astana-view

Іскерлік салада қалам тербеп жүрген журналистердің біліктілігі қандай деңгейде?

2017 жылғы 21 Қыркүйек
5638 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дәстүрге айналған «Бизнестің жол каратсы-2020» бағдарламасы туралы үздік журналситік материалға БАҚ өкілдері арсында байқауды өткізді. Ұлттық палата Қоғаммен байланыс департаментіне жалпы 143 журналистік жұмыс келіп түсті

БАҚ өкілдерінің белсенділігі, әсіресе өңірдегі журналистердің арасында байқалды. Айта кетелік, 18 қыркүйек күні өтінімдерді қабылдау тоқтатылып, журналистік жұмыстар білікті мамандардан құрылған комиссия қарауына жіберілді.

Комиссия мүшелері әр мақаланы оқып, видео-сюжетті қарап, аудио жазбаларды тыңдады. Үздіктерді анықтау оңай болған жоқ. Ұйымдастыру комитеті мен комиссия мүшелері журналистердің жылдан жылға белсенділігі артып, материалдардың сапа деңгейі өскенін атап өтіп, жалпы байқаудың маңыздылығы туралы пікірлерін ортаға салды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, комиссия төрағасы Намазалы Омашев:

 – Қазір жалпы кәсіпті дамыту мәселесі басқа жанрлармен салыстырғанда журналистикада кеш дамыған сала. Өйткені, біздің шаруашылығымызда кәсіп бұрынан болғанымен, кәсіпкерлер дегенді кейінгі кезде өзінше бір шаруашылықтың негізгі механизмі ретінде жетілдіріп жатыр ғой. Сондықтан бұның журналистикасы да, Аллаға шүкір, қазір даму жолына түсті. Мына жерде 143 материал түскен. Материалдар жалпы алған кезде жаман емес. Кәсіпті дамытудың жергілікті жердегі проблемалары қарастырылған, проблемаларды аша алған, тілдері жатық, кәсіби тұрғыдан жетілген. Сондықтан, мұндай жұмыстардың біздің Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға өзінің әсері болатыны сөзсіз. Осындай байқауды өткізу журналистикаға да, жалпы шаруашылық мәселесіне де, кәсіпкерлікті дамытуға өте қажет деп ойлаймын.

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі, экономикалық шолушы Сұңғат Әліпбай:

– Бұл байқау өте қажет, әсіресе, шағын және орта бизнес дамытуда орны ерекше. Өйткені бұл тақырып қазақ журналистері үшін жеңіл тақырып емес. Бізде осы уақытқа дейін дәстүрлі журналистиканың өзінің салалары болды, бұл көбінесе әдебиет, мәдениет, руханият жағынан қамтылып келді. Нарық келгелі бері осы журналистикада экономикалық тақырыптарда жазу белені байқалады. Енді осыған ықпал етіп, ынталандырып отыру үшін осындай байқаулар ұйымдастыру қажет.

ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитеті Мұрат Әбенов:

–Мен екі жыл қатарынан байқау комиссиясы құрамына қатысып отырмын. Биыл байқауға қатысу өтінімдерінің саны артқаны қуантады. Жұмыстар сан алуан, қызықты. Мәселен, алдыңғы байқауларда сюжеттер бір сарынды, ақпараттық стильде болса, бүгінде олардың ақпараттық салмағы мен сараптамалық деңгейі өскен. Сараптамаларда бизнестегі мәселелер көтеріліп, сүбелі дәйектер келтіріліп, толымды ұсынымдар берілген, өзге мемлекеттердегі бизнестің дамуымен салыстыру бар. Сонымен қатар биыл радиодан гөрі телевизиядан өтінімдер басым. Келешекте өңірлердегі журналистерден белсенділік күтеміз. Өйткені ауыл тұрғындарына іскерлік ахуал, жалпы кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау жайында ақпарат қажет, ал оны жеткізуші – журналист.

«Астана» телеарнасының Бас директоры Ләззат Танысбай:

- Осы саланың маманы ретінде телевизиялық сюжеттерді көру қызықты болды. Омарта шаруашылығы, ет өңдеу кәсіпорындары жайлы репортаждар ерекше көңілімде қалды. Неге кәсіпорындар бәсекеге қабілетсіз, кедергілерді қалай азайтамыз деген сынды мәселелер көтерілген. Сюжеттерде қызықты тұстар, түсіру әдістері байқалды. Жұмыстар арасында қалыпты материалдар да кездесті. Жалпы үздіктерді таңдауда қазылар алқасының пікірі бір ойдан шықты.  

Тележүргізуші Динара Сатжан:

- 2002-2012 жылдар аралығында мен телевизияда жұмыс істедім. Әр сюжетім бірінші секундтан-ақ көрермен назарында қалуына күш салдым. Мәселен, девальвация немесе басқа бір тақырып болса, тау-тасқа шығып, ерекше стенд-ап жасауға, тырыстым, яғни бұл тек жаңалық сюжеті емес, тақырыбы ашылған сюжет болуына мән бердім. Бүгін осылай жан-жақты ойлайтын журналистер мен репортерлер жоғары баға алды.

Блогер Өркен Кенжебек:

 Атамекен ұйымдастырып отырған байқау, сериялық байқаулар журналисттердің осы экономика, шағын және орта кәсіпкерлік, бизнес саласы бойынша жазуға құлшындырады яғни ынталандырады. Тілшілер кеше ғана қарапайым болған адамдардың сәтті, табысты адамға айналған хиқаяларын жеткізіп отырса, басқа да жастардың арасында құлшыныс туады. Неге мен ол секілді болмаймын, осылай кәсіп ашуға болады екен ғой деген секілді сауалдар қойылып, ой туары анық.

Айтайын дегенім, осы секілді кәсіптерді, мамандықтарды, қайдан барып оқыса, қайда қосымша курстан өтсе болатыны жайында журналистер көбірек ақпараттандырса игі. Ал біздің халық жақсылыққа құштар, бір айтқанды қағып алады. Яғни, журналисттерде көп мүмкіндік бар.

Блогер Ғалым Байтұқ:

- Тілшілерді, журналистерді, жалпы журналистика саласын қолдау керек. Әрине, қаламын ұштап жүрген журналистер осындай шараларға қашанда қатысады. Бұл белгілі бір деңгейде ынталандыру тәсілі дер ем. Біріншіден, қатысушыларға кіші-гірім болса да қаржылық демеу бар. Қараңызшы, сіздің материалыңыз танылып қана қоймай, қаржылай марапатталады. Ал кәсіпкерлік және экономика тақырыбына келсек, қазір бұл өзекті тақырыптар. Әлеуемттік тұрғыдан алғанда бизнес халыққа көмектесу керек, бірлескен жобалар жүзеге асуы қажет. Осындай үдерістерді орындауда мұндай байқаудың рөлі зор.  

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер