«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Департаменттер

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Әлеуметтік бастамалар департаменті

Әбдікәрімова Салтанат Жақсылыққызы

Басқарушы директор - Департамент директоры

S.abdikarimova@atameken.kz

Әлеуметтік бастамалар департаменті (ары қарай – Департамент) «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі және Басқарманың жетекшілік етуші мүшесіне немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдық құрылымға сәйкес басқа өкілетті тұлғаға бағынады.

Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жыл 9 қазандағы № 194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы туралы» Жарлығын жүзеге асыру;

 - Ұлттык кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған  бастамаларын жүзеге асыру («Ұлы Дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын иелену байқауы, «Ұлы Дала елі» форумы, «Іскерлік кемелдік» халықаралық байқауы, «Іскер» арнайы сыйлығы және т.б.);

 - «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің жобаларын сүйемелдеу және өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға атсалысу;

- Қазақстанның көрме индустриясын дамыту және алға жылжытуға атсалысу;

- Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамаларын алға жылжыту және жүзеге асыру мақсатында халықаралық ұйымдар және даму институттармен ынтымақтасу.

 

Серіктестер