astana-view

Жас кәсіпкер отандық велонарықты қалыптастыруда

2017 жылғы 01 Наурыз
2636 просмотров

Өмірінің тұрақты серігіне айналған спорт Дәулет Құрманбаев үшін маңызы зор. Сүйікті ісің табысты іске айналдыру жас кәсіпкерге жаңа мүмкіндіктер ашты. Бүгінде Дәулет салауатты өмір салтынымен қатар экологиялық таза көлік түрі – велосипедтерді  насихаттайды.

Дәулет, спортқа қалай келдіңіз?  

Балалық шағым  Атырау қаласында өтті. Үйміз өзен жағасында орналасқан болатын, қаладағы балалар үшін бүгінгідей ойын-сауық болмады. Сондықтан жастайымнан  баскетбол, жүзу, күрес, каратэ, жүгіру сынды барлық спорт түрлерімен айналыстым. 6 жасымда әкем «Школьник» атты велосипед алып берді, қуанышымда шек болмады. Күні бойы ағам екеуміз қаланы шарлайтынбыз. 12 жасымнан бастап велоспортқа жазылдым. Алайда велосипедттер болмаған соң спортты тастадым, бірақ велосипедтерге деген құлшынысым қалды. Осылайша 15 жыл өткен соң Малайзияда өткен Ironman жарысында медаль жеңіп алдым.  

Ironman – триатлон бойынша жарыс. Бірінші 3,86 км жүзіп өтіп, велосипедпен 180 км жүріп, 45 км жүгіру керек.  Қазақстанда аталған дистанцияны 15 шақты адамға ғана өткерген. Ең мықтысы менің бапкерім Павел Артюшенко.

–Велосипед сатуды неліктен қолға алдыңыз: материалдық қажеттілік пе жоқ жастарды спортқа баулығыңыз келеді ме?

–Бизнеспен мен отандық ақша девольвацияға ұшырағанда айналыса бастадым. Мен жұмыста қысқарып қалдым, әйелім болса аяғы ауыр. Өмірім құдды бір класиикалық голливуд фильміндей өрбіді. Сол жағдайда мен спортты насихаттау, патриотизм туралы ойламадым да. Үлкен мегополисте өмір сүру, қалайда ақша тауып, тамақ алып, пәтер ақысын төлеу керек болды. Ал насихат үшін үлкен қаржы қажет еді. Тауарды жарнамалау үшін менің қолымда әлеуемттік желілер мүмкіндіктері ғана болды. Салауатты өмір салты дұрыс бағыт екенін адамдар түсініп келеді. Сондықтан бұл сұрақта спортқа қатты беріліп немесе ауыр жұмыс аптадан соң бір шөлмек шарапқа тартылмаған жөн. Ақылға жүгінген дұрыс.

–Велосипед сататын қанша сауда нүктелеріңіз бар? Естуімше, биыл сан алуан велосипедтерді ұсынатын дүкен ашқалы жатырсыз. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын қолдандыңыз ба? 

–Бүгінде бір сауда нүктем Алматы қаласында. Менің франшизам бойынша  Орал қаласында дүкен жұмыс істеп тұр, сонымен қатар Ақтөбе мен Атырау қалаларында өкілдеріміз бар.  Әзірге онлайн сауда қызып тұр. Вело сауда негізінен маусымдық бизнес. Үш жыл қатарынан   көктем-жаз айларында велодүкенді ашамын. Биылғы жылы тұрақты түрде нарыққа шықпақ ойым бар. Мемлекет қолдауына жүгінбедім.

–Жеке кәсіпкерлікте сіздің ойыңызша қандай әкімшілік кедергілер бар? 

–Менің ойымша құжаттарды уақытында рәсімдеп, салықтарды уақытында төлеп тұрған кәсіпкерде қандай да бір мәселелер туындамайды.  

–Велосипедтерді қазақстандықтар ма, жоқ әлде шетелдіктер көбірек сатып алады ма? Жасөспірімдердің велоспортқа қызығушылығы қандай?

–Біздің ұсынып отырған тауарлар жергілікті нарыққа бағытталған. Шетелде велосипедтер арзан, тиісінше шетел нарығына бізге шығу мүмкін емес. Дамыған мемлекеттерде велосипедтер сұраныста, өйткені шекараның арғы жағында салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар көп, бұл жақсы тенденция.  Ал қазақстандық жастарға келетін болсақ қазір олар спортқа жақын. Желмен жарысып желетін, қанат бітіретін велосипедті кім жақсы көрмесін? Қазіргі таңда спорт селфилері жасау сәнге айналған. Триатлонмен айналысу гольф ойнамуен пара-пар.   

–Велосипедтердің ішінде қандай брендтер танымал, отандық велоөндірушілер бар ма?

–Giant, Cube, Centurion, Author, Cannondale сынды брендтер қашанда жақсы сұранысқа ие. Ал велоиндустрияның өзі үлкен ауқымда ғана тиімді, оған қазақстандық нарық тым кішкентай. 5 жыл бұрын Алматы қаласында «Номад» атты велосипедттерді құрастырған, алайда өндіріс ұзаққа бармады. Әлемдік нарық көрсеткендей барлық сапалы брендтер Қытай мен Тайваньда өндіріледі. Қазақстан, басқа да көп мемлекеттер оларға бәскелес бола алмайды. 

–Әлеуметтік желілердегі парақшаларыңыздағы тауар мен спортты насихаттайтын жарнамаларыңызға қарап дереу велосипед сатып алғын келеді. Жарнаманың басқа бағыттары бойынша жұмыс істеле ме? Жалпы маркетингке көзқарасыңыз қандай?  

–Иә, әлеуметтік желілерді жарнама үшін қолданамын, бұл тиімді жұмыс істейді. Әр жазбамның мағынасына, стилистикасына үлкен мән беремін. Сондықтан, телевизия арқылы жарнама жасауды тіпті армандамаймын да (күліп). Телевизия арқылы жарнама жасау  тауарды масс маркетке бағыттау ірі корпорацияларға тиімді. Радиоға келер болсақ, оданда «сыбыс радиосы»  арқылы көрсетілетін қызмет сапасына қарай сіз туралы таралған жақсы пікірдің болғаны жеткілікті. Қазіргі таңда ешкім тыңдамай, ауыстырып тастайтын радиодаға жарнамаға 300 000 теңге салғанша, Францияға ертең жол жүріп бара жатқан клиенттің велосипедін қаптау үшін әдемі қорапқа 3 мың теңге жұмсау абзалырақ. Жаңағы риза болған «француз» өзінің айналасындағы 20 досына сіздің дүкеніңіздегі жақсы сервис туралы айтып береді. 

–Велоиндустрия бойынша франшизалар бар ма? Оларды еліміздің нарығына енгізу керек пе?

–Қажет жоқ. Франшиза жасау үшін ондай «велосипедті» әлі ойлап тапқан жоқ. Бұл МакДоналдс емес қой (күліп).

–Бизнестегі алдағы жоспарларыңыз қандай?

–Өмірден рахат алу, бизнес әлемі өмір заңдылығына бағынатын ескеріп,  сол бақытта әрекет ету. Заманың түлкі болса, тазы болып шал, дейді емес пе, сондықтан не өзгересің не тасада қаласың.

–  Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әлия Кемелбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер