«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті

Шірінбеков Ерлан

Басқарушы директор - Департамент директоры

8 (7172) 91-93-68
e.shirinbekov@atameken.kz

Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып саналады және құзырлы Басқарма мүшесіне немесе тиісті құрылымға сәйкес өзге де лауазымды тұлғаға бағынады.

Департаменттің қызметтері мен негізгі мақсаттары:

Департаменттің басты мақсаты ҰКП қаржысын тиімді түрде басқару жүйесін қалыптастыру әрі жетілдіру болып саналады.

Департамент келесі қызметтермен айналысады:

1) мекеменің қаржы ресурстарының жұмсалуын басқару және мекеменің барлық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатымен, шаруашылық субъектілері арасында туындайтын қаржылық жағдайларды реттеу;

2) мекеменің қаржылық стратегиясын және оның тұрақты қаржылық жобаларын, жылдық жобалар мен индикативті орта мерзімді бюджетін, келешегі зор және ағымдағы қаржылық жоспарын, болжалды баланс пен бюджеттік қаржы жобаларын әзірлеу;

3) мекеме құрылымдарын бекітілген қаржылық көрсеткіштермен таныстыру;

4) мекеменің шаруашылық қаржыландыру, оның ішінде, несие беру, бағалы қағаздарды сатып алу және сату көздерін анықтау, қарыз алу және жеке қаражатты пайдалану;

5) кірістердің уақтылы түсіп тұруын қамтамасыз ету, банк және қаржылық-есептік операцияларды бекітілген мерзімде рәсімдеу, жеткізушілер мен мердігерлер есебін уақытылы төлеу, қарызды уақытылы жабу, пайыздарды төлеу, қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақысын төлеу, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді бюджетке, зейнетақы салымдарын зейнетақы  қорларына, төлемдерді банктерге аудару; 

6) мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне сараптама жасау, мекеменің төлем төлей алу деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, қаржылық тәртіпті күшейту;

7) қаржылық жоспардың орындалуын, қаржының орынды жұмсалуы мен жеке қаржы және айналымнан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау; 

8) қаражаттың жұмсалу процестерінің есебін жүргізу және қаржылық есеп пен есептілік стандарттарына сәйкес, қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін әзірлеу, қаржылық ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз ету;

9) есеп беру құжаттарын әзірлеу және рәсімдеу ісін бақылау, олардың ішкі және сыртқы пайдаланушыларға уақтылы жеткізілуін қадағалау.

ҰКП мүшелері

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабы 1-тармағына сәйкес, егер Заңда өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.

Заңның 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары.

Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Ұлттық палата, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің оған мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.

Осылайша, төменде аталғандарды қоспағанда, кәсіпкерлік субьектілерінің барлығы ҰКП-ға мүше болды:

  1. коммерциялық емес ұйымдар;
  2. өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген субъектілер: бағалау, аудиторлық (соның ішінде экологиялық) ұйымдар, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар;
  3. мемлекеттік кәсіпорындар;
  4. шет мемлекеттердің аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалар (бейрезиденттер);
  5. Қазақстан Республикасындағы филиалдар мен өкілдіктер, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

ҰКП мүшелерінің ММЖ (міндетті мүшелік жарна) төлеу бойынша міндеттемелері

Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, ҰКП мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеулері тиіс (бұдан әрі – ММЖ).

Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес, Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органы ұсынған мәліметтер негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне есепшот шығарады.

ММЖ мөлшерін анықтау өлшемдері

Заңның 29-бабының 2-тармағына сәйкес, міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін айқындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері:

1) айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік

жылда 60 000 еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі (бұдан әрі – ЖЖК) бар кәсiпкерлiк субъектiлерi (3-топ);

2) айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік

жылда 60 000 еселенген мөлшерінен асатын және айлық есептiк көрсеткiштің 1 500 000 еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi (2-топ);  

3) есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда айлық есептiк көрсеткiштің 1 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi болып бөлінеді (1-топ).

 

Заңның 32-бабының 9-тармағына сәйкес, осы Заңның 29-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері осы Заңның 29-бабының 4-тармағы қолданысқа енгізілген кезден бастап бес жыл ішінде міндетті мүшелік жарналар төлеуден босатылады. Осылайша, 3-топтың субъектілері 2019 жылға дейін ММЖ төлеуден босатылған.

Заңның осы тармағын жүзеге асыру мақсатында ММЖ төленетін жыл есептік күнтізбелік жыл болып есептеледі.

Мәселен, 2013 жылғы ЖЖК 103 860 000 теңгеден аспаған кәсіпкерлік субъектілері 2014 жылға төленетін ММЖ-дан босатылды, 2014 жылғы ЖЖК 111 120 000 теңгеден аспаған кәсіпкерлік субъектілері 2015 жылғы төленуі тиіс ММЖ-дан босатылды.

Жылдық жиынтық кіріс (ЖЖК)

ҚР Салық кодексінің 84-бабының 1-тармағына сәйкес, резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлердегі салық кезеңі ішінде алатын (алынған) табыстарынан тұрады.

ҚР Салық кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес, жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері кіреді.

Бұл ретте, ММЖ мөлшерін анықтау кезінде, Заңда ҚР Салық кодексінің 99-бабымен реттелетін ЖЖК-ні түзету қарастырылмаған.

ММЖ мөлшерлерін бекітудің жалпы тетігі

Заңның 5-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ММЖ-ның шекті мөлшерін бекітеді.

Заңның 19-бабының 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Ұлттық палатаның съезі шекті мөлшерден аспайтын ММЖ мөлшерін бекітеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Үкіметі ММЖ-ның шекті мөлшерлерін бекітеді, ал Ұлттық палатаның съезі шектен аспайтын, ММЖ-ның нақты мөлшерін бекітеді.

ММЖ-ның шекті мөлшерін бекіту нақты жылға бекітілмеген, яғни оларды жыл сайын бекітудің қажеттілігі жоқ.

ММЖ-ның шекті мөлшері шеңберіндегі нақты мөлшерін бекіту де нақты бір жылға бекітілмеген. Бұл ретте, 2014 және 2015 жылдарға жоғарыда аталған субъектілер тобы үшін ММЖ-ның әр түрлі мөлшері бекітілді.

 2014 жылға ММЖ мөлшерін бекіту

Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес, ҰКП-ның құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл құрылтай кезеңі және бес жылға дейін өтпелі кезең белгіленеді.

Аталған баптың 4-тармағын сәйкес, Осы Заңмен және Ұлттық палатаның жарғысымен съездің құзыретіне жатқызылған өкілеттіктер құрылтай кезеңі ішінде төралқаға жүктеледі.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы» № 1560 қаулысы бойынша ММЖ-ның шекті мөлшері бекітілді:

  • 1-топтағы субъектілер үшін 4 400 АЕК;
  • 2-топтағы субъектілер үшін 160 АЕК.

ҰКП төралқасының 2014 жылғы 29 қаңтардағы №1 шешімімен 2014 жылға арналған ММЖ мөлшері бекітілді:

  • 1-топтағы субъектілер үшін 4 400 АЕК;
  • 2-топтағы субъектілер үшін 160 АЕК.

Осылайша, кәсіпкерлік субъектілері топтары үшін ММЖ-ның 2014 жылға арналған нақты мөлшері ММЖ-ның шекті мөлшері деңгейінде бекітілді.

Мәселен, 2013 жылғы жылдық жиынтық кірісі 103 860 000 теңгеден асқан, бірақ 2 596 500 000 теңгеден аспайтын барлық кәсіпкерлік субъектілері 2014 жылға 296 320 теңге көлемінде жарна төлейді. Сондай-ақ 2013 жылғы жылдық жиынтық кірісі 2 596 500 000 теңгеден асқан барлық кәсіпкерлік субъектілері 2014 жылға 8 148 800 теңге көлемінде ММЖ төлейді.

2015 жылға ММЖ мөлшерін бекіту

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ММЖ мөлшерлемелерін бекіту және төлемнен босату бойынша Заңға өзгерістер енгізілді.

Сонымен, Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес, міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту мақсатында съезд осы баптың 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішіндегі градацияны белгілейді.

Заңның 19-бабы 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, ҰКП съезі ММЖ төлеуден босату туралы шешім қабылдайды.

Сондай-ақ Заңның 29-бабы 6-тармағына сәйкес, съездің шешімі бойынша есепті кезеңде мүгедектер саны қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу бір пайызын құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылуы мүмкін.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы» № 560 қаулысы бойынша ММЖ-ның шекті мөлшерлері бекітілді:

  • 1-топтағы субъектілер үшін 4 400 АЕК;
  • 2-топтағы субъектілер үшін 160 АЕК.

ҰКП съезі 2015 жылдың 27 қаңтарында (№2 Хаттама) мынандай шешім қабылдады:

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 29-бабының 2), 3) тармақшаларында көрсетілгендей, кәсіпкерлік субъектілері топтарының ішінде градация белгілеу және 2015 жылға міндетті мүшелік жарналар мөлшерлемелерін бекіту:

Топ

Санат

Жылдық жиынтық кіріс, АЕК

Жылдық жиынтық кіріс, млн. теңге

ММЖ мөлшерлері

       

АЕК

теңге

2-ші

1

60 000

150 000

111

278

80

158 560

2

150 000

420 000

278

778

105

208 110

3

420 000

690 000

778

1 278

130

257 660

4

690 000

1 500 000

1 278

2 778

155

307 210

1-ші

5

1 500 000

2 310 000

2 778

4 278

505

1 000 910

6

2 310 000

3 120 000

4 278

5 778

1 010

2 001 820

7

3 120 000

3 930 000

5 778

7 278

1 515

3 002 730

8

3 930 000

4 740 000

7 278

8 778

2 020

4 003 640

9

4 740 000

5 550 000

8 778

10 279

2 525

5 004 550

10

5 550 000

 

10 279

 

3 030

6 005 460

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлер субъектілері топтарын міндетті мүшелік жарналардан босату:
  • 50% мөлшерінде: есептік күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  жүз пайыз дауыс құқығын беретін акциялар (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға (негізгі ұйымға) және заңды тұлғалардың әрқайсысы;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлер субъектілері топтарын міндетті мүшелік жарналардан босату:
  • 25% мөлшерінде: есептік күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елу пайыздан астам дауыс құқығын беретін акциялар (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға (негізгі ұйымға) және заңды тұлғалардың әрқайсысы. 
  1. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:
  •  «тиесілі» деген сөздің астарында жеке меншік құқығына тиістілік алынған;
  •  «жанама тиесілілік» сөзінің астарында әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларына  (қатысу үлестеріне) меншік құқығын иемденуі жатыр;
  • нақты заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өлшемдер сәйкес келген жағдайда, көрсетілген заңды тұлға 25% мөлшерінде міндетті мүшелік жарна төлеуден босатылады;
  • нақты бір заңды тұлғаға қатысты міндетті мүшелік жарналардан босату бір рет қана қолданылады.
  1. Есепті кезеңде мүгедектер саны қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу бір пайызын құрайтын ұйымдар 100% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылсын.

ҰКП съезінің шешімдеріне қатысты түсініктер

2014 жыл ішінде ҰКП бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерімен бірге ММЖ (міндетті мүшелік жарна)  көлемдерін анықтау тәсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізген болатын.

Осы мақсаттарда ҰКП-да аккредиттелген көптеген бизнес-қауымдастықтардың (бизнес-ассоциации) қатысуымен жұмысшы тобы құрылған еді. Бұл жұмысшы тобы бірнеше ай бойы кәсіпкерлік субъектілерінен ММЖ көлемін белгілейтін схемаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинады.

Нәтижесінде оңтайландырудың үш нұсқасы жасалды, олар мына мәселелерді қарастырады:

  1. Табыстан алынатын ММЖ көлемінің пайызын анықтау;
  2. ЖЖК-ден (жылдық жиынтық кіріс) алынатын ММЖ көлемінің пайызын анықтау;
  3. Заңда көрсетілген қолданыстағы санаттардың ішінен санатша бекіту.

2014 жылдың 25 маусымында ҰКП-ның бірінші съезінің делегаттарына оңтайландырудың үш нұсқасы көрсетілген болатын. Нәтижесінде жалпы тәсілдерді қолдау туралы шешім шығарылған. Бірақ ол тек олар егжей-тегжейлі жасалған және заңнамаға тиісті түзетулер енгізілген жағдайда ғана ғана орындалатын болған.

