astana-view

Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысының 10 қыркүйекке дейінгі ахуалы

2014 жылғы 16 Қыркүйек
3857 просмотров

 

2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі ахуалы бойынша 43 нысан сатылған, оның ішінде 1 нысан республикалық меншік, 16 коммуналдық меншік және 26 нысан мемлекеттік холдингтер мен ӘКК меншігі.

Сатылғандар ішінде 16 нысан байқау негізінде өткізілген (9-ы аукционда, 7 тендерде); 27 нысан ЖШС қатысушылары басымдылықты сатып алу құқығы бойынша алған. 

Сауда-саттық қорытындылары бойынша республикалық бюджетке 12 млн.теңге, областық бюджетке –154 млн.теңгеден астам сома, холдингтерге 921 млн.теңге, және де ӘКК-ге 251 млн.теңге көлеміндегі қаржы түскен. Өткізудің жалпы сомасы шамамен 1 339 млн.теңгені құраған.

Байқау негізінде сатылған 16 нысанның ішінен 8 нысан Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz порталы арқылы электронды форматта сатылған. Дәстүрлі «қағаз» түріндегісімен бірге сауда-саттықтың бұл түрін Мемлекеттік холдингтер мен ӘКК де қолданады.  

Жүргізілген сауда-саттық талдауы нысандарды 23 жеке тұлға, 17 заңды тұлға, 1 резидент емес тұлға және 2 жеке кәсіпкер сатып алғанын көрсетіп отыр.

Сатылған нысандар, негізінде, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласынан (сәйкесінше 14 және 10); өнеркәсіптік кәсіпорындар – 7 нысан («ТМО «Батыс» ЖШС, «Ремсервис СК» ЖШС, «Полиметалл Ақтөбе» ЖШС, «Caspiy Salt» ЖШС, «Құрғақ пенобетон қоспаларының зауыты» ЖШС) және т.б.

Сату нысандары мен сауда-саттық нәтижелері туралы толық ақпарат www.gosreestr.kz веб-порталында орналастырылады. Мұнда сонымен бірге «100 сұрақ және 100 жауап» мерзімдік басылымы шығып тұратын «Жолданымдар (жүгінулер) кітабы» жасақталған.

Сонымен қатар, «жедел желі» ашылған, call-орталық телефоны -  552 981. Android үшін «e-auction.kz» мобильдік қосымшасы пайдалануға берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер