astana-view

Дінмұхамед Әбсаттаров: БҚО – Қазақстан экономикасының інжу-маржаны

2019 жылғы 11 Ақпан
9528 просмотров

Батыс Қазақстан облысының басты экономикалық индикаторлары, сонымен қатар өңірдің даму әлеуеті Дінмұхамед Әбсаттаровтың кезекті шолуында қамтылған

Талдамалы материалдар тізбегіндегі келесі талдау Батыс Қазақстан облысына арналады. Негізгі басымдық  көмірсутек секторынан басқа (бұл сала өнеркәсіптің 92%-ын құрайды) даму келешегі әлеуетті базалық салаларды зерттеуге берілген.

Батыс Қазақстан облысы көмірсүтектік шикізаттың ірі қорына бай. Осы басымдық өңірдің ұзақмерзімді мамандануын айқындайды. Өңірдің қазіргі мамандануы шикізатты экономикасы бар өңірлерге тән – мұнда тау-кең қазу өнеркәсібі жақсы дамыған (6,6 мың жұмыспен қамтылғандардың – 2%-ы).

Өңірдің басты артықшылығына егжей-тегжейлі талдаудың алдында облыстың басты экономикалық индикаторына тоқталып өтейін.

Өңірдегі халық саны 646,8 мың адамды құрайды, оның ішінде  322,5 мың адам еңбекке жарамды.

 Тау-кең қазу саласында үлкен капиталдандыру жүріп жатыр, жоғары еңбек өнімділігі бар және тұрғындардың болмашы саны – 2%-ы немесе небәрі 6,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бірақ жұмысшылар жоғары білікті мамандар емес. Салыстыру үшін, ауыл шаруашылығында ҚР бойынша ең төмен өнімділік осы өңірге тән – 22%  немесе белсенді тұрғандардың 72 мың адамы, алайда біліктіліктің деңгейі өте төмен.

Өңірдің  ЖӨӨ құрылымында айтарлықтай меншікті салмақты өнеркәсіп алып отыр – 50,0%, ал сауда, көлік және байланыс секторларына сәйкесінше  9,0%, 6,8% және 0,5%-дан келіп тұр. Ауыл шаруашылығының үлесі болмашы, 3,0%-ға тең. Бұл көрсеткіштер инфографикада жақсы берілген.

Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шарттарына сәйкес, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг b.v. жылсайынғы негізде облыстың әлеуметтік инфрақұрылымына қаражат бөледі (2016 жылға дейін 10 млн АҚШ доллары бөлінді, 2016 жылы – 20 млн АҚШ доллары, 2017 жылы – 20 млн АҚШ доллары, 2018 жылы шамамен 30 млн АҚШ доллары бөлінді).

Батыс Қазақстан  облысының басты артықшылығы – айтарлықтай жоғары сауда әлеует, ол тиімді геоэкономикалық орналасудың есебінен қалыптасып жатыр. Өңір Ресейдің Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан және Волгоград облыстарымен шектеседі, сонымен қатар Қазақстанның Атырау және Ақтөбе облыстарымен іргелес орналасқан. Шекара маңындағы тұрғындардың жалпы саны 11,2 млн адамды құрайды. Бұл үлкен тұтынушылық нарық.

 Көлік-логистикалық инфрақұрылымда да айтарлықтай әлеует бар. Мына сандарға назар аударып көріңіздерші, – 2016-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы териториясы бойынша авто жүк көліктің 18 млн бірлігі жүріп өткен. Жүк айналымының жалпы көлемі 3,1 млрд тонна-километрді құрайды. Жыл сайынғы көліктің әлеуеті 60 млрд теңгеге бағаланады.

 Анықтама үшін: Ресей Федерациясы территориясында төрт автомобиль өткізу бекеті: «Тасқала-Озинки», «Шаған-Теплое», «Сырым-Маштаково» және «Ақсай-Илек» жұмыс істейді. Ресей тарапындағы «Маштаково» өткізу бекеті 6 жолақ кіру, 6 жолақ шығу жолы, автовокзалы, уақытша тұрақ және 12 төлқұжат бақылау кабинеті бар. Ал Қазақстан тарапынан екі ғана жолақ бар. Бұл облыстың ғана емес, бүкіл республиканың экспорттық әлеуетін төмендетуде.

 2016-2017 жылдары аумақ бойынша 18 млн жүк көлігі жүрген. 2017 жыл ішінде жүк тасымалы айналымы 3,1 млрд тонна-километрді құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға жоғары көрсеткіш.

 Агроөнеркәсіп кешенінде, атап айтқанда мал шаруашылығында жоғары экспорттық әлеует бар. БҚО-ның осы саладағы басты артықшылықтарын атап кетелік. Сиыр еті ішкі сұраныстан 2,4 есе көп өндіріледі, қой еті – 1,7 есе көп, жылқы еті – 2,3 есе көп өндіріледі. 2017 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 85,3 мың тонна тірі салмақта, және 43,1 мың тонна ет түрінде өндірілген. Ет өнімінің 2,3 мың тоннасы, соның ішінде ірі қара еті – 1 736 мың және қой еті – 505,7 мың тонна экспортталды.  

 Мал саны – шамамен 560 мың бас, бір тұрғынға 0,84 бастан келеді (ҚР бойынша ең жоғары көрсеткіш). Ет шикізатын өткізудің басты нарықтары іргелес жатқан облыстар мен РФ шекаралас облыстары. Осы аумақтың жалпы тұтынушылық нарығы 11 млн адамды құрайды. Алайда 2017 жылы ет өңдеушілер 20 мың тонна етті (1 келісіне 800 тг) 16 млрд теңге сомасында Латын Америкадан импорттаған (капиталдың кетуі). Ал жергілкті өндірушілердің бағасы айтарлықтай жоғары. Қазіргі таңда ет кластерін құру мәселесі өзекті.

 2018 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП 240 отандық тауар өндірушіні паспорттаудан өткізді, оның ішінде 100 компания «белсенді» санатқа жатады.  

 «Өңдеу өнеркәсібінде үш сегмент – мұнай өңдеу, машина жасау және азық-түлік өндірісін зерттедік.  Осы секторларда қызықты көрсеткіштер және өңірдің кәдеге аспаған әлеуеті анықталды, үш сала барлық өнімнің 67,4%-ын немесе БҚО ЖӨӨ-сінен 5%-ды өндіреді.

 Біз осы үш салының әрқайсысының мүмкіндіктерін талдап көрдік:

1. Мұнай өндеу өндірісінің көлемі,  40 млрд теңге әлеует бар болса да, 2017 жылы 27,9 млрд теңгені құрады (тарихи ең жоғары көрсеткіш 2014 жылы болған және 47,3 млрд теңгені құраған). Бірақ, бұл сегменттегі негізгі мәселелер мыналар: 1) ішкі өңдеу үшін кен орындарынан шикі мұнайға квота бөлуге байлайнысты шикізатқа деген тәуелділік) 2) РФ кедендік саясаты салдарынан өткізу бойынша тәуелділік (кірмелі жеңіл мұнай өнімдеріне деген жоғары акциздер – тоннасына 12 мың рубль).

Осы ретте өнімді өткізу жүйеленген сатып алуларға тәуелді емес, республика бойынша тапшылық қажетті көлемнің ¼-ін құрайды. Негізгі қатысушылар – «Конденсат» АҚ (жүктелуі – 25%) және «B.N.Gasoil Processing» ЖШС (жүктелуі – 75%). Биыл мұнай өндіру бойынша 2 шағын зауыттың құрылысн бастау жоспарланған.

 2. Машина жасауда 2017 жылы өндіріс көлемі 33,3 млрд теңгені құрады (2014 жылмен салыстырғанда 81% өсу). Бағаланған әлеует 40 млрд теңгені құрайды. Өңіраралық талдау кескінінде БҚО-дағы нақты машина жасау (жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсетуді есептемегенде) көлемі 17,9 млрд теңге екені байқалады.  ҚР бойынша көрші өңірлерде машина жасау өндірістік емес, сервис және кепілдік сүйемелдеу көрінісінде. Мәселен, сервис және жөндеу Маңғыстау облысында –  63,5%, Ақтөбе облысында – 72,7%, Атырау облысында – 96,6%, Батыс Қазақстан облысында – 46,4%-ды құрайды.

 Осы ретте аталған сала мемлекеттік тапсырыстар, қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың сатып алулары және жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттіліктеріне тәуелді. Ал «электронды және оптикалық өнім өндірісі» және «электр жабдығы өндірісі» сынды қосалқы салалар (2014 жылмен салыстырғанда 2 есе өсу) шығарылған өнім Ресей, Әзербайжан, Арменияда жоғары сұраныста болғаны себепті үлкен әлеуетке ие. Қосалқы саланың негізгі ойыншылары – «Гидроприбор» АҚ (РФ субъектісі), және «ОралМедРегион» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС (өнімнің 85%-ы экспортталады).

Өндіріс өнімділігін арттыру мақсатында машина жасау кәсіпорындарының консорциумы құрылды, бұл ұйым БҚО-ның 8 зауытын біріктіріп отыр (алайда зауыт саны өзгеріп тұрады). Компаниялардың жүктелуі айтарлықтай жоғары, («Уральскагрореммаш» АҚ-тан басқа (5,2%) 62% және 100%-ды құрайды.

 3. Азық-түлік саласы тұрақты даму үстінде, 2017 жылы  45,4 млрд теңге көлемінде өнім өндірілген. Өсу әлеуеті 50-55 млрд теңгеге бағаланады. Жоғары экспорттық әлеуеті бар тауарлар тобына бидай ұны (ішкі сұраныстан 12,5 есе көп, 104,6 мың тонна көлемінде шығарылады), макарон өнімдері (6,5 есе – 18,5 мың тонна), піскен шұжық (3,2 есе – 61 мың тонна).  

 Күнбағыс майы (қажеттіліктің 79%-ын импорт өнімі жабады) және сары майдың (95% импорт қамтамасыз етеді) импорты көлемі үлкен.

 Доңыз етімен ішкі қажеттілікті қамту 37,7%, құс еті – 16%, қырыққабат – 67,8%, сәбіз – 43,5%, пияздың ішкі өндірісі қажеттіліктің 66,4%-ын ғана жабады.

 Осы ретте негізгі азық-түлік өнімдерді тұтыну, көрші облыстар сұранысы және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың әлеуеті бойынша талдау жоқ.

Ұсыныс және сұраныстың тұрақсыздығы мен жүйелі сатып алулардан тәуелдіктің болмауы – саланың артықшылығы. Өткізу нарықтық жолмен жүзеге асады. Шикізат мәселесі жоқ, өйткені ауыл шаруашылығы дамыған.

Бұл салада «Кублей» ЖШС, «Фирма Родник» ЖШС, «Агропродукт ЛТД» ЖШС негізгі ойыншылар. Орташа жүктелу төмен – 47,7%-ды құрайды.

 Жалпы зерттеу нәтижесі бойынша келесідей негізгі ұсыныстар жасалды. Өңір ерекшелігін бәсекелік артықшылыққа айналдыратын жобалар картасын әзірлеу маңызды, осы ретте пулды екі портфельге даму жобалары (жоағырда аталған салалар) және ағымдағы жобалар деп бөлген жөн, оның ішінде келесі бағыттар ұсынылады:

  1. Өнімді РФ территориясына және ҚР іргелес жатқан облыстарға (табиғи газдың өтелетін көлемін ескере отырып, жылыжайлар арзан энергиямен қамтамасыз етілуі мүмкін) экспорттайтын өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу.
  2. Құс фабрикалары кешенін салу. Өйткені БҚО ет импорттаушысы және үй құсы субөнімдерін нетто импорттаушысы болып табылады (ішкі өндірісі қажеттіліктің 16%-ын қамтиды).
  3. БҚО-ның мемлекетаралық тауар тасымалдаудағы байланыстық рөлі және тауар айналымының артуына байланысты көтерме-бөлу орталықтарын құру.
  4. Сәйкес бизнес-сервисі бар өңірлік көлік-логистикалық орталықты салу.
  5. Ауданы 280 га болатын индустриялық аймақты салу, оның мамандануын агро-логистикалық сектормен байланыстыру.
  6. Қолданыстағы әуежайға реконструкция жүргізу немесе нысанның халықаралық мәртебесін ескере отырып, жаңа әуежай салу.
  7. Шағын бизнес үшін әлеуеті жоғары келетін өңірде сервистік экономиканы дамыту (қонақүй бизнесі, тамақтандыру объектілері).
  8.  Брендті сауда – ойын-сауық орталықтарын тарту.
  9. Өңірде өзіндік сауда саясатты қолға алу. Қазіргі таңда облыста транзитті, экспортты және өңіраралық әлеует барына қарамастан Батыс Қазақстан облысында сауда әлеуетін дамыту бойынша жекелген жоспар жоқ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер