astana-view

Блог

Энергетика
- Қызылорда облысы

«Ернұрбек» ЖШС 2015 жылдың 5 ақпан күні М.Көкенов көшесі №30/1 ғимаратына сатып алу-сату шартын жасап толықтай осы жылдың 19 наурыз күні есептесіп мекеме балансына алдық. 19 наурыз 2015 жылға дейінгі пайдаланылған электр энергиясы үшін төлемді ғимараттың алдыңғы егесі Альменаева Рыскүл толық есептесіп өткізген болатын. Ақпан айында Шиелі Жарығы ЖШС –на барып электр энергиясын пайдалану үшін қосымша келісім шарт жасастық. Әр айдың екінші жартысында Жаңақорған аудандық электр торабы мекеме мамандары есептегіштің көрсеткіштерін алып пломбаларының түгелдігін тексеріп келген. Осы келісім шарт негізінде электр энергиясы үшін төлемді уақтылы есептегіш көрсеткішіне сәйкес есептесіп отырдық. Ешқандай төлемді кешіктіру болған емес. Есептегіштің пломбалары бар болған. Жаңақорған аудандық электр торабы мекеме мамандары тарапынан ешқандай сын- ескертпелер болмаған. Осы мекеме мамандары осы уақытқа дейін есептегішті «есептегішті пломбасымен» бірге смартфонға суретке түсіріп фотоесеп алып отырған. 2015 жылдың 23 шілдесінде ҚЭТТК АҚ тарапынан тексеріс жүргізіліп №00004267 акт толтырылған. Осы акті толтырылу барысында біздің мекемеден ешқандай заңды өкіл болмаған. Тексеруге келген мамандар мекеме ғимаратына ескертусіз баса көктеп кіріп, есептегішті шешіп алып, ешқандай дәлелсіз, өз беттерімен мекеме өкілінің қатысуынсыз пломбасы жоқ деп акті (акт нарушение) толтырып, есептегішті қасында тұрған автомат және үш дана предохранительді қоса өзімен бірге алып кеткен. Кез-келген электр энергиясын тұтыну кітапшасының артындағы ескертпенің 9 бөлімінде «Тұтынушы «электр энергиясын пайдалану ережелерін» бұзған жағдайда, «электр энергия таратушы» мекемесі өкілі мен «тұтынушы» немесе оның өкілі қатысуымен екі данада кесім рәсімделіп бір данасы «тұтынушыға» тапсырылады. «Тұтынушы» немесе оның өкілі кесім рәсімдеуде қатысуға немесе оған қол қоюдан бас тартқан жағдайда, «электр энергия таратушы» мекеменің және немесе кондоминиум басқармасының кем дегенде үш өкілінен құралған комиссия арқылы кесім рәсімделіп және бұл кесім электр энергиясына қайта есеп жүргізуге негіз болып табылады» делінген. Толтырылған актіні мекемеге қатысы жоқ жалдамалы жұмысшыға қол қойдырып алған. Ешнәрсені түсіндірмей, «Газ тартамыз қол қойып егесіне бер» деп жалған ақпарат беріп, алдап, қол қойдырып актіні тастап кеткен. Актіге қол қойған С.Торғаев деген азамат Ернұрбек ЖШС-не қатысы жоқ, мекемеде жұмыс істемейді. Алдын ала тексеру туралы ескерту берілмеген. Осы негізсіз актіні алып Жаңақорған аудандық электр торабы мекемесіне барғанымызда жалған актіні негізге алып, қайта есептеу жасадық 04.02.2014 жылдан 12.08.2015 жылға дейінгі аралықты 13807,2 кВт/сағ деп есептеп 230000 теңге төлейсің деп отыр. Ақпан айында Шиелі Жарығы ЖШС –на барып электр энергиясын пайдалану үшін қосымша келісім шарт жасағанымызды есепке алмай, Жаңақорған аудандық электр торабы мекеме мамандарының әр айдың екінші жартысындағы есептегіштің фотокөрсеткіштерін ескермей негізсіз қайта есептеу жасаған. Электр энергиясын тұтыну техникалық шартын (тех условия) жаңадан алу керек, жаңа есептегіш қондырғы аласың дегеннен кейін, арыз беріп 19 тамызда техникалық шарт дайын болады деседе, әлі күнге дейін техникалық шартты бермей отыр. Жаңақорған аудандық электр торабы мекемесі мамандарына күнде барып есептегішті құрып бер, техникалық шарт бер деп сұрасақ «Тараздан келген комиссиялар рұқсат бермей жатыр, 13807 кВт/сағ 230000 теңге төлесін» деп негізсіз мәжбүрлеп, электр энергиясынан ажыратамыз деп қоқан-лоққы көрсетіп отыр. Бұл жасалып жатқан әрекеттері жайлы жазбаша заң жүзінде мәлімет беруден бас тартып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке және шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған саясатын біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысуға кедергісін келтіріп, аяқтан шалып, жұмыс жасауға ешқандай мұрша берер емес. Жоғарыда көрсетілген дәлел-дәйектерге тексеру жүргізіп, кәсіпкерлерге жасалған аяқтан шалуларды тоқтатуларыңызды сұраймын. Ернұрбек ЖШС заңгері: Б.Аширов

Еншілес ұйымдар

Серіктестер