«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Экономикалық интеграция департаменті

Досщиева Альбина Акжигитовна

Директор м.а.

8 (7172) 91-93-73
a.dosischeva@atameken.kz

Экономикалық интеграция департаменті өз қызметін 2013 жылғы қазан айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастады.

2013 жылғы қараша айынан бастап Департамент Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процестерге белсенді түрде атсалысуда. ҰКП Департаментінің сарапшыларына тұрақты негізде ұлттықтың үстіндегі құжаттар жобаларының қандай да бір редакцияларын жасау бойынша келіссөздерге қатысу мүмкіндігі берілген. Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты дайындауға қатысу Департамент қызметінің жарқын мысалдарының бірі бола алады. Департамент жүргізетін жұмысының аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, салалық уәкілетті органдармен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен, сонымен қатар Бизнес-сұхбат аясында Ресей және Белорусь ірі бизнес-қауымдастықтарымен тиімді ынтымақтастықты жөнге салған.

Департменттің негізгі мақсаты еуразиялық экономикалық интеграция және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау және алға тарту болып табылады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • Еуразиялық экономикалық одақ аясында дайындауға және қабылдауға жоспарланған құжаттарды қарау және талдау жүргізу;
  • Сыртқы сауда блогы бойынша құжаттарды қарау (үшінші елдермен ынтымақтастық);
  • ҚР Үкіметі және Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы консультативтік-кеңесу органдары жұмысына қатысу;
  • Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының ахуалына мониторинг және талдау жасау;
  • Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде және ЕАЭО аясында Қазақстан қабылдайтын ратификацияланған міндеттемелерге мониторинг және талдау;
  • КО, БЭК, ЕАЭО және ДСҰ қызмет етуіне орай кәсіпкерлік сектордың интеграциялық процестер, бизнес-қоғамдастық алдынан туындайтын сынақтар мен оның мүддесіне төнетін қауіп-қатер туралы ақпараттануын қамтамасыз ету;
  • ЕАЭО мүше мемлекеттер Бизнес-сұхбатын дамыту;
  • ЕАЭО елдері аумағына қазақстандық өнімді экспорттау кезінде кедергілерді жоюға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
  • ЕАЭО жағдайында қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мүмкіндіктерін зерттеу және т.б.

Департамент өз уәкілеттігінің шегінде мына экономикалық интеграция салаларындағы қызметтерді жүзеге асырады:

  • Еуразиялық экономикалық одақ қызметін ұйымдастыру;
  • Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
  • Арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтемдік шаралар;
  • Дәрі-дәрмектер және медициналық өнімдер нарығы;
  • Санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар;
  • Жанама салық төлету;
  • Макроэкономикалық саясат;
  • Бәсекелестік саясат;
  • Өнеркәсіп;
  • Өнеркәсіптік субсидиялар;
  • АӨК және ауылшаруашылық субсидиялар;
  • Энергетика (электр энергетикасы, мұнай және мұнай өнімдері, газ);
  • Табиғи монополиялар;
  • Мемлекеттік және муниципалдық сатып алулар;
  • Қызметтер саудасы және инвестициялар;
  • Көлік;
  • Қаржы нарықтары және валюта саясаты;
  • Зияткерлік меншік;
  • Еңбек миграциясы;
  • Сыртқы сауда саясаты;
  • Жаңа мүше мемлекеттердің ЕАЭО-ға кіруі;
  • Екі жақты халықаралық ынтымақтастық;
  • Еркін сауда аймақтарын құру.

Серіктестер