astana-view

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі отырысының қорытындылары жарияланды

2014 жылғы 14 Қазан
3877 просмотров

9 қазанда Минскіде КО және БЭК елдеріне қатысушы елдердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында сауда, техникалық реттеу және өнеркәсіп саласындағы бірқатар мәселелер қаралды. Соның ішінде, ЕЭК Кеңесі, «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымымен анықталғандай, моторлы көлік құралдары өндірісін жүзеге асырушы Заңды тұлғалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін мақұлдады. Осылайша, Тізілімде заңды тұлғалардың және оның моторлы көлік құралдары үлгілерінің болуы олардың жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігін және мұндай үлгілердің КО және БЭК аумағында еркін айналым жасай алатынын білдіреді.

Сауда саласында Сезімтал тауарлар тізбесіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды, оларға қатысты ЕЭК Кеңесі әкелінетін кеден бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім қабылдаған еді. Осылайша, бұрыннан бар тізбе «Минералды отын, мұнай және оларды айыру өнімдері; битуминозды заттар; минералды балауыздар», «Пластмассалар және олардан алынатын бұйымдар», «Ядролық реакторлар, қазандар, жабдық және механикалық құрылғылар; олардың бөлшектері», «Темір жол немесе трамвай қозғалмалы составынан басқа жер көлік құралдары, және олардың бөлшектері мен керек-жарақтары» топтарынан кейбір тауарлармен толықтырылды.

ЕЭК Кеңесі сонымен бірге «Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №318 Шешімімен бекітілген Кеден одағы кедендік аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы Ережеге бірқатар түзетулер енгізді. Өзгертулер тәжірибеге КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымындағы №317 Шешімімен бекітілген Кеден одағы аумағында және Кеден одағы кедендік шекарасында Ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы Ережеге түзетулердің, сондай-ақ бірыңғай мөртабандар пішіндерін және Карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) актісін қолдануды енгізеді.

Сонымен қатар, Минскіде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында дәрі-дәрмектердің және медициналық бұйымдардың айналымының бірыңғай қағидалары мен ережелерін орнататын халықаралық Шарттар мақұлданды. Осылайша, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет жасай бастайды.

Сонымен қатар ЕЭК Кеңесі Отырысының барысында Қырғыз Республикасының Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы бойынша Іс-шаралар жоспары («жол картасы») бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер