astana-view

Бизнесмендерге зияткерлік меншік мәселелері түсіндірілді

2014 жылғы 08 Қыркүйек
3611 просмотров

 

Астанадағы ҚР ҰКП Орталық кеңсесінің қызметкерлері Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері мен кәсіпкерлерге арнап бейнеконференция форматында шағын және орта кәсіпорындар үшін зияткерлік меншік бойынша екі күндік семинар өткізді.

Іс-шараны ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК бірлесіп Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (Женева) қолдауымен ұйымдастырылды.

Бейнесеминар жұмысына халықаралық ұйымның, Ұлттық экономика министрлігінің, Шотландияның Лауазымды тұлғаларды лицензиялау ұйымының өкілдері және ҚР ҰКП қызметкерлері қатысты.

Спикер ретінде Шотландияның Лауазымды тұлғаларды лицензиялау ұйымының төрағасы Стивен Робертсон мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Өтпелі және дамыған экономикалы елдер департаментінің Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері Секциясының консультанты Евгений Сесицкий шақырылды.

«Шағын және орта бизнес мәселелері маңызды болып табылады және бүгінде жоғары мемлекеттік деңгейде қарастырылуда. Мемлекеттік шағын және орта бизнесті дамыту саясаты ұлттық экономика жүйесінде оңтайлы құылымды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатыстының барлығы, жартылай, жанама немесе тікелей болсын, зияткерлік меншік мәселелеріне қатысты, сондықтан да бұл семинар – Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге бұл мәселелерді жаңаша талқылауға арналған бастау алаңы», - деді семинарға қатысушыларға ҚР ӘМ ЗМК төрағасы Абзал Естаев.

Семинарға қатысушылар шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясат туралы, Қазақстандағы зияткерлік меншікті қолдануда шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін нығайту бойынша нұсқаулықтар дайындау бойынша ақпарат алды.

Сонымен қатар Қазақстандағы ЗМ саласындағы шағын және орта кәсіпорындар алдында тұрған заманауи міндеттер де талқыға түсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер