astana-view

Апелляциялық комиссия қалай жұмыс істейді?

2018 жылғы 09 Қаңтар
1862 просмотров

Кәсіпкердің құқығын қорғайтын нақты тетік

«Апелляция» сөзі жас буынға мектеп табалдырығынан жақсы таныс. Оқу орнына түспес бұрын Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуде әр жетіспеген балды апелляция комиссиясына өтініш беріп, қорғап алуға болатынын баласы үшін уайымдаған ата-аналар да, түлектер де жақсы біледі. Ал үлкен өмірде де апелляциялық процедура бар.

Сот үкімі шыққан соң айыпталушы 10 тәулік ішінде сот үкіміне қарсылық білдіріп, сот үкімін жеңілдетуге немесе түбегейлі болдыртпауға мүмкіндігі бар, алайда ол үшін дәлелді дәйек келтіруі керек. Бұл сот процесіндегі аппеляция.

Мұндай апелляциялық комиссиялардан бөлек сотқа жеткізбейтін апелляциялық комиссия функциясы бар. Бұған қоса аталған процедура тек кәсіпкерлердің қызметі үшін қарастырылған.

Айта кетелік, 2017 жылдың 1 шілдесінен ҚР Қаржы министрлігінің жанынан сотқа дейінгі даулы және кедендік мәселелерді шешу бойынша Аппеляциялық комиссия өз жұмысын бастады. Шешімдердің шынайылық пен ашықтық деңгейін жоғарылату мақсатында комиссия құрамына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері кірді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2011 жылдан бері тексерулер нәтижесі бойынша салық және кеден дауларын қарайтын Аппеляциялық комиссияны құру туралы мәселені бернеше рет көтеріп келді. Кәсіпкер мүдделілер қайшылығы бар, тексеру жүргізу мен оны қарау бір жүйенің ішінде болған, сотқа дейінгі салық және кеден апелляциясын кәсіпкер тәуелсіз деп қабылданбаған.

Қандай жұмыс атқарылып жатыр?

Комиссия шағымдардың 50% бойынша шешімдерді кәсіпкерлердің пайдасына қарай шешті, бұл осыған дейін мемлекеттік органдардың шығарған хабарламаларының заңсыздығы туралы куәландырады. 

Шағым түскен, құқық бұзушылықтарды жою туралы әрбір бесінші хабарламаны мемлекеттік кірістер органдары Апелляциялық комиссияның шешім шығаруына дейін кері шақыртып алуда. Оның себебі – методологиялық негіздемесі  мен аналитикалық дайындығы болмай жүргізілген тексеру актілерінің төмен сапасы және қорытындының кейінгі дәрменсіздігі.

2016 жылы мемлекеттік кірістер органдары 11151 тексеру тағайындады (салықтар бойынша 10 087, кеден бойынша  1064), ҚР Қаржы министлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға 532 шағымды қарады (салықтар бойынша 405, кеден бойынша 127).

2017 жылдың 1 шілдесіне дейін тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды ҚР Қаржы министлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қарады, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 412 шағым қаралды (салықтар бойынша 372, кеден бойынша 47).

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссия қарайтын болды. 

2017 жылдың үш тоқсаны ішінде ҚР Қаржы министрлігіне 121 шағым түсті (салық бойынша 101, кеден бойынша 20), оның ішінде 31 шағым (салықтар бойынша 19, кеден бойынша 12) Апелляциялық комиссияның отырысында қаралды.

Кәсіпкер ісін сотқа жеткізбеу шаралар жетілу үстінде

Сонымен бірге, салықтық және кедендік дауларды сотқа дейінгі реттеудің бұл тетігінде бірқатар проблемалық мәселер бар:

- «Атамекен» ҚР  ҰКП өкілінің комиссияда дауыс беру құқығы жоқ;

- көптеген жағдайларда «Атамекен» ҚР ҰКП қарсылығына қарамастан, мемкірістер органдарының пайдасына қарай шығарылады;

- шағымдарды Апелляциялық комиссияда қарау сатысында, Мемкірістер комитеті хабарламаларды заңсыз кері қайтарып алады. Оның себебі – методологиялық негіздемесі  мен аналитикалық дайындығы болмай жүргізілген тексеру актілерінің төмен сапасы және қорытындының кейінгі дәрменсіздігі.

«Атамекен» көптеген талқылауларда істі қылмыстық процестен азаматтық арнаға берілуі арасындағы шекті анықтау керектігін бірнеше мәрте көтерді. Егер қызмыстық іс қозғалса, онда қылмыстық процесті аяқтау қажет, яғни сот шешімінде нақты жеткізушілер мен нақты жалған мәмілелерді дәлелдеп, азаматтық өндіріске беру құқығынсыз көрсету керек.

Мұнымен қоса, егер жеткізушімен сатып алушы жалған мәміле жасаған болса, онда олардың кінәсы тың айыптау үкімімен расталуы керек.

Көп ретте мемлекеттік кіріс органдары қылмыстық іс аясында қылмыстық іс аяқталмаған, яғни қылмыстық іс аясында жеткізушінің айыптылығы немесе жазықсыздығы әлі дәлелденбегенде жеткізушілермен өзара есеп айырысу бойынша үстеме салық салады.

Комиссия салық және кеден заңнамасын тәжірибеде қолдануын жинақтау үшін құрылды. Кәсіпкерлермен, мемлекеттік кіріс органдарымен түсіндіру жұмысын жүргізуге ұсыныстар береді, келесі кезең заңнамаларға және нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстарға ұласуы мүмкін. Оның үстіне, салық органы тарапынан тексеру актісін сапасыз жасағаны анықталғанда тексерушіні тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.

Әлия Кемелбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер