astana-view

Тауардағы ақау кәсіпкердің мойнына 2,5 млн теңге ілер еді...

2017 жылғы 10 Қараша
- Алматы қаласы
3257 просмотров

Кәсіпкерді мемлекеттік сатып алулардағы жосықсыз өнім беруші тізіміне енуден де сақтап қалды

Алматы қаласы палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Кенжеш Нұрханова жеке кәсіпкердің құқығын қорғады.

Биыл қазан айында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына «Нұржігітова» ЖК «Құрмет белгісі» орденді Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ тарапынан негізсіз талап арызына көмек сұрап жүгінген еді. 2017 жылдың 9 шілдесінде жасалған мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт бойынша «Нұржігітова» ЖК МЕL-90 эксемирлі лазерлік жүйеге құны 2 429 280 теңге болатын эксемирлік қоспасы бар газ баллонын қоюға міндеттеме алған.

Тауар келісілген мерзімде, яғни 2017 жылдың 11 тамызында жеткізілген. Алайда «Көз аурулары» ҒЗИ эксимерші маман жоқ және баллон сырты сырылған деп тауарды қабылдаудан бас тартқан. Мұнымен қоса, тапсырыс беруші сәйкес келмеу туралы акт жасап, сотқа «Нұржігітова» ЖК мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіміне енгізу туралы арыз да жазған. Еске салсақ, жеткізушілердің аталған «қара тізіміне» ену кәсіпкерді 2 жыл қатарынан мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан айырады.

 6 қараша күні Алматы қаласы аудан аралық мамандандырылған экономикалық соты «Құрмет белгісі» орденді Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның «Нұржігітоваә ЖК жосықсыз жеткізуші деп тану туралы талап арызын қанағаттандырмады. Сәйкес келмейтін тауар дайныдаған зауытқа қайтарылды. Ал «Нұржігітова» ЖК Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мамандарының араласуымен 2,5 млн теңгесін сақтап, мемлекеттік сатып алулардағы «қара тізімге» ілінбеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер