 трлн теңгеге тең болып, 41,0%-ға жетті. Мемлекеттік бажды қоспағанда, салықтың барлық санаттарында ақшаға шаққандағы өсім тіркелген. Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге салынатын ішкі салықтардан бөлек төлемдердің басқа санаттары есептік кезеңде жалпы республикалық жиынтық көрсеткіште үлесін азайтқан.

Кіріс салығынан түсетін бюджеттік кіріс қаңтар-сәуір айларында 29,5%-ға, яғни 0,8 трлн теңгеге артқан. КТС-ға бұл санатта көлемнің үштен екісі тиесілі. Бұл есептік кезеңде қазақстандық салық төлеуші кәсіпорындардың жиынтық кірісінің артқандығын көрсетеді.

Тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге салынатын ішкі салық белсенді түрде артқан. Есептік кезеңде келіп түскен салықтық түсімдер ақшаға шаққанда екі еседен аса артқандығын (0,5 трлн теңгеге дейін), ал салықтың жалпы көлеміне қатысты 10,3 пайыздық көрсеткішке артқандығын көрсетіп берді. Сонымен қатар осы санаттың ішіндегі өсім ҚҚС есебінен өскен (151,5% өсім, 0,4 трлн теңгеге дейін). Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың мамырында бизнес-ортаның ашықтығын арттыру аясында ҚҚС-ны сатылымнан түсетін салықпен ауыстыру туралы шешім қабылданған еді.

Осылайша, қаңтар-ақпан айларында салық төлемдерінің өсім драйверлері КТС мен ҚҚС болды.

Салық түсімдері құрылымындағы негізгі сала – кіріс салығы (барлық салықтың 42,3%-ы), екінші орында тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ішкі салықтар (30,5%), үшінші орында халықаралық сауда-саттықтар мен сыртқы операцияларға салынатын салық (14,3%).


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер