«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Кәсіпкерлер мәселелерін әкімдік тез шешіп берді

31 Қазан 2018 - Ақмола облысы
310 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында екі мәселе бірден шешімін тапты

Естеріңізге салсақ, талқылау тақырыбы Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы кәсіпкерлердің қарым-қатынасына арналды. Атап айтқанда, Кеңес мүшелері жеке кәсіпкер Марал Құрманқожинаның өтінімін қарады. Вавилов көшесін ауқымды жөндеу жобасында қала қызмет органдары кәсіпкердің жер учаскесіне кіру жолды ескермеген. Бұл шара оның кәсіпкерлік объектісіне жолды шектеді, өз кезегінде бизнес дамуына нұқсан келді.

 Кеңес отырысының қорытындысы бойынша қала әкімдігі бейінді бөлімдерінің өкілдері объектіге барды. ӨКП-ның құқықтық блогы сарапшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде авторлық қадағалау Вавилов көшесінен кәсіпкердің учаскесіне кіру жолының эскизді жобасын жасайды деп шешілді.

 Кәсіпкерлердің («Техмаркет KZ» ЖШС,   «Нарыжный А.Г.» жеке кәсіпкерлігі «Бөлегенов Ж.Е.» жеке кәсіпкерлігі «Молдабекова А.» жеке кәсіпкерлігі «Саят» ЖШС «Алмаз» ЖШС) Абай көшесінде инженерлік желілерді ауыстыруға қатысты ұжымдық өтінімі де шешілді.

Аулаларды жөндеу мен барлық инженерлік желілерін жаңартуға байланысты коммуналдық қызметтер тұрғын үйлерді қамтып отырған тоқ кабельдерді ауыстырды, осы тұрғын үйлерде кәсіпкерлердің кеңселері мен дүкендері орналасқан. Осыған байланысты кәсіпкерлер Тұрғын үй-коммуналдық қызмет бөлімінен электр тоғының сөндірілуі мен кабельді желілерді ауыстыру туралы хабарлама алды.

Хабарламада жаңа кабель осы үйде тұрған жеке тұлғаларға ғана арналған деп айтылды. Ал кәсіпкерлер пайдаланып отырған электр желілерін таратушы бағандарды реконструкция аяқталған соң алынып тасталады туралы хабарландырылды. Электр энергиясын алу үшін кәсіпкерлерге басқа электр көздеріне қосылу ұсынылды.

 Орын алған мәселені шешу мақсатында кәсіпкерлер бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский тұрғын үйлер территорияларының бірінде Тұрғын үй-коммуналдық қызмет өкілдері мен күрделі жөндеу жұмыстарының мердігерлері, жобалаушылар және кәсіпкерлердің басын қосты. Даулы пікірталастан соң тараптар келісімге келді.

Қазіргі таңда мердігер кабельді орналастыру бойынша барлық жұмысты орындап қойды. Кәсіпкерлер техникалық шартты алып, дәл осы ғымараттың электр есептеуішіне қосылуы ғана қалды.

Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары орын алған мәселелер тез шешуге қала әкімдігінің, атап айтқан кәсіпкерлік бөлімінің тез әрекет етуі көмектесті.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер