«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңдеу өнеркәсібі комитеті

Владимир Бобров

Комитет төрағасы

Өңдеу өнеркәсібі комитеті жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфиялық және басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту және қолдаумен байланысты мәселелер бойынша ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндеттерін жедел шешу мақсатында құрылған.

Комитет Хатшылығының міндетіне мына мәселелер бойынша Ұлттық палата Төралқасы мен Басқармасы үшін ұсыныстарды талдау және жасау кіреді:

  1. жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфиялық және басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тұрғыдан келуді белгілеу;
  2. жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфиялық және басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жеңілдету бойынша ұсыныстар жасау;
  3. өңдеу өнеркәсібі саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешуді талап ететін басымдылықты түйткілдерді белгілеу;
  4. жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфиялық және басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытудағы негізгі стратегиялық бағыттар бойынша Ұлттық палатаның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
  5.  жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфиялық және басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
  6. халықаралық салалық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар жасау.
  7.  жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфиялық және басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларын болашақта дамыту бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында талдау жүргізу

         Хатшылық Комитет қызметінің функциялануын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Хатшылық құзыретіне мыналар кіреді:

  • Комитет отырыстарын даярлау және өткізу.
  • Комитет отырыстарына материалдарды, сонымен бірге күн тәртібі жобаларын жинау және даярлауды жүйелеу.
  • Комитет жұмысы жоспарларын қалыптастыру.
  • Комитет қызметін сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу.
  • Комитет құзыреттілігінің аясында мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен (одақтармен), ұйымдармен және басқа да тұлғалармен әрекеттестік.
  • өзге де мәселелер бойынша Комитет қызметін қамтамасыз ету.

 

Серіктестер