astana-view

Испания Қазақстанның сауда базарларын жетілдіруде көмек беруге дайын

2014 жылғы 16 Қазан
4113 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Ауыл шаруашылық, азық-түлік және қоршаған орта министрлігінің жанында жұмыс жасайтын және көтерме және бөлшек сауданы ұйымдастыруға мамандандырылған испан мемлекеттік «Mercasа» компаниясының тұсау кесері өттіҚазақстандық сала мамандарының испандық әріптестерімен кездесуін ҚР ҰКП Сауда комитетінің Хатшылығы ұйымдастырды. Кездесуге ҰКП тамақ өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені комитеттері хатшылықтарының, Сауда кәсіпорындары қауымдастықтарының өкілдері, сонымен қатар еліміздегі ірі сауда кәсіпорындарының басшылары қатысты.   

«Mercasа» Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Andrés de Pando Asensi компанияның мамандануы жайлы сөз ете келіп, оның тәжірибесімен бөлісті: «Mercasа» компаниясын құрудағы мақсат орталық көтерме базарларды салу және жабдықтау, салынған және жабдықталған нысандарды пайдалану, сондай-ақ тамақ өнімдерінің сауда-саттық циклын жақсарту. Өңірлік муниципалитеттермен өзара әрекеттестікте компаниямыз бөлуші көтерме кешендердің жалпы ұлттық желісін дамыту және басқару үшін жауап береді және Испанияның барлық аумағында логистикалық қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар біз Шығыс Еуропа, Ресей, Латын Америкасы және Африка елдерінде азық-түлік орталықтары мен логистикалық желілер, агроөнеркәсіптік парктер құру жобаларына белсене ат салысамыз. Біз Қазақстанмен ынтымақтастыққа сеніп отырмыз. Қазіргі таңда компаниямыз Қазақстанға тәжірибе енгізу үшін мемлекеттік органдармен, соның ішінде Ауыл шаруашылық министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен келіссөздер жүргізуде».

Оның айтуынша, «Mercasa» есебінде шамамен 200 бөлшек сауданы жетілдіру, сондай-ақ халықтың қолжетімді бағамен жоғары сапалы жаңа өнімге кепілдікті қол жеткізуін қамтамасыз етуші көтерме азық-түлік базарлары желісін құру тұр. Испанияда нарықтық үлесі жылдам бүлінетін өнімді тұтынудың жалпы көлемінен 48% дейінгі мөлшерді құрайтын сауда қызметтерінің кең аясын ұсынушы 1 300 астам муниципалдық базар қызмет жасайды. Бұл базарларда 280 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ететін шамамен 80 мың сауда нүктесі бар.

ҚР ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева бұрыннан келе жатқан көтерме және бөлшек сауда базарларын жетілдіру мен сауда инфрақұрылымын дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін атап өтіп, отандық кәсіпкерлердің испандық тәжірибені қарауын сұрап, жүгінді. Сәйкес тапсырманы 6 тамызда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы бергендігін естеріңізге сала кетейік.

Осыған ұқсас келесі кездесу 2015 жылдың бірінші  жартысында өткізіледі, деп күтілуде. Онда қазақстандық және испандық тарап ынтымақтастығының аралық қорытындылары шығарылады деген болжам бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер