astana-view

Жаңа төреші: мемлекеттік орган мен бизнестің арасында кім тұр?

2017 жылғы 14 Тамыз
4840 просмотров

Көптен күткен Апелляциялық комиссияның жұмысы бастады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2011 жылдан бері тексерулер нәтижесі бойынша салық және кеден дауларын қарайтын Аппеляциялық комиссияны құру туралы мәселені бернеше рет көтеріп келді. КәсіпкерМүдделілер қайшылығы бар, тексеру жүргізу мен оны қарау бір жүйенің ішінде болған, сотқа дейінгі салық және кеден апелляциясын кәсіпкер тәуелсіз деп қабылданбаған.

Ұзақ та табанды талқылаулардан кейін Қаржы министрлігінің жанындағы Комиссия 2017 жылдың 1 шілдесінен өз жұмысын бастады. Оның құрамында Төрағамен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының мүшелерінен 6 адам кірді.

Комиссия жұмысы кәсіпкерлердің даулы мәселелердің сотқа дейінгі шешілуіне деген сенімін арттырады; тәуелсіз тәсілдемені қамтамасыз етеді; соттық талқылаудың санын азайтып, мемлекеттік кіріс комитетіне аумақтық органдар қызметінің сәйкестілігін тексеруге мүмкіндік береді.

Комиссия құрудың артықшылығы – мүдделер қайшылығының болмауында, яғни салық органдарынан өзгеше ұстанымдардың анықтығы және ең бастысы – салық және кеден мамандарымен орын алған мәселені талқылау барысына кәсіпкердің тікелей қатысуына мүмкіндік бар.

Бүгінде Комиссия мүшелеріне ҚР Қаржы министрлігінен 44 шағым жолданды: 32 шағым салық мәселесіне қатысты және 12-сі кеден саласына арналған. Кәсіпкерлердің салық дауына қатысты шағымдардың басым көпшілігі қылмыстық іс қозғалып, бірақ сот шешімі шықпаған немесе тіркеуді жарамсыз деп тану суралы сот шешімі бар жеткізушілермен өзара есеп айырысуы бойынша көбейтіп салық салумен байланысты.

«Атамекен» көптеген талқылауларда істі қылмыстық процестен азаматтық арнаға берілуі арасындағы шекті анықтау керектігін бірнеше мәрте көтерді. Егер қызмыстық іс қозғалса, онда қылмыстық процесті аяқтау қажет, яғни сот шешімінде нақты жеткізушілер мен нақты жалған мәмілелерді дәлелдеп, азаматтық өндіріске беру құқығынсыз көрсету керек.

Мұнымен қоса, егер жеткізушімен сатып алушы жалған мәміле жасаған болса, онда олардың кінәсы тың айыптау үкімімен расталуы керек.

Көп ретте мемлекеттік кіріс органдары қылмыстық іс аясында қылмыстық іс аяқталмаған, яғни қылмыстық іс аясында жеткізушінің айыптылығы немесе жазықсыздығы әлі дәлелденбегенде жеткізушілермен өзара есеп айырысу бойынша үстеме салық салады.

Тағы бір оқиғаны айтуға болады. Тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімі болғанда мемлекеттік кіріс органы құрылтайшының куәлігі дерегі бойынша оның заңды тұлғаны құруға қатыстылығы туралы сот шешіміне сүйеніп, корпоративтік табыс салығын көбейтіп салады.

Алайда, тексеру барысында тексеруші мәмілелердің нақты жасалуын зерттемейді, өйткені тіркеуді жарамсыз деп танығанға дейін заңды тұлға жұмыс істеді емес пе, шын мәнінде мәмілелер жасады, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар тауар, жұмыс, қызмет, жеткізуді орындады. Былайша айтқанда, заңды азаматтық-құқықтық келісімдер жасалып, орындалды.

Бірақ, тәжірибе жүзінде заңсыз тұлғаны тіркеу заңсыз деп тану барлық жасалған келісімшарттарды бірден заңсыз деп қабылдау керек деген түсінік қалыптасқан. Мұндай тәжірибе заңнама ережесіне қайшы.

Салық заңнамасы салық төлеу түріндегі салық міндеттемелерін орындауды бекітеді, салық органдарының келісімді сот шешімінсіз жарамсыз деп тануға құқы жоқ.

Комиссия салық және кеден заңнамасын тәжірибеде қолдануын жинақтау үшін құрылды. Кәсіпкерлермен, мемлекеттік кіріс органдарымен түсіндіру жұмысын жүргізуге ұсыныстар береді, келесі кезең заңнамаларға және нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстарға ұласуы мүмкін. Оның үстіне, салық органы тарапынан тексеру актісін сапасыз жасағаны анықталғанда тексерушіні тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер