astana-view

2016 жылдың ІІІ тоқсанындағы кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі туралы

2016 жылғы 14 Қараша
12855 просмотров

ҰКП жиынтық талдау департаменті ҚР Статистика комитетінің конъюктуралық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып ақпараттық-сараптамалық талдау дайындады

Конъюктуралық зерттеу – бизнес ахуалының сапасын бағалайтын, оның негізгі үрдістерінің қарқынын көрсететін, субъектілердің шаруашылық ерекшеліктерін, олардың мақсаттарын анықтайтын, қызметін шектейтін маңызды жағдаяттардың қысқа мерзімді ресми статистикалық мағлұматтарға қосымша ретінде жедел жиналатын ақпарат.

Зерттеу тоқсан сайын кәсіпорындардың басшыларынан алынатын сауалнамаға негізделеді, басшылар өз кәсіпорнындағы жағдайдың сапалық бағасын беруі тиіс, әрі кәсіпорынның алдағы 2-3 айдағы ықтимал өзгерістерге болжам жасауы керек.

Конъюктуралық зерттеу іріктеуге сай жасалады. Іріктеуге еліміздің барлық облыстарындағы ірі және орта кәсіпорындар қатысады. Іріктеу арқылы таңдалған кәсіпорындар саны тіркелген кәсіпорындардың жалпы санының 6%-ын құрайды. 2016 жылдың ІІІ тоқсанында сауалнама жүргізілген кәсіпорындар саны – 4929-ды құрады. Қазіргі таңда конъюктуралық зерттеу мынадай салаларда жүргізіледі: өндірістік (854 кәсіпорын), ауылшаруашылық (1520 кәсіпорын), құрылыс (388 кәсіпорын), сауда (1383 кәсіпорын), көлік (442 кәсіпорын), байланыс (196 кәсіпорын), туризм (146 кәсіпорын). 

Кәсіпорындардың 2016 жылғы ІІІ тоқсандағы іскерлік белсенділігі туралы мәліметтермен мына жерден таныса аласыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер