Сатып алулар және жергілікті қамту департаменті
Сатып алулар және жергілікті құрам департаменті сатып алулар және жергілікті құрамды дамыту мәселелері бойынша барлық өңірлік палаталармен, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектормен, бизнес-қауымдастықпен және басқа ұйымдармен тағайындалған тәртіп бойынша өзара жұмыс істейді.
Департаменттің негізгі функциялары:
- Сатып алуларды және жергілікті құрамды дамытуға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара әрекет жасау,
- Мемлекеттік сатып алулардың, квазимемлекеттік сектордың, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары және жергілікті құрамның ахуалы туралы сараптамалық есептер әзірлеу, жергілікті құрам, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласы бойынша іс-шаралардың мемлекеттік бағдарламаларына мониторинг жүргізу;
- Жасалған халықаралық уағдаластықтарды есепке ала отырып тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізу,
- Заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау,
- Жергілікті құрам және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу,
- Сатып алулар және жергілікті құрамның үлесін арттыру саласындағы қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге сараптамалық зерттеулер жүргізу,
- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуына байланысты қолданыстағы құқықтық база мен шарттарды талдау, ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу кіреді.
Департаменттің міндеттері:
- Мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың сатып алулары, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласында ашықтықты, жариялылықты көтеру;
- Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алуларға, квазимемлекеттік сатып алуларға, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына әділетті және бәсекелестікпен қатысуы үшін жағдай жасау;
- Тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті құрамның үлесін арттыру;
- Кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, жер қойнауын пайдаланушылармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.