astana-view

Атбасарлық кәсіпкерлер сертификат үшін 200 шақырым жол жүрген

2018 жылғы 22 Ақпан
- Ақмола облысы
4855 просмотров

 Атбасар ауданы Ақмола облысының егін егетін ірі аймағы. Оның үлесіне өңірден өсетін бидайдың үштен бір бөлігі тиесілі. Атбасарлық бидай мен ұн Қазақстан территориясына ғана емес, шетелге же экспортталады. Атбасарлық ұнның басты ипортерлерінің ішінде Өзбекстан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қытай бар. Осыған байланысты мұндай өнімге сүйемелдеуші құжаттар керек, атап айтқанда «Тауардың шығу тегі сертификаты»

 Атбасарлық кәсіпкерлердің мәселесі әр сертификат үшін олар облыс орталығына баруға мәжбүр болған. «Карат Экспорт» ЖШС менеджері Ернар Жұманияздың айтуынша аудан шалғай орналасқандықтан сертификат алу тауқыметі қиынға соққан.

 «Біз үшін ең қызу науқан күз айлары. Бір апта ішінде біз бес немес алты рет бидай түсіреміз. Біз ұнды Ауғанстан және Өзбекстанға тасымалдаймыз. Әркез сертификат үшін Көкшетауға баруға мәжбүр едік, облыс орталығы 200 шақырым жерде жатыр. Шығын бастан асады. Айта кетлік, өңірдегі ауа райыға байланысты сертификатқа кейде жете алмаған күндеріміз бар. Бізд тіпті сертификатты алып, бізге Атбасарға жіберетін арнайы адамды да жалдайтынбыз»,– деді Ернар.

 Ақмола облысы  ӨКП бұл мәселені шешуге тырысты. 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап «Тауардың шығу тегі сертификаты» Атбасар қаласынан берілетін болды.

 «Атбасар ауданы бойынша сертификаттарды Ақмола облысы ӨКП-ның Атбасар ауданы бойынша филиал директоры Роза Тасмағамбетова береді деп шешілді. Біздің ұсынысымыз бойынша Роза Тасмағамбетова Астана қаласынан арнайы курстарды тәмамдады. Сонымен қатар біздің бөлім филиалға арнайы компьютерлік бағдарламаны да берді. Бірақ сертификаттарды беру бақылауын біз жүргізіп отырмыз. Атбасарлық ӨКП филиалы  жыл сайын сертификаттар бойынша есеп тапсырады. Бастысы кәсіпкерлер Көкшетауға құжаттар үшін келуден босатылды»,– деді ӨКП сарапшысы Ләйла Сандыбаева.

 Айта кетелік, Атбасар филиалына сертификат алуға облыс орталығынан шалғай орналасқан басқа да аудан кәсіпкерлері бара алады.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер