astana-view

Департаменттер

Жұртшылықпен байланыс департаменті

Есеналиева Назерке Бауыржанқызы

Басқарушы директор – Департамент директоры

Жұртшылықпен байланыс департаменті ҰКП және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы жұртшылыққа ақпарат беру бойынша іс-шараларды дайындаумен, жоспарлаумен және жүзеге асырумен, іскерлік ақпарат көздері жүйесін құрумен, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырумен, ҰКП ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулер және сұхбаттар өткізумен айналысады.

Жұртшылықпен байланыс департаменті сонымен қатар БАҚ-қа мониторингін, ҰКП қызметіндегі басты мәселелер бойынша қоғамдық ой-пікір қозғалысына талдау жүргізеді, ҰКП және оның құрылымдық бөлімшелері қызметін БАҚ-та толық және объективті түрде көрсету мақсатында журналистермен әрекеттестікте болады, журналистерге ақпарат алуда, сонымен бірге олардың ауызша әрі жазбаша сұрауларына сәйкес ҰКП фото, аудио және бейне түсірілімдер жүргізуде жәрдемдеседі, ҰКП қызметі туралы мақалалар, сұхбаттар, басшылық және ҰКП құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сөздерін, өткізілетін іс-шаралар туралы баспасөз-хабарламаларын даярлаумен және БАҚ-қа орналастырумен айналысады.

Жұртшылықпен байланыс департаменті қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес пен билік әрекеттестігін ұйымдастыру бойынша, барлық деңгейлердегі кәсіпкерлік құрылымдарды дамытуға жәрдемдесу, жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру, ел кәсіпкерлерінің жетекші бірлестігі ретінде елімізде және халықаралық сахнада Ұлттық палата беделін көтеру бойынша қызметін насихаттау;
  • ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі туралы жедел ақпарат беру, журналистік қоғамдастық өкілдерімен ақпараттық әрекеттестік тиімділігін көтеру, жетекші БАҚ-тарда жарияланымдарды өркендету;
  • биліктің заң шығарушы және атқарушы органдары, мемлекеттік, қоғамдық және салалық ұйымдардың баспасөз-орталықтарымен және баспасөз-қызметтерімен бірлескен іс-шараларды даярлау және өткізу, ақпарат алмасу, пост-хабарламалар даярлау, сонымен бірге ақпараттық ынтымақтастық туралы жасалған келісімдер негізінде аталмыш мәселелер бойынша әрекеттесу;
  • ҚР ҰКП қызметі және ұстанымы туралы, сонымен бірге Ұлттық палатаның сыртқы интернет-порталы - www.atameken.kz сайтын қолдана отырып, эксклюзивті ақпарат тарату
  • қазақстандық экономика мен бизнесті дамытудағы басты мәселелерге арналған брифингтер, тақырыптық баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанында ҚР ҰКП брифингтері өткізілетін Баспасөз орталығы бар.

"Атамекен" ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаменті:

+7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz

Ресми веб-сайты: www.atameken.kz 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер