astana-view

Мүлік иесіне қайтарылды

2016 жылғы 23 Желтоқсан
4584 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқығын дер кезінде қорғады

Шағын бизнес өкілдері шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен жиі зардап шегеді. Олар осындай проблемалармен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына немесе оның өңірлік филиалдарына қолдау сұрап барады.

«Деликатес Маркет» ЖШС директоры Владимир Овчаренко да сондай жағдайға тап болды. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің салық және салалардағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық дерегін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеместен, оның дүкеніне, қоймасына тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 185 мың теңге болатын темекі өнімдерін тартып алған.

«Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері біздің арызымызға дер кезінде жауап қатып, облыстық прокуратурамен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасымен бірлесе отырып, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Ақтау қаласының прокуроры тәртіптік іс қозғап, мүлік өзімізге қайтарылды», – делінген ісі оңынан шешілген кәсіпкердің ҰКП-ға жолдаған хатында.

Бизнесмен Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасына шұғыл көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер