astana-view

БАӘ Қазақстанда туризмді дамытуға қызығушылық танытып отыр

2017 жылғы 25 Қазан
4189 просмотров

«Атамекен» алаңында Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мохаммад Ахмадом аль-Джабермен кездесті. Жүздесудің басты тақырыбы – туризмді, сондай-ақ осы саладағы инвестицияны дамыту.

Елші мырзаның айтуынша, араб елінің инвесторлары туристік сала мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобаларға қызығушылық танытып отыр. Осыған орай «Атамекенді» өзекті мәселелер мен ортақ міндеттерді шешудегі сенімді серіктес ретінде таныған.

Мұнымен қоса Мохаммад Ахмад аль-Джабер БАӘ инвестиция құямын деген қазақстандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Юлия Якупбаева өз кезегінде қонақтарға Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды. БАӘ азаматтарының қысқы туризмге деген қызығушылығын ескере отырып Астана, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы кластерлер мүкіндіктеріне, сондай-ақ «Ұлы Жібек жолына» назар аударды.

Бізде БАӘ-ден келетін туристер қоятын сервистік талапты орындайтын нысандар көп. Мысалы, Алматы мен Астанада 5 жұлдызды жиырмаға жуық қонақ үй бар. Қала маңында қыс мезгіліне лайықталған түрлі нысан орналасқан. Шымбұлақты алайық. Сонымен қатар «Риксос» қонақ үй желісі мақтауға тұрарлық. Оның бірі Бурабайда орналасқан, елордадан алыс емес, - деді Басқарма Төрағасының орынбасары – ал орташа баға сегментіне қатысты айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысында тамаша нысандар бар. Тау шаңғысы демалысына қалайтын туристерге қажетті жағдай жасауға дайын. «Ұлы Жібек жолы» кластеріне енгізілген өңірлерде мәдени-тарихи нысандарды ерекше атап көрсетуге болады».

Юлия Якубаева өңірлерде туризмді дамытудың жол картасы дайындалғаны, осы саладағы негізгі жобалар мен электронды коммерциясыны дамытудағы қызығушылық жайында да ой бөлісті.

Тараптар сервис деңгейін арттыру, оның ішінде мамандардың әлеуетін арттыру есебінен дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндікті де талқылады.

Елші Ұлттық палатаның Қазақстанда қонақжайлылық мектебін бірлесіп құру туралы бастамасын қолдады. Елші мырзаның айтуынша, Қазақстан әуежайларындағы сервистік қызметтің деңгейін арттыру керек. Бұл салада БАӘ қонақтың әуежайдан алған әсеріне көп мән береді екен. Сонымен қатар ол жолаушылар мен жүкті қарау процедурасының да күрделілігіне назар аударды.

«Мысалы, көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға қарағанда Дубай әуежайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейі жоғары. Алайда, бізде процедуралар әлдеқайда жеңілдетілген. Жеке тұлғалық тексеруден гөрі, қауіпсіздікке және сырттай бақылаудағы жаңа технологияларға негізелген. Қауіпсіздік қонақтың жайлы жетуіне зиян келтірмей жасалу керек», - деп атап өтті елші.

Жалпы араб елінің туристері Қазақстанда өздерін жайлы сезінеді. Мұның ішінде гастрономиялық таңдау да бар.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан турады ақпараттық материалды бірлесіп дайындау, екі елдің туристік фирмалары анықтамалығын дайындау, туризм мен медицина қызметтерінде инвестициялық жобалар реестрімен алмасу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Жалпы, бірлесіп жұмыс істеудің қысқа жоспарын дайындауға келісім берді.

Анықтама үшін:

  • Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 1 қазанда бекітілген (25 жыл);
  • Қазіргі таңда екі ел арасында келісімдік-құқықтық база қалыптасып, 80-нен астам халықаралық, үкіметаралық және мекемеаралық келісім бар.
  • 2017 жылы 23 мамырда Астанада келіссөздердің қорытындысы бойынша Азаматтардың визасыз жүру туралы хаттамасына қол қойылды – ҚР мен БАӘ жалпыазаматтық парспорт иелері. Келісім 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
  • ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 21 қаңтарындағы №148 Қаулысына сәйкес БАӘ азаматтары Қазақстан Республикасына 30 күн визасыз келе алады.
  • Екі арасындағы жолаушы тасымалдауды AirAstana, AirArabia мен Fly Dubay компаниялары жүзеге асырады.
  • Астана/Алматы-Абу-Даби/Дубай/Шаржа бағытында тікелей рейстер бар;
  • 2020 жылы Дубайда «ЭКСПО Дубай ­– 2020» халықаралық көрмесі өтеді. Көрме 2020 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан аралығында  БАӘ Дубай қаласында өтеді. Қазақстан көрмеге қатысатындығын ресми түрде растады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер