«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Медициналық қызметтер департаменті

Оспанова Жанна Оспановна

Басқарушы директор - Департамент директоры

8 (7172) 91-93-62
zh.ospanova@atameken.kz

Қызмет көрсету саласы департаменті Қазақстан Респубикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент денсаулық сақтау, туризм және фармацевтика салаларындағы кәсіпкерлікті дамыту және өркендетуге қажет институционалды негіздің қалыптасуымен және аталған салалардағы түйткілді мәселелерді шешумен айналысады.

Департамент міндеттері:

1) денсаулық сақтау және туризм салаларындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін, қауымдастықтар (одақтар) мен кәсіпкерлік субъектілерінің біртұтас пікірін (ұстанымын) әзірлеу;

2) денсаулық сақтау және туризм салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, ұсыну арқылы ҰКП жұмысына қатысу;

3) денсаулық сақтау және туризм салаларындағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және қауымдастықтардың (одақ) мемлекеттік органдармен өзара тиімді жұмыс жасауына атсалысу;

4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және туризм салаларындағы кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету;   

5) денсаулық сақтау және туризм салаларындағы кәсіпкерлік мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы заңдарын жетілдіру процесіне қатысу; 

6) Қазақстан Республикасының заң актілері мен ҰКП-ның ішкі құжаттарында қарастырылған өзге де міндеттер.

Дамудың негізгі стратегиялық бағыттары:

I.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды – МӘМС енгізу.

II.  Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және денсаулық сақтау саласындағы жекешелендіруді дамыту (81-қадам).

III. Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді сатып алу ісін дамыту.

IV. Бірыңғай ЕАЭО нарығында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету.

V. Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту.

Серіктестер