astana-view

Ауыл шаруашылық кооперативтері өндірістік кооперативтер болып қайта құрылады

2014 жылғы 12 Қыркүйек
7460 просмотров

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Ауыл шаруашылық кооперациялары туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл заң жобасына сәйкес ауыл шаруашылық кооперативтері кірісті бөлудің сәйкес мүмкіндігі бар өндірістік кооперативтер ретінде орын алмақшы.

Осыған орай, ҚР ҰКП АӨК Комитеті Хатшылығының Хатшысы Мырзахмет Өксікбаев хабарлағандай, бүгінде қолданылып жүрген «Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперациясы туралы», «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы», «Ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативі туралы» заңдар күшін жоятын болады.

«Алайды бүгінгі таңда әрекет ететін ауылдық тұтыну кооперативтері, ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері, ауыл шаруашылық серіктестіктері шамамен 1 жылдай, өтпелі кезең бойында әрекет ете алады. Осыдан соң олардың қайта тіркелу немесе қайта ұйымдастырылу процедурасынан өтуіне тура келеді», - деп түсіндірді ҚР ҰКП АӨК Комитеті Хатшылығының басшысы.

Сонымен біре, ҰКП сарапшыларының ойынша, өкілетті органда даму стратегиясын және қажет болған жағдайда – бағамды түзетуді қамтамасыз ететін кооперативтік қозғалысқа жетекшілік жасаушы сәйкес құрылым болуға тиіс.

Барынша әсерлі және талап етілетін заңды жасау мақсатында ҰКП бейіндік Хатшылығы мүдделі тұлғаларды осы заң жобасын талқылауға қатысуға және өз ұсыныстарын енгізуге шақырады.

Заңның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер