«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

3 млн теңгелік дау

12 Ақпан 2018
1209 просмотров

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ (тапсырыс беруші) және «ПСД Строй-проект» ЖШС (орындаушы) арасында темір жолдары, электр тарату желілері, байланыс желілері, ғимараттар, құрылыстарға арналған жер учаскілеріне құқықтарды рәсімдеу бойынша қызметтерді сатып алу туралы  2016 жылдың 18 қазанында №1068-ЦЖС ұзақмерзімді келісім жасалды

 Орындаушы 2016 және 2017 жылдар бойынша жұмыстарды орындауға міндеттелді. 2016 жыл үшін қызметтер айтарлықтай орындалды, ал 2017 жыл үшін әлі ешқандай міндеттер жасалған жоқ.

 Осыған байланысты тапсырысы беруші орындаушының мекенжайына 2017 жылдың 29 желтоқсан күні келісімшартты бұзу туралы хат жолдап, онда 3 618 596,80 теңге көлеміндегі айыппұл мен өсімпұлды көрсетеді.

Өз кезегінде  орындаушы «ПСД Строй-проект» ЖШС «Атамекен» ҚР ҰКП көмегіне жүгініп, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келісімшарт негізінде орын алған жағдайды шешуді сұрайды.

 «ПСД Строй-проект» өтінімінде көрсетілгендей, 2017 жылы жасалу керек жұмыс көлемі оларға 2017 жылдың 19 мамыр күні жіберілген, яғни 5 ай кешіктіріліп берілген. Онда жер учаскілерін рәсімдеу үшін нысандар нақтыланбаған. Сонымен қатар тапсырыс беруші  орындаушыдан жұмысты «өткен датамен» 2017 жыл 1 сәуір күнімен рәсімдеуді сұраған.  

 «Атамекен» дауды сотқа дейін шешу мақсатында 2018 жылдың 26 қаңтар күні өз алаңында тапсырыс беруші мен орындаушыға арнайы кездесу ұйымдастырды. Келіссөздерді жүргізу барысында орындаушы тарапынан  2017 жылға жұмыс көлемін ішінара  орындау бойынша барлық құжаттар берілді, алайда тапсырыс берушінің ұстанымы өзгерген жоқ.

Орындаушыға консультативті-құқықтық көмек көрсетіліп, ары қарай сотқа жүгіну ұсынылды. 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Ұқсас жаңалықтар:

Серіктестер