«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы

Астана қ., 010000, Есіл ауданы,  Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, С блогы
Тел.: + 7 7172 27 96 16; 27 90 54; 27 90 55; 27 90 56
 

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы (ҚСП) 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 100% еншілес компаниясы болып саналады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдына қойылған негізгі міндет – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесі тұрғысынан әрекет ету.

Қойылған міндеттерді орындау үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы келесідей қызмет түрлерін атқарады:

  1. шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар ережелеріне сәйкес іскерлік кеңестер мен өзге де кеңес беру-кеңесшілік органдар құруды іске асырады;
  2. көрмелер, форумдар және жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде шетелдерде;
  3. Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер, ұлттық және өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелердің, сонымен бірге Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдердегі  халықаралық көрмелердің реестрін жүргізу;
  4. Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді әлемдік нарықта ілгерілету үшін халықаралық маркетинг пен жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;
  5. Сыртқы эконмикалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік, маркетингтік, жарнамалық, аударма және консалтингтік қызметтер көрсетеді;
  6. Экспорт-импортты реттеу, өткізілетін жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауарайналымы мен төлемдер, сондай-ақ халықаралық сауда мен ішкі шаруашылық қызметпен байланысты өзге де мәселелер бойынша барлық мемлекеттердің заңнамасы жөнінде ақпарат жинау, талдау және ұсынуды жүзеге асырады;
  7. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда келісімдері мен халықаралық шарттар талаптарына сәйкес еңсерілмейтін жағдаяттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мойындалған сауда және порт ғұрыптарын куәландырады;
  8. Қазақстан Республикасы аумағында жасалған келісімдер мен шарттар талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күш жағдаяттарын, сондай-ақ  халықаралық тәжірибеге сәйкес «Hardship» жағдаяттарын куәландырады;
  9. Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өз қызметін ҚР Конституциясына, оған сәйкес ҚР заңнамасына, ҚР өзге де нормативті-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға, Республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативті қаулыларына, «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС Жарғысына сүйене отырып жүзеге асырады.

ҚСП миссиясы: Сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнеске көмек көрсету арқылы Қазақстан Республикасы экономикасына үлес қосу

 ҚСП міндеттері:

  • экспорт
  • технологиялар трансферті
  • инвестициялау
  • сауданы дамыту

ҚСП қызметінің негізгі бағыттары:

  • сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
  • ақпараттық қамсыздандыру
  • құқықтық қолдау
  • іскерлік білім беру

ҚСП қызметтері:

  • Экспортқа, қазақстандық бизнестің интернационалдануына тікелей әсер ету
  • Маркетинг және көрме-жәрмеңке қызметі
  • Инвестициялар тарту және шетел компанияларына көмек көрсету
  • Екіжақты Іскерлік кеңестерді басқару және үйлестіру
  • Консалтинг және ақпараттық-кеңес беру қызметтері
  • Бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инвесторлар құқығын қорғау

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының құрылымы

Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық бөлімі: шетелдермен берік халықаралық байланыс орнатуға септігін тигізеді, сыртқы экономикалық қызмет саласында қолдау көрсетеді, инвестициялар тарту мен серіктестер іздеуге қол ұшын созады.

Көрме бөлімі: бизнес-форумдарды, В2В миссияларды, көрмелер мен т.б., оның ішінде ресми тұлғалардың қатысуымен өтетін шараларды үйымдастыру және өткізумен айналысады.

Заң бөлімі: ҚСП қызметінің барлық бағыттары бойынша құқықтық қолдау көрсетеді, еңсерілмейтін жағдаяттар (форс-мажор) туралы куәлік беру мәселелері бойынша кәсіпкерлер/ұйымдарға кеңес берулер ұйымдастырады, кәсіпкерлер ұсынған форс-мажор жағдаяттарын куәландыратын құжаттарды қарау, тиісті куәліктерді даярлау мен беруді жүзеге асырады. 

2014 жылдың шілде айынан бастап ҚСП төменде берілген Іскерлік кеңестерді ұйымдастыруға қатысты:

  • Қазақстан-голландиялық Іскерлік кеңестің 1-ші отырысы
  • Қазақстан-неміс Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы
  • Қазақстан-швейцариялық Іскерлік кеңестің 3-ші отырысы
  • Қазақстан-француз Іскерлік кеңесі

ҚСП Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ-на 2014 жылдың 14 желтоқсанында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесіне қатысушыларды шақыру және тіркеу жұмыстарын атқаруда көмек көрсетті.

Келісімдер мен Меморандумдар

  • Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімі
  • Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Сан Марино Республикасының Сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім
  • Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен  Бүкілпольшалық Шаруашылық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум
  • Қазақстанның Сыртқы Сауда палатасы мен Чех Республикасының Өнеркәсіп иелері одағы арасындағы келісім

Бұл келісімдер  сауда-экономикалық байланыстар аясын кеңейтіп, Қазақстан Республикасы мен шетел арасында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қол қойылған Келісімдер мен Меморандумдардың маңызды механизмдерінің бірі - Қазақстан мен шетелдердегі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл тығыз коммерциялық байланыстардың дамуын нығайтып, екіжақты инвестициялар мен технологиялар трансфертінің көлемін арттыруға негіз болмақ.

Палата Қазақстан-Польша бизнес-форумын өткізуде, Қазақстан-Түркия арасындағы В2В  форматындағы кездесулер өткізуде, Тайланд Корольдігі делегациясымен іскерлік келіссөздерді ұйымдастыруда көмек көрсетті.  

Серіктестер