astana-view

Ұлттық туризм саласындағы кемшіліктер

2016 жылғы 21 Маусым
13193 просмотров

Кәсіби гидтердің тапшылығы, тым «жұмсақ» заң және отандық турфирмалар арасындағы өзара байланыстың жоқтығы – отандық турбизнестің дамуына жол бермейтін мәселелердің бірқатары, міне, осылар.  

Қазақстанның шын туристік болмысы  

Қазақстандық туристік сала өзінің «жанды жерлерін»  анықтап жатқанда, көрші елдердің гидтері  еліміздің  көз тартар көрікті тұстарын  көрсетіп,  жол нұсқап, белсенді түрде ақша табуда, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.  Қырғызстанның экскурсоводтары өз елдерінің туристерімен бірге еріп келіп, Қазақстан бойынша экскурсияны дербес жасайды және ешқандай салық салынбайтын кірісті елден алып кетеді.  Сонымен бірге бұл жерде сапа, қауіпсіздік жайлы әңгіме де  жоқ. Оның үстіне еліміздің тарихы, табиғаты, мәдениеті және археологиясы жайлы жеткілікті ақпараты жоқ шетелдік гидтер Қазақстанның беделіне, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерді өзінің турөнімін сату мүмкіндігінен айырып, өңір бюджетіне де зор нұқсан келтіреді.

Алайда экскурсиялық  бизнесті қаусырған шетелдіктерге таңырқаудың қажеті шамалы, өйткені Қазақстанның өзінде мұндай қызмет көрсетемін деп құлшынып тұрғандар жоқ. 

«Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, бүгінгі таңда  небары бірнеше гидтер ғана қызмет етеді, соның өзінде олар тек әйгілі нысандарды ғана көрсетеді, өңірдегі  туристік мүмкіндікті толық көлемде ашпайды.  Бұл білместік пе, әлде қызығушылық жоқ па? 

Сонымен бірге іс-қызмет басталуы жайлы хабарлама беріп, аккредитация алған,  турагенттердің, гид-аудармашылардың, туризм экскурсоводтары мен нұсқаушылары мемлекеттік электрондық тізбесін жүргізуге қатысты норма   ҚР «Туристік іс-қызмет туралы»  Заңында бар. Шын мәнісінде мұндай тізбе ҚР  ИДМ Туризм индустриясы департаменті жанында да бар. 2016 жылдың басында мұнда 19 экскурсовод және 11 гид болды. Астана қаласында 17 экскурсовод және 11 гид, ал Павлодарда 2 экскурсовод және бір гид бар.

Туризм индустриясы  департаменті сайтында орналасқан ресми мемлекеттік тізілімнен  бөлек, Қазақстан  туристік қауымдастығы  жүргізетін ерікті тізбе қолданыста. Бұл тізбеде өткен жылы 60-тан астам экскурсовод болды.  Сонымен қатар, аккредиттелген  мамандардың көпшілігі – 34-і Алматыда шоғырланған, Ақмола облысында –  14, Таразда – 6, Ақтөбеде – 3,  Қарағандыда – 2, Орал мен Павлодарда бір-бір маман  бар, ал Астанада бірде-біреуі жоқ.

Осы тізбеге кіретін  экскурсоводтардың бірі,  туристік саланың мамандарын даярлаумен шұғылданатын жоғары санаттағы әдіскер Бақыт Оразымбетованың сөздеріне қарағанда, мұндай қарапайым тізілім экскурсовод мамандығының сирек кездесетін және беделсіз  мамандыққа айналып бара жатқандығынан хабар береді. 

«Жастар бұл мамандыққа бармайды. Мен оларды тіпті түсінбеймін. Егер бұрын кеңес заманында біз маусымына 200-300 сом тапсақ, қазіргі экскурсоводтар, белсенді жұмыс болған жағдайда әрең-әрең 100 мың теңге табады. Бірнеше тіл білгендер ғана азды-көпті ақша табады, мұндайлар бізде аз. Кеңес заманында қысқы кезеңде бізді Самарқан, Бұқара, Санкт-Петербург  қалаларына біліктілікті  арттыру үшін жіберетін, біздермен айналысатын, ал қазір анда-санда еске алады, оның өзінде тым қажет болған шақта. Бұрын саяхат бюросында штатта 60 экскурсовод және штаттан тыс 300 экскурсовод жұмыс істейтін, олардың барлығы қажет еді, тіпті бос уақытымызда қосымша ақша табатынбыз. Ал қазір экскурсоводқа жүктеу де мардымсыз.  Себеп: ішкі және жолға шығу туризмінің дамымауы»,– деп қынжылады Бақыт Оразымбетова.

Бірақ кәсіби кадрлар бүгінде тапшы болғанымен, кәсіби еместер де жетіп артылады. Астанада мысалға, мән-жайды, пәнді білместен, ниеті болса болды, гид болып кім көрінген істей береді. Астаналық Туризм ассиоциациясы  президенті Рысты  Карабаеваның  сөзіне қарағанда,  «өзімен өзі» қызмет көрсететін нарықтың тәртібі мен дауы жоқтығы, жергілікті мамандардың тізбесі болмауы да экскурсоводтар үшін әкімдік тарапынан толығымен жасалмаған талаптар мен ойын ережелеріне себепкер.

«Жуырда шетел тілін білмейтін, осыған қарамастан соңғы 3-5 жыл ішінде шетелдіктерге экскурсия жасап, сағатына 5000 теңге табатын ОҚО-дан шыққан екі жігіт қауымдастыққа шағымданды. Олар Хан Шатыр маңында табличкамен жүреді, басқадай ұсыныстар жоқ болғандықтан, бұлардың қызметін көрушілер көп. Сендер нені әңгімелейсіңдер деген сауалға олар «Біз көбіне нысандарды көрсетеміз» деп жауап берді. Олар қауымдастықтан оқытудан өткені жайлы сертификат сұрады, біз бұдан бас тарттық, есесіне 2 айлық оқудан толық өтуді ұсындық. Олар «Біздің оқуға барып жүретін уақытымыз жоқ, ақша табуымыз керек» деп жауап айтты. Астаналық туристік қауымдастық Астанадағы экскурсоводтарды реттеу бойынша бірнеше мәрте мәселе көтерді, бірақ қала билігі бұл мәселені елемегенсиді. Мәселен, әкімдік жанындағы сараптау комиссиясы ақпан айында мәселені қараудан бас тартты»,– деп әңгімеледі ол.   

«Атамекен» ҰКП Қазақстанда гидтер мен экскурсовод мамандығына бекітілген біліктілік талаптары, сондай-ақ бұл қызметті көрсету кезіндегі заңдық талаптарды сақтау бойынша бақылау механизмдері жоқтығы  бұл нарықты жүрдім-бардым дегендей ретсіздікке айналдырады деп санайды.

Сонымен қатар Палата гидтің, гид-аудармашылардың, туризм экскурсоводтары мен нұсқаушыларының құқықтық мәртебесі жоқтығы да үлкен мәселе болыр тұр деп есептейді. Мамандардың пікірінше, ҚР «Туристік іс-қызмет туралы»  заңында  бұл мамандардың міндетті іс-қызмет аясын, құқықтары мен міндеттерін еш түсіндірместен іс жүзінде бірдей ұғымдар беріледі: «Экскурсовод – туристерді  уақытша болған елде (жерде) туристік ресурстармен таныстыру бойынша экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, тиісті біліктілігі бар, кәсіби дайындалған жеке тұлға. Гид  (гид-аудармашы) – туристерді  уақытша болған елде (жерде) туристік ресурстармен таныстыру бойынша экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, тиісті біліктілігі бар, кәсіби дайындалған жеке тұлға».

 Халықаралық тәжірибе

Қазақстаннан бір айырмашылығы, шет елде гидтерге тіпті өз елінің басқа өңірінде экскурсия өткізуге рұқсат алу қиын-ақ. Мысалы, Францияда, Италияда, Батыс Еуропаның басқа елдерінде «ұлттық гид» деген түсінік бар, ол – бойында бар білім деңгейімен және  құзыретімен елдің кез келген өңірінде жұмыс істей алатын, ұлттық гид-аудармашы дипломына, сондай-ақ өнер, мәдениет, археология және сәулет саласында дипломға ие, туризм министрлігінде емтиханды табысты тапсырған адам.

Израильде, мәселен, экскурсовод лицензиясын алу үшін толыққанды бағдарламамен қаныққан, екіжылдық, қымбат оқу курсынан өту талап етіледі, бұған Израильдің археологиясы, дін тарихы, жан-жануар мен өсімдіктер әлемі кіреді, сонан соң еңбек өтілінен өтеді, мемлекеттік емтихандарды тапсырады, оқтын-оқтын алынған лицензияны растау бойынша  біліктілік курсынан өтуге  тура келеді. Жапонияда 2007 жылдың 1 қазанынан бастап лицензияланбаған гидтердің жұмысына тыйым салынған. Ал Гонконгта 2010 жылдан бері тіпті  экскурсоводтарға арналған «айыптық балл» жүйесі енгізілген. Егер экскурсовод 2 жыл ішінде 30 айыптық балл жинаса, оның лицензиясының іс-әрекеті автоматты түрде тоқтатылады.  

Кедендік одақ елдерінде экскурсиялық қызметке өте байыпты қарайды.  Мысалға, көрші Ресейде мамандарды толыққанды оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыратын гид-аудармашы, экскурсовод пен турменеджерлер  ассоциациясы жұмыс істейді. Ал Өзбекстанда бір қаладағы гид-аудармашы мектебінен өткен маман басқа қалада  экскурсия жүргізу құқын  алу үшін әрбір қаланың барлық ескерткіштері мен тарихы туралы  өте маңызды емтихан тапсыру талап етіледі. Өзбекстанда гид-экскурсоводтардың жұмысы Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің «Туристік іс-қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы»  қаулымен, «Туристік қызметті сертификациялау тәртібі» сияқты нормативті-құқықтық актілерімен реттеледі.

«Атамекен» ҰКП қызмет көрсету саласы департаменті Қазақстан да шетелдік әріптестеріміздің  жолымен жүретін кез келді және елде сауатты гидтер мен экскурсоводтар дайындаудың стратегиялық маңыздылығын ескере келе, көрсетілетін сапаны бақылау қажет деп ойлайды. Бір ерекшелігі, ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін өткізер алдында гидтер мен экскурсоводтар іс-қызметін міндетті түрде лицензиялау және сертификациялау, оқыту және емтихандар тапсыру, сонымен бірге әр үш жыл сайын біліктілікті растау жолымен реттеу, бекітілген үлгі бойынша аккредиттелген гид картасын алу үшін гидтерге біліктілік талаптары мен міндеттерін қалыптастыру қажет. 

Палата мамандарының пікірінше, гидтерге қойылатын негізгі талаптар арасында мыналар болуы керек: TOEFL, IELTS, DAAD, Kaztest  сияқты халықаралық тестілер арқылы тіл білуді растау, қатысушы ретінде экскурсияның кеміндле екі маршрутын өту және сынама гид кемінде екі маршрут өтіп, міндетті іс-тәжірибелік  дайындық. Мұндай талаптар  Лондон, Вена, Париж, Мәскеу гидтеріне де қойылады. 

Ойынның анық ережелері белгіленсін

«Атамекен» ҰКП қолданыстағы ӘҚБК-ке өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. Сертификатпен рұқсат етілмеген аумақта экскурсиялық қызмет көрсетуге тыйым салынсын, шетелдік адамдарға экскурсиялық қызмет көрсеткені үшін  ел шегінен тысқары жерге шеттетететін  әкімшілік шаралары енгізілсін. Бүгінгі таңда, ҚР «Туристік іс-қызмет туралы» заңында тек қазақстандықтарға ғана экскурсиялық іс-қызметпен шұғылдануға рұқсат ететін норма жұмыс істемеуде. Ал қазақстандық гидтерге экскурсиялық қызмет көрсету ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік шараларының бірі ретінде сертификаттың іс-әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтатуды  қолдану ұсынылады. Мысалы, аккредитация картасын басқа адамдарға беру, аккредитацияны заңсыз жолмен алу, турфирма, көрсету және мұражай нысандары, туристер тарапынан негізді арыз бар болған жағдайда . 

Қазақстандық туристік бизнес тыныс-тіршілік ететін айқын ережелер өңірге, ШОБ-ке жағымды экономикалық әсер етер еді, ал қазақстандық турфирмалармен өзара тиімді ынтымақтастықты жөнге салу ішкі туризмнің даму бастауына жол ашар еді.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер