«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Машина жасау және металл өңдеу комитеті

Мейрам Пішембаев

Комитет төрағасы

Комитет Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасы машина жасау және металл өңдеу салаларында кәсіпкерлікті дамытумен байланысты мәселелер бойынша міндеттерін шешу үшін мемлекеттік билік органдарымен тиімді әрекеттестік орнату мақсатында құрылған. Комитет міндеттеріне мына мәселелер бойынша Ұлттық палата Төралқасы мен Басқармасы үшін ұсыныстарды талдау және жасау кіреді:

  • машина жасау және металл өңдеу салаларында мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тұрғыдан келу;
  • саланы дамыту саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша;
  • машина жасау мен металл өңдеудегі заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешуді талап ететін басымдылықты түйткілдерді белгілеу;
  • саланы дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша Ұлттық палатаның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
  • саланы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
  • салааралық әрекеттестікті қамтамасыз ету;
  • халықаралық салалық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар жасау.
  • Кеден одағы және БЭК елдері экономикалық интеграциясы аясында құжаттарды дайындауға қатысу.

Серіктестер