«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті

Ербол Өстеміров

Басқарушы директор - Департамент директоры

8 (7172) 919-348
e.ustemirov@atameken.kz

Департаменттің негізгі функционалдық міндеттемелері: 

  1. Кәсіпкерлік субъектілері құқығы мен заңды мүдделерін таныту, қорғау бойынша ҰКП қызметіне қатысу;
  2. Кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) кәсіпкерлік субъектілері мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен тиімді әрекеттестігін ұйымдастыруға қатысу;
  3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін жағымды құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҰКП ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттер.

 

Департамент қызметінің негізгі бағыттары:

  • Кәсіпкерлердің түйткілді мәселелер тізілімін және оларды шешу картасын жүргізу;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингті іске асыру;
  • Түйткілдер мен міндеттерді шешуге қол жеткізу дәрежесін бағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық монитроингті даярлау және жүргізу;
  • Рұқсат ету құжаттары (процедуралары) мен хабарламаларды түгендеу жөніндегі жұмыс;
  • Нормативтік құқықтық актілердің реттеушілік әсеріне талдауды енгізу;
  • Нормативтік құқықтық актілер мен олардың жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен жекелеген салаларда әкімшілік кедергілерді төмендету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру;
  • Кәсіпкерлік субъектілері құқықтары мен заңды мүдделерін таныту, қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді әрекеттестігін ұйымдастыру;
  • Кәсіпкерлер құқықтары мен міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын жұмыс топтары мен сараптау кеңестері, орталық мемлекеттік органдар жанындағы алқалық консультативтік-кеңесу органдары жұмысына қатысу;
  • Кәсіпкерлік субъектілері мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және сараптауға қатысу;
  • Кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік көмек көрсету.

 

Серіктестер