ҰКП ресурстары алғашқы екі нұсқаны іске асыра алмайды, себебі заңнамалық шектеулер бар (салық құпиясы). Ал салық органдары әзірге  бұл процесті басқаруға дайын емес.  Сондықтан да үшінші нұсқа анағұрлым оңтайлырақ болып көрінді.

Тиісті заңнамалық түзетулер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде қолдау тапқан. ҰКП съезіне қосымша санатшалар бекіту құқығы беріліп, ММЖ төлеуден босатылды.

2015 жылға арналған ММЖ көлемін мақұлдау мақсатында ҰКП-ның екінші съезінде 10 санатшаға арналған қосымша градациясы бар 2 нұсқа ұсынылды. Олар ЖЖК-сі 2,8 млрд теңгеден асатын субьектілерге арналған санатшаларының ұзын болуымен ерекшеленеді (1 және 1,5 млрд теңге). Сонымен бірге съезде 2015 жылға арналған МТЖ мөлшерлері де айтылды.

2015 жылға арналған санаттарда МТЖ-ның ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерлері 2013 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1560 жарлығымен бекітілген шекті мөлшерлермен салыстырғанда:

  • ЖЖК мөлшері 111 млн теңгеден 2,8 млрд теңгеге дейін жететін субьектілерге сәйкесінше 3 пайызға (160-тан 155-ке дейінгі АЕК) және 50 пайызға (160-тан 80-ге дейінгі АЕК)
  • ЖЖК мөлшері 2,8 млрд теңгеден асатын субьектілерге сәйкесінше 31 пайызға (4400-ден 3030-ға дейінгі АЕК) және 89 пайызға (4400-ден 505-ке дейінгі АЕК) төмендетілді.

Мысалы, 2014 жылы ЖЖК-сі 111 млн теңгеден көп, бірақ 278 млн теңгеден аспайтын субьектілер үшін ММЖ-ның ең төменгі мөлшері 296,3 мың теңгенің орнына 158,6 мың болып бекітілді.

2015 жылы 2,8 млрд теңгеден көп, бірақ 4,3 млрд теңгеден аспайтын субьектілер үшін  ММЖ мөлшері 8,1 млн теңгенің орнына 1 млн теңгені құраған.

Бұл тұста, ЖЖК мөлшері 10,3 млрд теңгеден асқан субьектілер ғана төлейтін ең жоғарғы ММЖ мөлшері бұрын 8,1 млн теңге болса, 2014 жылы ол 6 млн теңгеге дейін азайды.

2015 жылғы 26 қаңтарда өткен жұмыс кездесуінде Өңірлік кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтар (одақтар)  атынан қатысқан ҰКП съезінің делегаттары аталған нұсқаларды мақұлдаған соң, олар 2015 жылғы 27 қаңтарда болған ҰКП-ның екінші съезінде  талқыланды. Онда бекітілген нұсқаны таңдаудан бөлек, ММЖ төлеуден толықтай және ішінара босату критерийлері де анықталды.

Мысалы, егер компаниялар тобындағы бас компания бірнеше еншілес компаниялардың жалғыз қатысушысы болған жағдайда, онда барлық компаниялар тобы ММЖ төлеуден  50%-ға босатылады.

ММЖ төлеу мерзімдері

2014 жылы МТЖ төлеу мерзімі Заңға сәйкес, 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге бекітілген.

Заңмен енгізілген түзетулерге сәйкес, 2015 жылға бекітілген ММЖ төлеу мерзімдері келесідей: теңдей үлесте 2015 жылдың 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан қалмай төленуі керек.

Мысалы, 10-санаттағы 1-топтың субьектісі 2015 жылға 6 005 460 теңге көлемінде ММЖ төлейді. Яғни бұл соманы 2 001 820 теңге көлемінде теңдей бөліп, 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан қалмай үш траншпен төлейді.

БАҚ-та жарияланған ММЖ мөлшері

Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес сьезд белгілеген ММЖ мөлшерін ҰКП бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жыл сайын 1 шілдеге дейін жариялауы керек.

Мысалы, 2014 жылдың 29 қаңтарындағы ҰКП төралқасының №1 шешімімен  бекітілген 2014 жылға арналған ММЖ мөлшері республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 2014 жылғы 28 маусымындағы нөмірінде, сондай-ақ ҰКП ресми сайтының «Палата туралы» бөліміндегі «Құжаттар» бөлімшесінде жарияланған.

2015 жылдың 27 қаңтарындағы ҰКП сьезінің шешімдері (№2 Хаттама) республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 4 наурызындағы №42 санында және «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 4 наурызындағы №42 санында, сондай-ақ ҰКП ресми сайтының «Палата туралы» бөліміндегі «Құжаттар» бөлімшесінде жарияланған.

ММЖ салық салу

ҚР Салық кодексінің 229-бабына сәйкес, қосымша құн салығы салық салынатын айналымға салынады.

ҚР Салық кодексінің 230-бабына сәйкес, салық салынатын айналым дегеніміз қосымша құн салықтарын төлеушінің:

  1. Осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақтан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша;
  2. Қазақстан Республикасында қосымша құн салығын төлемейтін және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес тұлғадан жұмыстар, қызметтер сатып алу бойынша жүргізетін айналымы болып саналады.

Оған қоса, ҚР Салық кодексінің 231-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыстарды, қызметтерді сату жөніндегі айналым дегеніміз кез келген атқарылған жұмысты немесе көрсетілген қызметті, оның ішінде тауарды жеткізуден бөлек, сыйақы үшін атқарылатын кез келген қызмет дегенді білдіреді.

Заңның 1-бабына сәйкес ММЖ – бұл Заңға сәйкес бекітілген мөлшерде және тәртіпте ҰКП-да төленетін кәсіпкерлік субьектілерінің жыл сайынғы жарналары.

Яғни, ММЖ тек қана ҰКП-ға мүше болумен байланысты және тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сату үшін төленетін төлем емес.

Осылайша, ММЖ-ға қосымша құн салығы салынбайды.

ММЖ тіркеу

ҚР Салық кодексінің 100-бабы 14-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, салық төлеушінің ҰКП-ға Қазақстан Республикасында бекітілген міндетті мүшелік жарналардың шекті көлемінен аспайтын мөлшерде төлеген жеке кәсіпкерліктің мүшелік жарналары шегерілуі тиіс.

ҚР Салық кодексінің 100-бабы 2-тармағына сәйкес, шегерімдерді салық төлеуші жүзеге асырады. Бұл тұста оның қолында кіріс әкелетін қызметімен байланысты шығындарды растайтын құжаттар болуы тиіс.

ҚР Салық кодексінің 236-бабының 1-тармағына сәйкес шот-фактура қосымша құн салығын төлеушілердің барлығы үшін міндетті құжат болғандықтан, ММЖ төлеу кезінде салық салынатын айналымның болмауына байланысты ҰКП қабылданған ММЖ-ға шот-фактуралар жазып бермейді.

Оған қоса, ММЖ  тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сату үшін төленетін төлем емес болғандықтан, ҰКП орындалған жұмыстар, атқарылған қызметтер актін бермейді.

Осылайша,  төлеген ММЖ  шығындарын растау мақсатында Заң нормалары мен төлемге есептелген шоттар негізінде кәсіпкерлік субьектілері міндеттеме есептеулері қажет.

Кәсіпкерлік субъектілерінің ММЖ-ні төлеу дерегін, сонымен бірге, ҰКП-ның салыстыру актісімен де расталуы мүмкін.

ММЖ жұмсау және есептілік

Бүгінгі таңда қаржыландырудың жалғыз көзі болып саналатын ММЖ ҰКП-нің ҰКП-ның жарғылық қызметті жүзеге асыруға арналған жыл  сайынғы бекітілген бюджетіне сәйкес жұмсалады.

Заңның 19-бабы 3-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, Төралқа және ҰКП басқармасының есептерін бекіту ҰКП съезінің айрықша құзырына кіреді.

Сонымен бірге, Заңның 24-бабына сәйкес, ҰКП-ның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін жоғарғы басқару органы ҰКП-ның ревизиялық комиссиясын құрды (бұдан ары – ревизиялық комиссия). Оның мүшелерінің саны бестен кем  болмауы тиіс.

Ревизиялық комиссия мүшесі болып төралқа және басқарма басшылары мен мүшелері, сондай-ақ олардың жақын туыстары тағайындала алмайды.

Ревизиялық комиссия өз қызметін съезд мақұлдаған ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Серіктестер