«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС

Астана қ., 010000, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, «На Водно-зеленом бульваре» әкімшілік тұрғын үй кешені
Қабылдау бөлімі: +7 7172 24 98 76
Call-center: +7 7172 27 04 60
Сайтwww.cmer.kz
 

«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық-экономикалық палатасының Төралқасы 2012 жылы 15 наурызда «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» атты ақпараттық-сараптамалық портал ашу туралы шешім қабылдаған. 

Осы шешімді орындау үшін 2013 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 100% қатысуымен «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС құрылды, оның басты міндеті – «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» атты бірегей қазақстандық ақпараттық-сараптамалық бизнес-портал құру болып табылады.

Басымдығы бар жобалар:

  • 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап кәсіпкерлерге арналған «Atameken Services» құралының электронды қызмет көрсететін «Бір терезе» жобасы іске қосылды. Кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП қызметтеріне арақашықтықтан ұялы телефон, планшет, компьютер арқылы тапсырыс бере алады.
  • Бизнес-Реестр – кәсіпкерлік субъектілері туралы мағлұматтар жинақталған ортақ база, онда негізгі мәртебесі, өндірістік саласы, сатып алатын және ұсынатын тауар, қызмет түрі нақты көрсетілген.

Atameken Services ұсынатын негізгі 9 қызметке қысқаша сипаттама:

  • Әлеуетті клиенттер тізімі – кәсіпорын клиенттерін компаниялардың қызмет саласы, өңірі, ауқымын іріктей отырып анықтау.
  • Жеткізіп берушілер тізімі – тауарларды, қызметтер мен жұмыс түрлерін жеткізушілерді өңірі және бағасы бойынша іріктеу.
  • Дилерлер тізімі – негізгі дилер-клиенттерді анықтау.
  • Сатып алу туралы ақпарат – кәсіпорындардың соңғы рет сатып алған тауарлары, қызмет түрлері, жұмыстары жөнінде ақпарат.
  • Өткен сатып алулар туралы мәліметтер – бұрынғы сатып алулар туралы ақпарат.
  • Орташа сатып алу бағасы – нарықтағы тауардың, қызмет пен жұмыс түрінің орташа бағасын анықтау.
  • Жеке зерттеулер – нарықты таңдап алған шарттар мен сүзгілер бойынша жеке зерттеу.
  • Кәсіпорын құжаттары.
  • Бәсекелестер тізімі – дәл осындай тауарлар, қызметтер мен жұмысты түрлерін ұсынатын жеткізіп берушілер тізімі.

Біздің артықшылығымыз:

  • Сіздің Қазақстандағы бизнесіңіз компания туралы ақпарат ашық және жария болғандықтан, заманауи коммуникацияларды қолданғандықтан, қарапайым әрі тиімді болады.
  • Тіркелген әрбір кәсіпкер Қазақстан бизнес-қауымдастығына мүше болады. Біздің порталдың арқасында өз өніміңізді сату әлдеқайда оңай әрі арзан болады.
  • Мұнда сіз тек өз өніміңізге тұтынушылар ғана тауып қоймайсыз, өзге кәсіпкерлерге серіктестік құру туралы ұсыныс айта аласыз.
  • Бизнес-реестр порталындағы жеке кабинет сіз үшін online-режимде қолжетімді әрі ыңғайлы болады.
  • Бизнесіңізді жүргізуге арналған сервистің бірегей тиімді жүйесі.
  • Сіздің өңірлердегі және сыртқы нарықтағы бизнесіңізді қолдаудың үйлесімді жүйесі.
  • Қызмет түрін кеңейту мен көрсететін қызметтің сапасын арттыру.
  • Өндірістік үдерістерді сүйемелдеу әрі кеңес беру және оларға нақты қолдау білдіру.
  • Қазақстандық компаниялар мен кәсіпкерлердің қызметі туралы әрдайым жаңа ақпарат ұсыну.
  • Техникалық қолдау мен жедел Call-center.

Портал үшін негізгі дереккөздері мына мекемелер:

  • Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.
  • «Самұрық-Қазына» қоры.

Серіктестер