astana-view

Қазақстанда Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы жыл соңына дейін қабылданбақшы

2014 жылғы 18 Қыркүйек
4198 просмотров

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев осылай хабарлады.

Оның сөзіне сүйенсек, Тұжырымдама жобасын қазір Ұлттық палата жасап аяқтауда. «Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы жыл соңына дейін қабылданатын болады. Бұл маңызы жөнінен ТМД-ға үлгі боларлық құжат. Біздің ойымызша, ынтымақтастықтың жалғыз құралы тұрақты шешімдер қабылдауға көмектесетін, әлеуметтік ауан жасайтын және кәсіпорында да, жалпы қоғамда да тұрақтылық орнататын тиімді әлеуметтік сұхбат болып табылады», - деп түсінік беріп кетті Нұржан Әлтаев.

Бизнестің ұлттық корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасында жазылатын нормалардың бірі ұжымдық шарттардың ірі кәсіпорындарда ғана емес, орташаларында да жасалуға тиістігі болып табылады. 

Нұржан Әлтаев айтып кеткендей, Ұлттық палата бизнес-климатты жақсарту бойынша шараларға жәрдемдесу жағынан жемісті жұмыстар атқарды: бүгінгі таңда әкімшілік кедергілер айтарлықтай азайған, рұқсат беру жүйесі реформаландырылды, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі жетілдірілді. Сонымен бірге ол бүгінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша жұмыс берушілер ортасында өзгерістердің байқалатынын атап өтті.

Сонымен қатар соңғы жылдары Қазақстанда жұмыс берушілер мен кәсіподақтар қарым-қатынасы сипаты серпінмен дамуда. Сонымен, «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заң және кәсіподақтар туралы жаңа Заң қабылданды. Бұл заңдар, негізінде, жұмыс берушілердің де, кәсіподақтардың да әлеуметтік-еңбек қатынастарына ықпалының өсуіне жаңа алғышарттар жасады.

Меморандумға қол қою Палатаның күшті әлеуметтік серіктес болу және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша ықпалды және шынайы шаралар қабылдау ниетіне растама қызметін атқарады.

«Егер біз Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясымен күш біріктірер болсақ, онда елімізде еңбек қақтығыстарының саны кеміп, кәсіпорындардағы жұмыскерлер әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым қорғала түседі, деп ойлауға болады», - деген сенімде ҰКП басшысының орынбасары. Сонымен бірге ол әлеуметтік еңбек проблемалары мен қақтығыстардың білікті сарапшылар мен тәжірибелі мамандар көмегімен шешілетіндігін атап өтті.

Сонымен қатар әлеуметтік серіктестік бойынша салалық және өңірлік комиссиялар жұмысын белсендіру, әлеуметтік-еңбек саласындағы проблемалы мәселелерді талқылауға шығару жоспарда бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер