astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы авиамонополистер қызметін бәсекелес ортаға шығару туралы ұсыныс айтпақшы

2014 жылғы 15 Қазан
3134 просмотров

«Азаматтық авиация, телекоммуникациялар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарықтары субъектілерінің қызметтерін бәсекелес ортаға шығарудағы негізгі проблемалар және оларды шешу бойынша ұсыныстар» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» Отырысы ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Жаннат Ертілесованың төрағалығымен өтті. Сарапшылардың салаға тән мәселелерді қарау төңірегіндегі мұндай кездесуі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында алғаш рет өтіп отыр.

Пікірталасқа SCAT, Air Astana авикомпанияларының, сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК, Астана, Алматы және Қарағанды әуежайларының өкілдері, сонымен бірге өкілетті мемлекеттік органдар басшылары қатысты. Олар саладағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Қазақстандық әуе компаниялары мен әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру қажеттігі тұрғысында қатысушылардың пікірлері бір жерден шықты. Пікірталас қорытындысы бойынша мына шешімдер қабылданды. 

ҚР ҰКП бір айдың ішінде Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік бағалау реттеуінен әуежай әрекеті қызметтерін – ондағы жекелеген қызмет түрлерін де, басым (монополиялы) орындағыларды да, әуенавигациялық қызметтерді, сондай-ақ әуетасымалдау бойынша қызметтерді шығару туралы ұсыныстар енгізеді. Сонымен қатар ҰКП Инвестициялар және даму министрлігіне азаматтық авиация саласындағы үкіметаралық келісімдерді ырықтандыру туралы, халықаралық әуетасымалдары желісін дамытуда әрекеттегі әуе бағыттарын қайта бөлудің байқаулық жүйесін болдырмау туралы; бәсекелестікті дамытудағы «ашық аспан» қағидасын кезең-кезеңмен енгізу туралы ұсыныстар енгізбекші. Желтоқсан айына азаматтық авиация саласындағы реттелетін қызметтер мен басым қызметтер тізбесін талқылау бойынша жиналыс өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, ірі мұнай компанияларының авиаЖЖМ жеткізу нарығына кіруі үшін шектеулерді алып тастау туралы ұсыныстарды даярлау бойынша жұмыс тобының («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, авиакомпаниялар және әуежайлар қатысуымен) аясында қызмет жалғасын табатын болады.

ҰКП сұхбат алаңының аясында ұқсас форматтағы телекоммуникациялар саласына қатысты мәселелерді талқылау 2014 жылғы 4 қарашада өтеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер