Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына «TRANS-SERVIS» ЖШС директоры Алматы қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының заңсыз іс-әрекетіне қатысты шағым түсірді.

Шағымда Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2016 жылдың 17 мамырында талап арызының анықтау негізінде Жеке сот орындаушысы Ұйғын Ибраимов жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, сондай-ақ «TRANS-SERVIS» ЖШС-ның екінші деңгейлі банктердегі есептесу шоттарында жатқан талап арызында көрсетілген 682 960 теңге сомасында қаражатқа тыйым салған.

Сонымен қатар Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2016 жылдың 17 қарашасында аталған сот органының 2017 жылдың 17 мамырында анықтаған талап арызының күшін жоюға шешім шығарылды.

Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 17 қаңтарда Серіктестіктен 682 960 теңге көлемінде қарыз соманы алу туралы «DVD Puts» ЖК-ның талап арызындағызаңды күшіне енген шешімі қабылданбады.

Алайда жеке сот орындаушысы Ұйғын Ибраимов Серіктестіктің жоғарыда аталған тыйым салулардың алынып тасталғаны туралы өтінішін назарға алмады, тіпті екінші деңгейлі банктегі есептік шоттан мәліметтерді алып тастағаны үшін қтініш берушіден негізсіз сыйақы талап еткен.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз зерттеуін жүргізіп, нәтижесінде серіктестіктің есептік шотына қойылған тыйымдар алынып тасталды.

«Атамекен» палатасы қызметкерлері біздің өтінішімізді қараған уақытта жоғары біліктілік танытты», - деп атап көрсеткен «TRANS-SERVIS» ЖШС директоры өз алғыс хатында.