astana-view

Бизнес-қоғамдастық өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін енгізу мерзімінің ауыстырылғанын құптайды

2014 жылғы 14 Қараша
3366 просмотров

ҚР Алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығы өндірушінің кеңейтілген жуапкешілігін енгізуге қатысты бизнестің ұстанымын қорғап шыққаны үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді. Екі саладағы осы қағидатты енгізу мерзімінің ауыстырылғанын естеріңізге сала кетейік.  

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын осы заң жобасына ұсыныстарды әзірлеуде көрсеткен жәрдемі үшін алғыс айтқымыз келеді. Мемлекеттік органдардың қысымына қарамастан, әлеуметтік болып табылса да, сонымен қатар мәні жағынан бұған қайшы келетін мәселе бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұстанымы қабыл алынғанын айта кету керек. ҚР Энергетика министрлігімен бірлескен күш салу нәтижесінде 2018 жылға дейін ӨКЖ енгізуді кейінге қалдыру шешімі қабылданды, сондай-ақ ӨКЖ жүзеге асыру механизмдерін әзірлеуде бизнес-қоғамдастықты міндетті тарту жөнінен келісімге қол жеткізілді», – деп алғысын айтты Қауымдастықтың атқарушы директоры Әлия Мамытбаева. Ол сонымен қатар ҚР ҰКП Жаңа технологиялар комитеті Хатшылығы хатшысының міндетін атқарушы Жан-төре Аязбаевтың белсенді позициясын атап өтті.

Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшу бойынша әзірленіп жатқан заң жобасына түзетуді 2015 жылы енгізу жоспарланған болатын. Әлия Мамытбаеваның айтуынша, заң жобасын әзірлеушілер ұсынған механизмде кемшіліктер баршылық. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер