«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Almaty Invest – 2018»

29 Қараша 2018 - 26 Қараша 2018

2018 жылдың 29 қарашасы Алматы қаласында «Almaty Invest-2018» 

VI Халықаралық инвестициялық және инновациялық форумы өтеді.

Форум жыл сайын өзінің алаңында беделді саясаткерлерді, әлемдік және Отандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық корпорацияларды, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда шамамен 500 жуық жоғары шенді қатысушыларды жинайды.

Форумның негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің    2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыруға негізделген келешек экономикасын құру болып табылады. Іс-шара Алматы қаласы әкімінің сөзімен бастауын алады.  Кейінірек, форум әлемдік және Отандық спикерлердің пікірталасымен, соның ішінде «Атамекен» ҰКП төрағасы Мырзахметов Аблай Исабекұлының қатысуымен,  жалғасын табады.  Пікірталастың негізгі тақырыптары Алматы қаласының өсу драйверлеріне, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын (ИТП АЭА) дамытуға, медициналық туризмнің әлеуетін дамытуға, франчайзингті дамытуға арналады. Сондай-ақ, форум кезінде инвесторлар үшін негізгі инвестициялық жобалардың тұсаукесері мен шеберлік-сабақтары өтеді. Қосымша форумға қатысушылар Almaty innovation festival шеңберінде форум кезінде өтетін инновациялық жобалардың көрмесімен және Kazfranch франчайзинг жобаларының жәрмеңкесімен таныса алады.

Осыған байланысты Сізді қонақ ретінде шақырамыз.

Сіздің жеке қатысуыңыз күн тәртібін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдіміз.

Форумның ұйымдастыру комитеті (тел.: +77010344560; e-mail: almatyinvest2018@media-agency.kz) барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және Сіздің қатысуыңызды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Форумға қатысу үшін www.almatyinvestforum.kz сайты бойынша тіркелу қажет.

Серіктестер