«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Экономика және талдау департаменті

Сакуов Нурлан Нуртазаевич

Басқарушы директор - Департамент директоры

8 (7172) 919-358
n.sakuov@atameken.kz

Экономика департаменті өз қызметін 2014 жылдың маусым айынан бері жүргізіп келеді. Департаменттің негізгі мақсаты кәсіпкерлік ортаға сараптама жасау және талдау болып табылады.

Департамент өз қызметін мынадай бағыттар аясында жүзеге асырады:

  1. «Бизнестің жол картасы – 2020» Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру. Негізгі міндет – қаржыландыру тетіктерін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жолымен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын жақсарту.
  2. «Өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен іс-қимыл жоспарын» іске асыру (ҚР ҮҚ №1276). Департаменттің міндеті – ҚР ҮҚ-на қаржылық қолжетімділікті жақсарту бойынша өзгертулер енгізу.
  3. 2014-2016 жж. Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру. Осы бағыт бойынша Департаменттің міндеті жекешелендіруді  жүргізу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге негізделеді.
  4. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін әзірлеу және енгізу. Аталмыш бағыт аясындағы Департаменттің міндеті – Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмдерін дамытуға ықпал ету, МЖС-тің пилоттық жобаларын енгізуге көмек көрсету.
  5. ҚР-дағы кәсіпкерлік белсенділіктің ахуалы туралы Ұлттық баяндаманы даярлау. Ұлттық баяндаманы даярлау аясында Департаментке кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы кешенді түсінік қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу міндеттері жүктеледі.
  6. Зерттеулер жүргізуді үйлестіру (салалық зерттеулер, кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталары, Іскерлік климат). Аталған бағыт бойынша Департамент кәсіпкерлік ахуалына мұқият және объективті сараптама жасауға және Қазақстанның өңірлерін, салаларды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге ниетті. «Іскерлік климат» рейтингі кәсіпкерлік климаттың жағдайын және оның проблемаларын, ШОБ-ты дамыту үшін заңнаманы жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту жағынан мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалауға, сондай-ақ кәсіпкерлік климатты жақсарту үшін одан әрі әрекет жасауға мүмкіндік береді.
  7. Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі позициясын жақсарту аясындағы жұмыс. Аталған бағыт бойынша Департаменттің міндеті кәсіпкерлік ортаны жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеуге келіп саяды. Бұл Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі позициясын жақсартуға алып келеді.
  8. Мүлікті заңдастыру процесі. Аталған бағыт бойынша Департамент ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес, заңдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша міндетті іске асырады.
  9. Кәсіпкерлердің қаржыландыру, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыға қол жеткізуіне қатысты өтініштерімен жұмыс жасау. 

Серіктестер